Мультиварки Polaris PMC 0559D - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

89
6.
ҚҰРАЛДЫ ТАЗАРТУ ЖӘНЕ ОҒАН КҮТІМ КӨРСЕТУ
Тағам әзірлеп болғаннан кейін әрдайым мультипісіргішті тағамның қалдықтарын алып, тастаңыз да ластанудан
тазартыңыз.
Мультипісіргіштің ішкі қақпағы алынбалы құрылымға ие. Оны шешу үшін
қақпақты бекіту тетіктеріне саусақпен басып, бекіткіштерді ұстай, қақпақтың
жоғарғы саңылауынан шығара өзіне қарай тарту қажет (суретті қараңыз). Әрбір
әзірлеуден кейін алынбалы қақпақты ысқышты пайдалана бейтарап, сабынды
ерітіндіде жууға кеңес беріледі.
Мультипісіргіштің ластанған жерін, кір бөліктерін тазарту үшін метал сымы бар
қылшақтарды және еріткіштерді қолданбаңыз. Егер де тағамның қалдықтары
ішкі тостаққа жабысқан болса, оны жуудың алдында сумен толтырыңыз. Ішкі
тостақты жуып болғаннан кейін оны құрғата сүртіңіз.
Құралдың сыртқы бөлігін суға батырмаңыз. Құралдың сыртқы корпусын тазарту
үшін ыдыс жууға арналған дымқыл, жұмсақ ысқышты немесе матаны
пайдаланыңыз.
Ішкі тостақ пен буда пісіру-контейнерін ыдыс жуғыш машинасында жууға рұқсат етіледі. Ыдыс жуғыш машинаны пайдалану
барысында тостақтың машинаның құрамдас бөліктеріне зақымдалмауын қадағалаңыз. Алюминий жабындысынан жасалған
тостақтың бүлінуін алдын алу үшін ыдыс жуғыш құралына берілген нұсқаулықты, қолданылатын тазарту құралдарының
сипаттамасын басшылыққа алыңыз.
Өнімдерді араластыру үшін тек ағаш қалақты немесе құралмен бірге жинаққа кіретін арнайы пластмассадан жасалған қасықты пайдаланыңыз
Бу шығаратын клапаны да алынбалы құрылымға ие, оның бітелуін болдырмау үшін тұрақты түрде сумен тазарту қажет (суретті қараңыз).
Әрбір әзірлеу үдерісінен кейін құралдың артқы бөлігінде орналасқан конденсатты қабылдау құралын шешіп, босату қажет(суретті
қараңыз). Оны жуып, сүртіп құрғатыңыз да, орнына орнатыңыз.
Буды бөлу клапанының бітелуіне жол бермеңіз. Оны тұрақты түрде шешіп, тазартыңыз (суретті қараңыз).
Тостаққа сірке қышқылын құймаңыз, бұл тостақтың бүлінуіне әкеп соғуы мүмкін.
Бірнеше уақыттан кейін тостақтың түсі өзгеруі мүмкін, бұл су мен тазарту құралдарына тікелей байланысты. Бұл қалыпты нәрсе
болып табылады, мультипісіргішті еш қауіпсіз одан әрі пайдалануға болады.
Құралды тазарту үшін абразивті құралдарды ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.
7.
ҚҰРАЛДЫ САҚТАУ ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Электрлі құралдарды нақты бір көлік түрінде әрекет ететін жүкті тасымалдау ережелеріне сәйкес жабық көлік құралдарының кез келген түрінде тасымалдайды.
Құралды тасымалдау барысында түпнұсқалық зауыттық ораманы пайдаланыңыз
.
Құралдарды тасымалдау барысында оларды тікелей атмосфералық жауынның түсуінен, агрессивті ортадан сақтау қажет
Электрлі құралдар қоршаған ауа температурасы плюс 40ºС -тан аспайтын, салыстырмалы ылғалдығы 70%-дан жоғары емес, қышқылды және электрлі құралдар
материалдарына теріс әсер ететін өзге де будың, шаңның болмауы жағдайында жабық, құрғақ әрі таза бөлмежайда сақталуы тиіс.
Характеристики
Остались вопросы?Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)