Мясорубки Polaris PMG 1722 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

18
өнімдер мен сүйектерді ұнтақтамаңыз. Тамыр сабақтарын ұнтақтаудың алдында оларды
кішкене бөліктермен кесу қажет және кем дегенде 10 сағатқа суға жібіту керек.
Құралдың жұмысы барысында еттартқышты қадағалаусыз қалдырмаңыз.
Тазарту кезінде пышақты алу барысында сақ болыңыз.
Қозғалмалы құрал бөліктеріне қол тигізбеңіз.
Егер құрал пайдаланылмаса немесе тазарту кезінде оны әркез электр желісінен ажырату
қажет.
Өнімдерді қолмен немесе бөгде заттармен итермеңіз. Тек итергіш құрылғысын
пайдаланыңыз.
Жарақаттанбау үшін ұзын шаштың, бөкебайдың, галстуктың немесе өзге де киім үлгілерінің
ыдыстың, тордың, қондырмалардың, ерттартқыш корпусының үстінен салбырап түспеуін
қадағалаңыз.
Құралды балалар мен физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдардың пайдалануына бермеңіз.
Ешқашан ақаулы құралды пайдаланбаңыз.
Еттартқышты тек түпнұсқалы бөлшектермен пайдаланыңыз. Құралмен бірге жинаққа
кірмейтін аксессуарларды пайдалану Сізді кепілді қызмет көрсетуден айырады.
Құралға көп мөлшерде өнімдерді салмаңыз.
Еттартқышты 3 минуттай ғана үздіксіз пайдалануға болады содан кейін моторды суыту үшін
30-минуттық үзіліс жасау қажет.
Еттартқыш жұмыс істеп тұрғанда сыртқы беттегі желдеткіш саңылауды көлегейлемеңіз және
еттартқышты жұмсақ қабатқа қоюға болмайды.
Егер қозғалтыштың қатты қызып кетуінен қорғайтын қорғаныс жүйесі іске қосылса, әбден
суығанша, құралды қосуға болмайды.
Жұмыс аяқталғаннан кейін құралды бөлшектеуге кіріспес бұрын, құралдың сөніп тұрғанына,
электр желісінен ажыратылғанына және қозғалтқыштың тоқтағанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны тасымалдау барысында оны екі қолмен ұстау қажет. Оны алынбалы ыдысынан
немесе алынбалы жұмыс блогынан ұстап тасымалдауға тырыспаңыз.
Жұмыс істеп тұрған еттартқыштың орнын ауыстырмаңыз.
Жүктейтін ыдысты еттартқыштың жұмысы барысында шешуге және орнатуға тыйым
салынады.
Құралды әрбір пайдаланудан кейін тазартыңыз.
7. ТҰРМЫСТЫҚ ЭЛЕКТР ТЕХНИКАСЫМЕН ЖҰМЫС БАРЫСЫНДАҒЫ
ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР
Құрал тек мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс. Құралды коммерциялық мақсатта ұзақ
уақыт бойы пайдалану құралдың істен шығуына, зақымдалуына немесе адамдардың
денсаулығына нұқсан келтіруіне әкеп соғуы мүмкін.
Құрал нұсқаулыққа сәйкес тек мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс.
Құралды әрбір қосудың алдында қарап шығыңыз. Құралда немесе желілік сымда ақау
байқалса құралды розеткаға қосуға тыйым салынады.
Құрал еденге төнкеріліп, құлап түсіп кеткен жағдайда оны пайдаланбаңыз.
Егер құралдың жұмысқа қабілеттілігі жөнінде күмәндансаңыз оны пайдалануға тыйым
салынады.
Аталмыш құралды қолдануға қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап беретін тұлғаның
нұсқаулығы жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған кездерді есепке алмағанда,
білімі мен тәжірибесі жоқ немесе жүйке жүйесінде немесе психикалық, физикалық
ауытқулары бар тұлғалардың (балаларды қоса алғанда) қолдануына арналмаған. Балалардың
құралмен ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз.