Мультиварки Redmond RMC-PM380 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.
RMC-PM380
35
KAZ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Дыбыстық белгіден (қажетті температураға жетті) кейін ғана
өнімдерді тостағанға салыңыз.
Май өте ыстық екенін есте сақтаңыз! Күюді болдырмас үшін ас үй қолғабын қолданыңыз
және құрал үстіне еңкеймеңіз.
Ингредиенттердің күйіп қалуының алдын алу үшін рецептілер кітабындағы нұсқау-
лықтарды сақтап, тостаған құрамын мерзімді араластыру қажет.
Фритюрде әзірлеу кезінде өнімдер бар себетті қыздырылған майға салыңыз. Фритюр
ретінде тек тазартылған өсімдік майын қолданыңыз. Бір майды фритюрдегі өнімдерді
қайта әзірлеу үшін қолданбаңыз. «ЖАРКА/ФРИТЮР» бағдарламасын қайта қолданар
алдында, аспаптың толығымен сууын күтіңіз.
«МОЛОЧНАЯ КАША» бағдарламасы
Майлылығы төмен пастерленген сүтті қолданумен ботқа әзірлеуге арналған.
Тағайындалу бойынша бағдарламадағы әзірлеу уақыты 20 минутты құрайды. Әзірлеу
уақытын 1 минуттық қадаммен 5 минуттан бастап 4 сағатқа дейінгі диапазонда қолмен
орнатуға болады.
Сүт ботқасын әзірлеу үшін майлылығы аз пастерленген сүтті қолданыңыз, қаймағы
алынбаған сүтті қолданған кезде оны 1:1 пропорциясында ауыз суымен араластырыңыз.
Барлық дәнді жармаларды (күріш, гречка, тары және т.с.с.) мұқият жуыңыз. Әзірлеу
алдында мультипісіргіш тостағанын сарымаймен майлау керек.
Сүт пен жармалар қасиеттері, өндіруші мен шығарылған жеріне байланысты, ерекше-
ленуі мүмкін, бұл кейде әзірлеу нәтижелеріне әсер тигізеді.
«ЙОГУРТ/ТЕСТО» бағдарламасы
«ЙОГУРТ/ТЕСТО» бағдарламасының көмегімен үйіңізде тәтті және пайдалы йогурттар
дайындай аласыз, сондай-ақ қамырдың ашуына максималды қолайлы жағдайлар құра
аласыз.
Тағайындалу бойынша бағдарламадағы әзірлеу уақыты 8 сағатты құрайды. Әзірлеу уақы-
тын 5 минуттық қадаммен 10 минуттан бастап 12 сағатқа дейінгі диапазонда қолмен
орнатуға болады Автоподогрев функциясы бұл бағдарламада қол жетімсіз.
Йогурттарды әзірлеу үшін сіз йогуртқа арналған арнайы REDMOND RAM-G1 банкілер
жиынтығын қолдана аласыз (жеке сатып алынады).
«ДЕТСКОЕ ПИТАНИЕ» бағдарламасы
REDMOND RMC-РМ380 мультипісіргіш-жылдам пісіргіші баланың тамақтануымен және
өсу мен дамудың әр сатысында күті көрсетумен байланысты көптеген мәселенің шешімін
жеңілдетеді.
Тағайындалу бойынша бағдарламадағы әзірлеу уақыты 10 минутты құрайды. Әзірлеу
уақытын 1 минуттық қадаммен 5 минуттан бастап 4 сағатқа дейінгі диапазонда қолмен
орнатуға болады.
«ЭКСПРЕСС» бағдарламасы
Бағдарлама күріш пен суда сусымалы ботқаларды пісіруге арналған. Бағдарлама су толық
қайнағаннан кейін автоматты сөндірілуді қарастырады. Осы бағдарламада әзірлеу уақытын
қолмен орнату және «Отсрочка старта» және «Автоподогрев» функциялары қол жетімсіз.
V. АСПАП КҮТІМІ
Жалпы ережелер мен кеңестер
•
Аспапты алғашқы пайдаланар алдында, сонымен қатар мультипісіргіште әзірлеген
соң ас иісін кетіру үшін ішінде «ПАР/ВАРКА» бағдарламасында 15 минуттың ішінде
жарты лимон өңдеуге кеңес береміз.
•
Жабық мультипісіргіште әзірленген тағам бар немесе су толған табаны 24 сағаттан
артық қалдырмау керек. Дайын тағамы бар табаны тоңазыткерамикалықта сақтай
аласыз және қажет болғанда ысыту функциясын пайдаланып, тағамды мультипісіргіште
ысыта аласыз.
•
Егер аспапты ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, оны электр желісінен ажыратыңыз. Қыз-
дыру дискісін қоса, жұмыс камера, таба, ішкі қақпақ пен бу клапаны таза және құрғақ
болуы керек.
•
Бұйымды тазалауға кірісудің алдында ол электр желісінен ажырап тұрғанына және
толық суығанына көз жеткізіңіз. Тазалау үшін жұмсақ мата мен ыдыс жууға арналған
жұмсақ құралдарды пайдаланыңыз.
Аспапты тазалағанда қатты майлықты немесе губканы, абразивті пастаны пайда-
лануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. Сонымен қатар, кез келген химиялық агрессивті немесе
асқа тиетін заттар үшін қолдануға кеңес берілмеген басқа заттарды пайдалануға
болмайды.
Аспап корпусын суға батыруға немесе су ағыны астына салуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
•
Мультипісіргіштің резина бөлшектерін тазалағанда мұқият болыңыз: олар зақымдан-
са немесе майысса, аспап дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
•
Бұйым корпусын ластанған сайын тазалауға болады. Таба, ішкі қақпақ және шешілмелі
бу клапанын аспапты пайдаланған сайын тазалау керек. Муільтипісіргіште ас әзірле-
ну барысында қалыптасатын конденсатты құрылғы пайдаланылған сайын кетіріңіз.
Жұмыс камераның ішкі беттерін қажет болғанда тазалаңыз.
Корпусты тазалау
Бұйым копусын жұмсақ ылғал асханалық майлықпен немесе губкамен тазалаңыз. Жұмсақ
тазалау құралын қолдануға болады. Корпуста аққан су іздері мен айғыздарды болдырмау
үшін оның бетін құрғатып сүртуге кеңес береміз.
Табаны тазалау
Сіз табаны жұмсақ губка мен ыдысты жуу құралын пайдаланып, қолмен де, ыдыс жуатын ма-
шинада да тазалай аласыз (өндіруші кеңестеріне сәйкес).