Polaris EVO 0448DS Retro - Инструкция по эксплуатации - Страница 177

Мультиварки Polaris EVO 0448DS Retro - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.

Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.

"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.
Страница:
/ 182
Загружаем инструкцию
background image

176 

ТҰРМЫСТЫҚ ЭЛЕКТРЛІ ҚҰРЫЛҒЫЛАРМЕН ПАЙДАЛАНУ  БАРЫСЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР

 

 

Бұл  электрлік  әмбебап  ас  әзірлегіш  құрылғы  электр  энергетикасы  саласындағы  заңнамада  белгіленген  талаптарға  сәйкес  пайдаланылуы  тиіс,  яғни    құрылғының  пайдалануы 
«Тұтынушылардың  электрлі  қондырғыларын  техникалық  пайдалану  қағидалары»    бойынша  тұтынушылардың  электр  қондырғыларын  техникалық  пайдалану  тәртібін  айқындайтын 
ережелерінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. 

 

Бұл тұрмыстық электрлі әмбебап ас әзірлегіш құрылғы тек қана үйде, тұрмыстық мақсатта пайдаланылуы тиіс.  

 

Бұл электрлік әмбебап ас әзірлегіш құрылғы осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың ережелеріне сәйкес тек мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс.  

 

Аталған құрылғыны қолдануға  қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап беретін тұлғаның нұсқаулығы жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған кездерді есепке алмағанда,  кембағал, сезім 
мүкістігі  бар  немесе  ақыл-есі  кем,  сондай-ақ,  құрылғыны  қолдану  білімі  мен  тәжірибесі  жоқ  не  қолдана  білмейтін  адамдар  немесе  жүйке  жүйесінде  немесе  психикалық,  физикалық 
ауытқулары  бар  тұлғалардың  (балаларды  қоса  алғанда)  қолдануына  арналмаған.  Олар  бұл  құрылғыны  өз  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ететін  адамның  нұсқауы  немесе  қадағалауы  бойынша 
пайдалануға тиіс. Балалардың құрылғымен ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз. 

 

Бұл құрылғыны пайдалануды бастамас бұрын осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықты міндетті түрде, толығымен мұқият оқып шығыңыз. 

 

Әр  жолы  әмбебап  ас  әзірлегіш  құрылғыны  іске  қоспас  бұрын,    оны  қарап  шығыңыз.  Құрылғының  және  оның  электр  желілік  баусымның  қанд ай  да  бір  ақаулығы  анықталған  жағдайда,  
құрылғыны электр желіге, ашалы розеткаға  қосуға мүлдем болмайды. 

 

Әмбебап  ас  әзірлегіш  құрылғыны    және  оның  электрлі  желілік  баусымын  қыздыру  не  жылу  шығаратын  көздерінен  және  өзге  де  электрлі  құралдардан  алыс  қашықтықта  орналастырыңыз, 
құрылғы  және  оның  электрлі  желілік  баусымы  ыстық  ауаның  тікелей  күн  көзіне,    жоғары  температураның  әсеріне,  тікелей  күннің  жарық  сәулесінің  және  де  жауын-шашындардың  түсуіне 
және ылғалға ұшырамайтындай етіп, яғни құрылғылардың бұзылу қаупін туғызатын себептерін болдырмайтындай етіп, сақталуы керек. 

 

Назар аударыңыздар! Әмбебап ас әзірлегіш құрылғыны ванна, ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша немесе сумен толтырылған басқа ыдыстардың қасында пайдалануға болмайды. 

 

Әмбебап ас әзірлегіш құрылғыны ешбір жағдайда суға немесе басқа сұйықтықтарға батырып салуға  мүлдем болмайды. Іске қосылып, жұмыс істеп тұрған құрылғыны ылғал қолмен ұстауға 
болмайды.  Әмбебап ас әзірлегіш құрылғы дымқылданса, оның электр желілік баусымның айыртетігін бірден электрлік қоректену желіден ажыратыңыз. 

