Makita DHS900ZU - Инструкция по эксплуатации - Страница 49

Пилы дисковые Makita DHS900ZU - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.

Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.

"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.
Страница:
/ 64
Загружаем инструкцию
background image

49 ҚАЗАҚША

6. 

Кесу құралдары өткір және таза болуы 

керек.

 Кескіш жиектері өткір кесу құралдарын 

дұрыс пайдалансаңыз, олар тұрып қалмайды 

және басқаруға оңай.

7. 

Электрлік құралды, керек-жарақтарды және 

қондырмаларды, т.б. жұмыс жағдайы мен 

орындалатын жұмысты ескере отырып, 

осы нұсқауларға сәйкес пайдаланыңыз.

 

Электрлік құралды басқа мақсатта пайдаланған 

жағдайда, қауіпті жағдай туындауы мүмкін.

8. 

Тұтқалардың және жұмыс орындалатын 

беттердің құрғақ, таза және майлы 

болмауын қамтамасыз етіңіз.

 Тұтқалар және 

қолмен ұстайтын беттер тайғақ болса, күтпеген 

жағдай орын алғанда, құралды пайдалану және 

оған ие болу мүмкін болмайды.

9. 

Электрлік құралды пайдаланған кезде, 

ішіне тартылу матадан жасалған қорғаныс 

қолғабын кимеңіз.

 Матадан жасалған 

қорғаныс қолғаптары қозғалмалы бөлшектерге 

ілініп қалса, жарақаттауы мүмкін.

Аккумулятормен жұмыс істейтін құралды 

пайдалану және күтім жасау

1. 

Тек өндіруші көрсеткен зарядтау 

құрылғысымен зарядтаңыз.

 Бір аккумулятор 

блогына сәйкес келетін зарядтау құрылғысын 

басқа аккумулятор блогымен пайдалану өрт 

қаупін тудыруы мүмкін.

2. 

Электрлік құралдарды тек көрсетілген 

аккумулятор блоктарымен пайдаланыңыз.

 

Кез келген басқа аккумулятор блоктарын 

пайдалану жарақат алу мен өрт шығу қапуін 

тудыруы мүмкін.

3. 

Аккумулятор блогын пайдаланбаған кезде, 

оны қағаз қыстырғыштар, тиындар, кілттер, 

шегелер, бұрандалар сияқты металл заттар мен 

бір клеммадан екіншісіне қосылыс жасау мүмкін 

басқа шағын металл заттардан аулақ ұстаңыз.

 

Аккумулятор клеммаларының қысқа тұйықталуы 

күйік шалуға немесе өртке әкеп соғуы мүмкін.

4. 

Дұрыс пайдаланбаған кезде аккумулятордан 

сұйықтық ағуы мүмкін; оған тимеуге 

тырысыңыз. Егер абайсызда тиіп кетсеңіз, сумен 

шайыңыз. Егер сұйықтық көзге тиген болса, 

медициналық көмекке жүгініңіз.

 Аккумулятордан 

шыққан сұйықтық тітіркену немесе күйікке себеп 

болуы мүмкін.

5. 

Зақымдалған немесе өзгертілген 

аккумулятор блогын пайдаланбаңыз.

 

Зақымдалған немесе өзгертілген 

аккумуляторлардан нәтижесінде өрт, жарылыс 

немесе жарақат алу қаупіне әкелетін күтпеген 

жағдайлар туындауы мүмкін.

6. 

Аккумулятор блогын немесе құралды от 

немесе шамадан тыс жоғары температура 

шығаратын заттың жанына қоймаңыз.

 Отқа 

түссе немесе температура 130 °C-тан жоғары 

болса, жарылуы мүмкін.

7. 

Зарядтауға қатысты нұсқаулардың барлығын 

орындаңыз және аккумулятор блогын немесе 

құралды нұсқауларда көрсетілген температура 

ауқымынан тыс зарядтамаңыз.

 Дұрыс 

зарядтамалмаса немесе көрсетілген ауқымнан 

тыс температурада зарядталса, аккумулятор 

зақымдалуы және өрт шығу қаупі артуы мүмкін.

Қызмет көрсету

1. 

