Makita DHS900ZU - Инструкция по эксплуатации - Страница 57

Пилы дисковые Makita DHS900ZU - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.

Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.

"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.
Страница:
/ 64
Загружаем инструкцию
background image

57 ҚАЗАҚША

Шаң жүретін мойын бұрышын 

реттеу

Шаң жүретін мойын бұрышын шаң жүретін мойынды 

айналдыру арқылы реттеуге болады.

Құралды шаңсорғышты қоспай пайдаланғанда, 

операторға үгінділердің ұшуын болдырмау үшін, шаң 

жүретін мойынды төмен түсіріңіз.

Құралды қосулы шаңсорғышпен пайдаланғанда, 

шаңсорғыш шлангісінің өңделетін бөлшекке немесе 

шынжырлы ара шинасына түсіп кетпеуі үшін шаң 

жүретін мойынды жоғары көтеріңіз.

► 

Сурет27:

    

1.

 Шаң жүретін мойын

ПАЙДАЛАНУ

Бұл құрал ағаш өнімдерін кесуге арналған. Makita 

компаниясының түпнұсқа дискілі ара жүздерімен 

келесі материалдарды кесуге болады:
• 

Алюминий өнімдері

• 

Минералды пластик

Кесілетін материал үшін пайдаланылатын тиісті 

дискілі ара жүздері бойынша мәліметтер үшін Makita 

компаниясының дилеріне хабарласыңыз немесе 

веб-сайтына кіріңіз.
Шынжырлы ара шинасын пайдаланған кезде 

құралды төмен жақтағы табансыз пайдалануға 

болмайды.

САҚ БОЛЫҢЫЗ:

 

Пластик материалдарды 

кескенде, жүз ұшының қызып кетуіне 

байланысты олардың еруіне жол бермеңіз. 

Жүз сақтандырғышының 

жұмысын тексеру

Көлбеу кесу бұрышын 0°-қа орнатып, төменгі 

сақтандырғышты ұшына қарай қолмен тартып, 

босатыңыз. Төменгі сақтандырғыш келесі 

жағдайларда дұрыс жұмыс істейді:
—  табанның жоғарғы жағына еш кедергісіз 

тартылған;

—  тоқтатқышқа автоматты түрде қайтарылып, 

жанасады.

► 

Сурет28:

    

1.

 Жоғарғы сақтандырғыш 

2.

 Төменгі 

сақтандырғыш 

3.

 Табан 

4.

 Тоқтатқыш 

5.

 Ашу 

6.

 Жабу

Егер төменгі сақтандырғыш дұрыс жұмыс істемей 

тұрса, аралау әсерінен туындаған шаң жоғарғы және 

төменгі сақтандырғышқа жиналып қалмағанына 

көз жеткізіңіз. Егер төменгі сақтандырғыш шаңды 

кетіргеннен кейін де дұрыс жұмыс істемей тұрса, 

құралыңызды Makita қызмет көрсету орталығында 

жөндетіңіз.

Кесу жұмысы

САҚ БОЛЫҢЫЗ:

 

Кесу жұмысын 

орындағанда, шаңнан қорғайтын маска киіңіз.

САҚ БОЛЫҢЫЗ:

 

Құралды түзу сызық 

бойымен алға қарай ақырын жылжытыңыз.

 

Құралға күш түсіру немесе оны бұру мотордың 

шектен тыс қызып кетуіне және қауіпті кері соққыға 

әкеледі, бұл ауыр жарақат алуға себеп болуы 

мүмкін.

ЕСКЕРТПЕ:

 Аккумулятор картирджінің 

температурасы төмен болғанда, құрал 

толық қуатында жұмыс істей алмауы мүмкін. 

Осы уақытта аккумулятор картриджі бөлме 

температурасына дейін жылығанша құралды 

біршама уақыт мәселен, жеңіл кесу жұмыстарына 

пайдаланыңыз. Содан кейін құрал толық қуатында 

жұмыс істей алады.

► 

Сурет29

Құралды мықтап ұстаңыз. Құралдың алдыңғы 

тұтқасы да, артқы сабы да бар. Құралды жақсылап 

ұстау үшін екеуін де пайдаланыңыз. Егер араны 

екі қолыңызбен де ұстап тұрсаңыз, қолдарыңызды 

дискілі ара жүзімен кесіп алу қаупі болмайды. 

Табанды кесілетін өңдеу бөлшегіне дискілі жүзі 

жанаспайтындай орнатыңыз. Содан кейін құралды 

қосып, дискілі ара жүзі толық жылдамдыққа 

жеткенше күтіңіз. Енді құралды өңдеу бөлшегі 

үстімен тегіс әрі бірқалыпты жылжыту арқылы 

аралау аяқталғанша жай ғана алға қарай 

қозғалтыңыз.

Кесу жұмысын таза орындау үшін кесу сызығын 

түзу ұстаңыз және бірқалыпты жылдамдықта 

жылжытыңыз. Егер кесу барысында алдын ала 

белгіленген кесу бағыты сақталмаса, құралды кесу 

сызығына қайта жылжыту үшін оны бұруға немесе 

күш түсіруге әрекеттенбеңіз. Бұл әрекеттерді 

орындау дискілі ара жүзін майыстырып, ықтимал 

ауыр жарақат пен қауіпті кері соққыға әкеліп соғуы 

мүмкін. Ауыстырып-қосқышты босатып, дискілі ара 

жүзі тоқтағанға дейін күтіңіз де, құралды шығарып 

алыңыз. Құралды жаңа кесу сызығына туралап, 

кесуді қайта бастаңыз. Операторға арадан ұшатын 

ағаш үгінділері мен жоңқалар тиетіндей жерде 

тұрмауға тырысыңыз. Жарақаттан қорғану үшін 

қорғаныс көзілдірігін пайдаланыңыз.

ЕСКЕРТПЕ:

 Қиғаш бұрышпен кесу жұмысын және 

т.б. орындаған кезде, кейде төменгі сақтандырғыш 

оңай қозғала алмайды. Осындай кезде кесуді 

бастау мақсатында төменгі сақтандырғышты 

көтеру үшін тартылатын тұтқаны пайдаланыңыз 

және құрал жүзі материалға тигенде, тартылатын 

тұтқаны босатыңыз.

► 

Сурет30:

    

1.

 Тартылатын тұтқа

Характеристики

Оцените статью
tehnopanorama.ru
Остались вопросы?

Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)

Задать вопрос

Часто задаваемые вопросы
Как посмотреть инструкцию к Makita DHS900ZU?
Необходимо подождать полной загрузки инструкции в сером окне на данной странице
Руководство на русском языке?
Все наши руководства представлены на русском языке или схематично, поэтому вы без труда сможете разобраться с вашей моделью
Как скопировать текст из PDF?
Чтобы скопировать текст со страницы инструкции воспользуйтесь вкладкой "HTML"