 

Әмбебап  ас  әзірлегіш  құрылғы  суға  түсіп  кеткен  жағдайда,  оның  электр  желілік  баусымның  айыртетігін  бірден  электрлік  қоректену  желіден  ажыратыңыз.    Сонымен,  бұл  кезде  қолды  суға 
малуға мүлдем болмайды. Құрылғыны екінші мәрте пайдаланудың алдында оны білікті маман тексеріп шығуы керек. 

 

Әмбебап ас әзірлегіш құрылғыны тек қана ауыспалы тоқ көзіне ғана қосыңыз (~). Әмбебап ас әзірлегіш құрылғының электр желілік баусымның айыртетігін электр желіге жалғастырып қоспас 
бұрын,  құрылғының  техникалық  сипаттамаларында  көрсетілген  кернеудің  параметрлері  Сіздің  үйіңіздегі  электрлік  желісінде  қолданылатын  кернеуіне,  яғни    электрлік  желінің 
параметрлеріне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. 

 

Назар аударыңыздар! Кез келген ақау бола тұра құрылғыны іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету  құқығынан айырады. 

 

Әмбебап  ас  әзірлегіш  құрылғыны    тек  қана  жерге  тұйықталған  желіге  ғана  қосуға  қажет.  Сіздің  қауіпсіздігіңізді  қамтамасыз  ету  үшін    жерлендіру    бекітілген  электр  техникалық    нормаларға 
сәйкес  келуі  тиіс.  Техникалық  стандартқа  сай  келмейтін  қуат  беру  және  электрлік  қоректендіру  көздері  мен  ұзартқыш  немесе  жалғастырғыш  құрылғыны  және  үшжақты  жалғаулық  секілді 
үшайыр бiрiктiргіш құрылғыларын пайдаланбаңыз. 

 

Әмбебап  ас  әзірлегіш  құрылғыны    бөлмежайдан  тысқары  жерде  пайдаланбаңыз.  Құрылғыны    сүйiр  бұрыштарға  соғылуынан  сақтаңыз.  Әмбебап  ас  әзірлегіш  құрылғымен  пайдаланып 
болғаннан  кейін,      сонымен  қатар,  құрылғыны  және  оның  қандай  да  бөлшектері  мен  керек-жарақтарын    тазартпас  бұрын  немесе  құрылғы  сынып,    істен  шыққан  жағдайда,  сондай-ақ, 
құрылғының  бөлшектерін орнатпас бұрын немесе оларды бөлшектеу қажет болған жағдайда,  құрылғыны әрдайым сөндіріп, оның  желілік баусымның айыртетігін әрдайым электр желіден 
ажырату қажет. 

 

Құрылғыны  оның    электрлік  қоректену  желілік  баусымнан  ұстап  тасымалдауға  болмайды.  Сондай-ақ,  құрылғыны  оның  электрлік  қоректену  желілік  баусымнан  ұста,  тартып    электрлік 
қоректену  желісінен  ажыратуға  тыйым  салынады.  Құрылғының    қуат  өткізетін  электрлі  желілік  баусымын  электрлік  қоректену  желіден  ажыратқан  кезде,  тек  қана  оның  электр  желілік 
баусымның штепсельді  айыртетігінен ұстаңыз. 

 

Құрылғының жеткізілім жиынтықтылығына кірмейтін қосымша аксессуарларға жататын бөлшектері мен керек-жарақтарын пайдалану Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан  айырады. 

 

Әр  жолы  құрылғыны  әрбір  пайдаланғаннан  кейін,    оның  электрлі  қоректендіргіш  баусымын  құрылғыны  айналдыра  орауға  болмайды,  себебі,    уақыт  өте  келе  бұл  баусымның    үзілуіне  әкеп 
соғуы мүмкін.  Қашанда құрылғының электрлі қоректендіргіш баусымын дұрыс сақтау үшін оны  жақсылап тарқатыңыз. 

 

Кепілдік  қызмет  көрсету  әрекетін  сақтау  мақсатында  және    техникалық  мәселелерінің  алдын  алу  үшін  бұл  құрылғыны  өз  бетіңізбен  бөлшектеуге  және  жөндеуге  тырыспаңыз.  Жөндеу 
жұмыстарын тек техникалық білікті мамандары ғана, яғни қызмет көрсету орталықтарының  қызметкерлері ғана жүзеге асыруы керек. 

