Мультиварки Redmond RMC-PM380 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.
36
Қатты кірлегенде табаға жылы су құйып, біраз уақыт жібітіп қойыңыз, одан кейін тазалап
шығыңыз. Табаны мультипісіргіш корпусына қоюдың алдында сыртқы бетін міндетті түрде
кептіріп сүртіңіз.
Табаны үнемі пайдаланғанда оның күйікке қарсы ішкі жабындысының түсі толық немесе
жартылай өзгеруі мүмкін. Бұл өзімен өзі таба ақауының белгісі болып табылмайды.
Қақпақтың ішкі беті мен тығыздауыш сақинаны тазалау
1. Мультипісіргіш–жылдам пісіргіш қақпағын ашыңыз. Сақина-тұтқыштан тығыздауыш
сақинаны алыңыз.
2. Ішкі қақпақ бетін ылғалды ас үй майлығын немесе ысқышпен сүртіңіз. Қажет болған
жағдайда ыдысты жууға арналған құралды қолдана отырып, алынған тығыздауыш сақи-
наны су ағынына жуыңыз.
3. Қақпақты, сақина-тұтқыш пен тығыздауыш сақинаны құрғатып сүртіңіз.
4. Тығыздауыш сақинаны сақина-тұтқышқа орнатыңыз.
Алмалы бу және тірек қақпақшасын тазалау
Бу және тірек қақпақшалары аспаптың үстіңгі қақпағындағы арнайы ұяшықта орнатылған.
Қақпақшалардың құрамдас бөлігі қақпақтың ішкі бетіндегі қорғаныш торы болып табылады.
1. Бу қақпақшасын жоғары қарай ұқыпты тартыңыз және оны шешіңіз.
2. Қақпақтың ішкі жағындағы қорғаныш торын өзіңізге қарай тарта отырып шешіңіз.
3. Тірек қақпақшасының резеңкесін ұқыпты шешіңіз және қақпақшаның өзін шығарыңыз.
Бу және тірек қақпақшаларының барлық бөліктерін жуыңыз.
4. Жинақтауды кері тәртіпте жүргізіңіз: тірек қақпақшасын орнына салыңыз және оған ре-
зеңкені кидіріңіз, бу қақпақшасының қорғаныш торын тірекке тірелгенше орнатыңыз. Бу
қақпақшасын аспап қақпағының ұяшығына нық орнатыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Клапан резинасы майысып қалмауы үшін оны шешу, тазалау және
орнату кезінде бұрмаңыз және тартпаңыз.
Конденсатты жою
Осы үлгіде конденсат тостаған айналасында аспап корпусының арнайы қуысында жинақтала-
ды. Оны жою үшін ас үй майлығын қолданыңыз.
Жұмыс камерасын тазалау
Осы нұсқаулықтың нұсқаулары қатаң ұстанғанда сұйықтық, ас бөліктері немесе қоқыстың ас-
паптың жұмыс камерасының ішіне түсу мүмкіндігі аз. Егер қаты ластанса, аспаптың қате жұмы-
сынан немесе аспап бұзылуынан бас тарту үшін жұмыс камерасының беттерін тазалау керек.
Мультипісіргіштің жұмыс камерасын тазалаудың алдында аспап электр желісінен ажы-
ратылып, толық суығанына көз жеткізіңіз!
Жұмыс камерасының бүйірлік қабырғаларын, қыздыру дискісі бетін және орталық термоқадаға
қабығын (қыздыру дискісінің ортасында орналасқан) ылғал (су емес) губкамен немесе майлықпен
тазалауға болады. Егер сіз жуу құралын қолдансаңыз, кейін ас әзірлегенде керексіз иісті бол-
дырмау үшін оның қалдықтарын мұқият кетіру керек.
Бөтен заттар орталық термоқадаға айналасындағы қуысқа түскенде оларды қадаға қабығына
баспай, пинцетпен мұқият алып тастаңыз. Қыздыру дискісінің беті кірлегенде ылғал орташа
қатты губканы немесе синтетикалық ыскерамикалықты пайдалануға болады.
Аспапты үнемі пайдаланғанда қыздыру дискісінің түсі уақыт өте келе толық немесе
жартылай өзгеруі мүмкін. Бұл өзімен өзі құрылғы ақауының белгісі болып табылмайды
және оның дұрыс жұмысына әсер етпейді.
Сақтау және тасымалдау
Сақтау және қайта пайдаланудың алдында құралдың барлық бөліктерін тазалап, түгел құрға-
тыңыз. Құралды құрғақ желденетін жерде жылыту аспаптарынан алыс және тікелей күн сәу-
лелерден алыс сақтаңыз.
Тасымалдау және сақтау кезінде құралдың зақымдануына және/немесе ораманың бүтіндігіне
әкелуі мүмкін құралды механикалық әсерлерге ұшарытуға тыйым салынады.
Құралдың орамасын су мен басқа да сұйықтықтардан сақтау қажет.
VI. ЫҚТИМАЛ АҚАПУЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖОЮ
ӘДІСТЕРІ
Ақау
Ықтимал себептері
Жою әдісі
Дисплейде келесі
қате туралы ха-
барлама туында-
ды: Е1-Е4
Жүйелік қате, басқару платасы немесе
қыздыру элементі істен шығуы мүмкін
Аспапты элеткр желісінен ажыратыңыз және
суытыңыз. Қақпағын тығыз жауып, аспапты
электр желісіне қайта қосыңыз
Аспап қосылмай-
ды
Электрқоректену бауы аспапқа және
(немесе) электр розеткасына қосыл-
маған
Шешілмелі электр бауы аспаптағы тиісті
ажыраткерамикалыққа және розеткаға қо-
сылғанына көз жеткізіңіз
Электр розеткасы ақаулы
Аспапты жөн розеткаға қосыңыз
Электр розеткасында тоқ жоқ
Электр желісінде кернеу барын тексеріңіз.
Егер ол жоқ болса, үйіңізге қызмет көрсететін
ұйымға жолығыңыз
Тағам өте ұзақ
әзірленеді
Электр желісінен қоректену жаңылысы
(тоқ кернеуінің деңгейі тұрақсыз неме-
се нормасынан төмен)
Электр желісінде тоқтың тұрақты кернеуін
тексеріңіз. Егер ол тұрақсыз немесе норма-
сынан төмен болса, үйіңізге қызмет көрсететін
ұйымға жолығыңыз
Таба мен қыздыру элементі арасына
бөтен зат немесе бөлшектер түсті (қоқыс,
жарма, ас кесектері)
Аспапты электр желісінен ажыратыңыз, суы-
тыңыз. Бөтен затты немесе бөлшектерді алып
тастаңыз
Таба мультипісіргіш корпусына қисық
орнатылған
Табаны қисайтпай тегіс орнатыңыз
Қыздыру дискісі қатты кірлеген
Аспапты электр желісінен ажыратыңыз, суы-
тыңыз. Қыздыру дискісін тазалаңыз