Электрлік құралға қызмет көрсетуді тек қаа жөндеу 

бойынша білікті аман тиісті қосалқы бөлшектерді 

пайдаланып жүзеге асыруы қажет.

 Бұл электрлік 

құралдың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

2. 

Зақымдалған аккумулятор блоктарына 

қызмет көрсетуге болмайды.

 Аккумулятор 

блоктарына қызмет көрсетуді өндіруші немесе 

өкілетті қызмет маманы орындауы тиіс.

3. 

Керек-жарақтарды майлау және ауыстыру 

нұсқауын орындаңыз.

Аккумуляторлы дискілі ара 

қауіпсіздігі бойынша ескертулер

Кесу процедуралары

1. 

ҚАУІПТІ: Қолыңызды кесу аймағына және 

ара жүзіне жақындатпаңыз. Екінші қолыңызбен 

қосымша тұтқаны немесе мотор корпусын 

ұстаңыз.

 Араны екі қолыңызбен ұстап тұрсаңыз, 

оларды ара жүзі кесіп кетпейді.

2. 

Өңделетін бөлшектің астыңғы жағына 

жақындамаңыз.

 Сақтандырғыш өңделетін 

бөлшектің астындағы жүзден қорғамайды.

3. 

Кесу тереңдігін өңделетін бөлшектің 

қалыңдығына сәйкес реттеңіз.

 Ара жүзі өңделетін 

бөлшектің төменгі жағынан тістерінің жартысындай 

ұзындықта ғана көрініп тұруы тиіс.

4. 

Кесу кезінде өңделетін бөлшекті ешқашан қолмен 

немесе аяқтарыңыздың арасында ұстамаңыз. 

Өңделетін бөлшекті орнықты платформаға 

бекітіңіз.

 Денеге әсерін азайту және жүздің кептеліп 

қалуын не құралды игере алмай қалуды болдырмау 

үшін өңделетін бөлшекті дұрыс бекітіп тіреу маңызды.

► 

Сурет1

5. 

Жұмыс істеп жатқанда кескіш құрал 

жасырын сымға тиіп кетуі мүмкін болса, 

электр құралын оқшауланған арнайы 

қысқыштармен ұстаңыз.

 Кернеулі сымға 

тиіп кеткен жағдайда электр құралының ашық 

металл бөліктерінде кернеу пайда болады, 

нәтижесінде операторды ток соғуы мүмкін.

6. 

Ағашты бойлай кесу кезінде әрдайым 

бағыттаушы тақтайшаны немесе жиектік 

тік бағыттауышты пайдаланыңыз.

 Бұл кесу 

дәлдігін арттырады және ара жүзінің кептеліп 

қалу ықтималдығын азайтады.

7. 

Әрдайым білік саңылауларының өлшемі мен 

пішіні (алмаз немесе дөңгелек пішінді) сәйкес 

жүздерді пайдаланыңыз.

 Араның бекіткіш 

жабдықтарына сәйкес келмейтін жүздер құрал 

ортасынан шығып, басқаруды жоғалтуға әкелуі мүмкін.

8. 

Ара жүзінің зақымдалған немесе сәйкес 

келмейтін шайбаларын немесе болтын 

ешқашан пайдаланбаңыз.

 Жүз шайбалары 

және болты араның оңтайлы және қауіпсіз 

жұмыс істеуі үшін арнайы жасалған.

Кері соққы себептері және оған қатысты ескертулер

—  кері соққы – ара жүзінің ілініп, қысылып 

қалуының немесе қиғаш кесуінің әсерінен 

кенеттен туындайтын реакция, нәтижесінде 

басқарудан шығып кеткен ара өңделетін 

бөлшектен көтеріліп, операторға қарай 

бағытталады;

Характеристики

Оцените статью
tehnopanorama.ru
Остались вопросы?

Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)

Задать вопрос

Часто задаваемые вопросы
Как посмотреть инструкцию к Makita DHS900ZU?
Необходимо подождать полной загрузки инструкции в сером окне на данной странице
Руководство на русском языке?
Все наши руководства представлены на русском языке или схематично, поэтому вы без труда сможете разобраться с вашей моделью
Как скопировать текст из PDF?
Чтобы скопировать текст со страницы инструкции воспользуйтесь вкладкой "HTML"