Мясорубки Polaris PMG 2078 RUS - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

22
11.
ТҰРМЫСТЫҚ ЭЛЕКТРЛІК ҚҰРЫЛҒЫЛАРМЕН ПАЙДАЛАНУ БАРЫСЫНДАҒЫ
ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР
Бұл тұрмыстық электрлік еттартқыш құрылғы тек қана үйде, тұрмыстық мақсатта пайдаланылуы тиіс.
Бұл электрлік еттартқыш құрылығыны комерциялық аумақта жоғары жұмыс қарқындылығында ұзақ
уақыт бойы пайдалану, құрылғының шамадан тыс жүктелуiне алып келуі мүмкін, сонымен бірге
еттартқыш құрылғыны шамадан артық ауыр жүктемеде қолданылуы, оның жұмыс істеу мерзімін
азайтып, істен шығуына немесе зақымдалуына әкеледі, сондай-ақ, пайдаланушының және оның
айналасындағы адамдардың өмірі мен денсаулығына нұқсан келтіруіне әкеп соғуы мүмкін.
Бұл электрлік еттартқыш құрылғы осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың ережелеріне сәйкес тек
мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс.
Әр жолы еттартқыш құрылғыны іске қоспас бұрын, оны қарап шығыңыз. Құрылғының және оның
электр желілік баусымның қандай да бір ақаулығы анықталған жағдайда, құрылғыны ешбір жағдайда
электр желіге, ашалы розеткаға қосуға мүлдем болмайды.
Еттартқыш құрылғы еденге не жерге құлаған жағдайда, оның көзге анық көрінетін қандай да бір
ақаулығы (зақымдауы) байқалған кезде, құрылғыны қолданбаңыз.
Егер Сіз құрылғының жұмыс жасау мүмкіндігіне және оның жұмыс қабілеттілігі жөнінде күмән
келтірсеңіз, құрылғыны пайдаланбаңыз.
Аталған құрылғыны қолдануға қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап беретін тұлғаның нұсқаулығы
жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған кездерді есепке алмағанда, кембағал, сезім мүкістігі
бар немесе ақыл-есі кем, сондай-ақ, құрылғыны қолдану білімі мен тәжірибесі жоқ не қолдана
білмейтін адамдар немесе жүйке жүйесінде немесе психикалық, физикалық ауытқулары бар
тұлғалардың (балаларды қоса алғанда) қолдануына арналмаған. Олар бұл құрылғыны өз қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін адамның нұсқауы немесе қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс. Балалардың
құрылғымен ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз.
Іске қосылып, жұмыс істеп тұрған құрылғыны қадағалаусыз қалдырмаңыз. Құрылғыны балалардың
қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Назар аударыңыздар!
Бұл электрлік еттартқыш құрылғыны ванна, ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша немесе сумен толтырылған
басқа ыдыстардың қасында пайдалануға болмайды. Еттартқыш құрылғы суға түсіп кеткен жағдайда,
оның электр желілік баусымның айыртетігін бірден электрлік қоректену желісінен ажыратыңыз.
Сонымен, бұл кезде қолды суға малуға мүлдем болмайды. Құрылғыны екінші мәрте пайдаланудың
алдында оны білікті маман тексеріп шығуы керек.
Еттартқыш құрылғыны бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз. Құрылғыны сүйiр бұрыштарға
соғылуынан сақтаңыз. Құрылғы және оның электрлік желілік баусымы ыстық ауаның тікелей күн
көзіне, жоғары температураның әсеріне, тікелей күннің жарық сәулесінің және де жауын-
шашындардың түсуіне және ылғалға ұшырамайтындай етіп, яғни құрылғылардың бұзылу қаупін
туғызатын себептерін болдырмайтындай етіп, сақталуы керек (құрылғыны суға немесе басқа
сұйықтықтарға батырып салуға мүлдем болмайды). Ылғал қолмен құрылғыны ұстауға болмайды.
Құрылғы дымқылданса, оны бірден электр желіден ажыратып алу қажет.
Құрылғыны тек ауыспалы тоқ көзіне ғана қосыңыз (~). Құрылғының электр желілік баусымның
айыртетігін электр желіге жалғастырып қоспас бұрын, құрылғының техникалық сипаттамаларында
көрсетілген кернеудің параметрлері Сіздің үйіңіздегі электрлік желісінде қолданылатын кернеуіне,
яғни электрлік желінің параметрлеріне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Кез келген ақау бола тұра құрылғыны іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан
айырады.
Құрылғымен пайдаланып болғаннан кейін, сонымен қатар, құрылғыны тазартпас бұрын немесе
құрылғы сынып, істен шыққан жағдайда, сондай-ақ, құрылғының бөліктері мен бөлшектерін
орнатпас бұрын немесе оларды бөлшектеу қажет болған жағдайда, құрылғыны әрдайым сөндіріп,
оның желілік баусымның айыртетігін электр желіден ажырату қажет.
Еттартқыш құрылғыны желіге жалғастырып, іске қоспас бұрын, оның Іске қосу/ Сөндіру /Реверс
ауыстырып қосатын тетігі (5) «O»қалпында тұрғанына көз жеткізіңіз.
Электр желінің шамадан тыс жүктелуіп қалуына жол бермеңіз, әйтпесе оқыс жағдай орын алуы
мүмкін немесе құрылғы зақымдалып, істен шығуы мүмкін. Бұл сәтсіз оқиғаларға жол бермес үшін
жалғастырғыш не ұзартқыш құралдың көмегімен құрылғыны өзге тұрмыстық электр құралдармен
бірге бір электрлік ашалы розеткаға бір мезетте қоспаңыз. Желілік ұзартқышты пайдаланудың
алдында оның зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны оның электрмен қоректендіретін электрлік желілік баусымнан ұстап, тасымалдауға
болмайды. Сондай-ақ, құрылғыны оның электрмен қоректендіретін электрлік желілік баусымнан ұста,
тартқылап, электрлік қоректену желісінен ажыратуға тыйым салынады. Құрылғының электр желілік
Содержание
- 3 ПОДГОТОВКА К РАБОТЕ
- 4 ПОРЯДОК РАБОТЫ; Соберите мясорубку
- 5 Поставьте мясорубку на ровную твёрдую поверхность.; Замороженное мясо необходимо полностью разморозить.
- 7 Насадка для приготовления колбас и сосисок; ЧИСТКА И УХОД; Отключите мясорубку от сети.
- 8 и не разрешенные к применению производителем.
- 11 ПРАВИЛА РЕАЛИЗАЦИИ; Правила реализации не установлены.; ИНФОРМАЦИЯ О СЕРТИФИКАЦИИ; Срок службы изделия:; года; Произведено в Российской Федерации.
- 12 соблюдением правил и требований по безопасности.