 

Құрылғыны жөндеу үшін тек қана түпнұсқалы қосалқы бөлшектерді пайдалануға қажет.  

 

ӘМБЕБАП АС ӘЗІРЛЕГІШ ҚҰРЫЛҒЫМЕН ЖҰМЫС АТҚАРУ БАРЫСЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

 

 

Әмбебап  ас  әзірлегіш  құрылғыны  пайдалану  барысында  оның  айналасында  жеткілікті  түрдегі  бос  орынның  болуын  қамтамасыз  етіңіз.  Әмбебап  ас  әзірлегіш  құрылғы  жиһаз,  перде  және 
басқа да, сол секілді  өрт  қауіптілігі бар  өртенгіш нысандардан 15 см артық қашықтықта орналасуы қажет 

 

Құрылғыны  тікелей  қабырға  мен  жиһаздардың  жақын  маңында  орналастырмаңыз,  себебі  оның  жұмысы  барысында  құралдан  бу  шығады,  бұл  бу  тию  салдарынан  жиһаз  заттарының  және 
қабырғаның  сыртқы  қабатының  өзгерістеріне,  мысалы  пішін  түрінің  өзгеруіне,  деформациялануына,  сондай-ақ,  олардың  бүлінуіне,  сыртқы  түс  түрінің  өзгеруіне  не  жоғалуына,  қара  не  ақ 
дақтардың пайда болуына әкеп соғуы мүмкін. 

 

Әмбебап ас әзірлегіш құрылғының жұмысы барысында, оны сүлгімен немесе өзге заттармен жаппаңыз, оның ішінен бу еркін түрде шығуы қажет 

 

Әмбебап  ас  әзірлегіш  құрылғыны  пайдалану  барысында  құрылғыны  құрғақ,  тегіс,  термоберік  қабатта  орналастырыңыз,  құрылғының  түбіндегі  ауа  желдеткіш  саңылаулардың  бөгде 

заттармен, дастарқанмен, матадан жасалған төсемдермен немесе өзге де заттармен жабылмауын қадағалаңыз, бұл құрылғының қатты қызып кетуіне әкеп соғуы мүмкін 

 

Әмбебап  ас  әзірлегіш  құрылғының  ішкі  тостағы  құрылғыға  орнатылмаған  болса,  әзірлеу  бағдарламаларын  іске  қосуға  тыйым  салынады,  сондай-ақ,    әзірлеу  бағдарлама  іске  қосылып, 
орындалып жатқан кезде, яғни әзірлеу үдересі барысында әмбебап ас әзірлегіш құрылғыдан тостақты шығаруға болмайды. 

 

Әмбебап  ас  әзірлегіш  құрылғыны    тез  тұтанатын  бұйымдар  мен  жанғыш  заттардың  маңында,  сонымен  қатар,  жылу  шығаратын  көздерінің  немесе  бұйымдарының  қасында,  сондай-ақ,, 
құрылғының түрін немесе оның пішінің өзгертетін тұрмыстық бұйымдарының қасында,  сонымен бірге жоғарғы температура салдарынан бөлменің ішкі көрінісіндегі қандай да бір заттардың  
түрін не олардың пішінің оңай түрде өзгертетін тұрмыстық бұйымдарының  маңайында (газды немесе электрлі плитаның қасында) пайдаланбаңыз. 

Содержание

Полезные видео

Характеристики

Оцените статью
tehnopanorama.ru
Остались вопросы?

Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)

Задать вопрос

Часто задаваемые вопросы
Как посмотреть инструкцию к Polaris EVO 0448DS Retro?
Необходимо подождать полной загрузки инструкции в сером окне на данной странице
Руководство на русском языке?
Все наши руководства представлены на русском языке или схематично, поэтому вы без труда сможете разобраться с вашей моделью
Как скопировать текст из PDF?
Чтобы скопировать текст со страницы инструкции воспользуйтесь вкладкой "HTML"