LG MW20R46DB - Инструкция по эксплуатации - Страница 22

Микроволновые печи LG MW20R46DB - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.

Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.

"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.
Страница:
/ 46
Загружаем инструкцию
background image

9

 Өнімдердегі ылғалдың құрамы

Микротолқындар өндіретін жылу ылғалды 

буландыруға бейім болғандықтан, 

қуыруға арналған ет және кейбір көкөніс 

түрлері секілді біршама құрғақ өнімдерді 

дайындаудың алдында сумен бүрку, не 

болмаса буды ұстап қалу үшін жабық 

түрде дайындау қажет.

 Өнімдердегі сүйектер мен майдың құрамы

Сүйектер жылу өткізеді, ал май еттен 

көрі жылдамырақ дайындалады. Сол 

себепті сүйекті немесе майлы ет 

кесектерін дайындаған кезде, еттің 

біркелкі дайындалуын және шектен тыс 

қуырылмауын бақылау керек.

 Өнімдердің мөлшері

Сіздің микротолқынды пешіңіздегі 

микротолқындар мөлшері дайындалатын 

өнімдердің мөлшерінен тәуелсіз 

өзгеріссіз қала береді. Демек, сіз 

микротолқынды пешке неғұрлым көп 

өнім салсаңыз, олар соғұрлым ұзақ 

дайындалады. Сіз салмағы рецептте 

көрсетілгеннен екі есе кем әлдебір 

тағамды дайындаған уақытта, рецептте 

көрсетілген дайындау уақытын кем 

дегенде үштен біріне кемітуді ұмытпаңыз.

 Өнімдердің нысаны 

Микротолқындар өнімдерге тек 2 см 

тереңдікке бойлайды; қалың тағамның ішкі 

бөлігі сырттан өндірілетін жылудың ішке 

ауыстырылу есебінен дайындалады. Кез 

келген тағамның тек сыртқы қабаттары 

микротолқынды энергияның есебінен 

дайындалады. Одан микротолқынды 

пеште дайындау кезінде тағамның 

ең ыңғайсыз нысаны қалың шаршы 

болатынын көреміз. Бұрыштар әлдеқашан 

дайын, ал ортасы әлі жылымаған. 

Микротолқынды пеште дөңгелек жұқа 

тағамдар мен сақина нысанды тағамдар 

ең жақсы дайындалады.

 Жабу

Қақпақ жылу мен буды тұтады, соның 

есебінен ас жылдамырақ дайындалады. 

Жабу үшін қақпақты немесе будың 

қысымымен оны жарып жібермеу 

үшін, бір бұрышын сәл көтеріп, тығыз 

жанасатын таспаны пайдаланыңыз.

 Күреңіту

15 минут немесе одан ұзақ 

дайындалатын ет және құс еті өздерінің 

майының есебінен сәл күреңітеді. 

Одан көрі қысқа уақыт дайындалатын 

тағамдарға күреңіту үшін вустершир 

тұздығы немесе барбекюге арналған 

тұздықты жағуға болады, бұл тәбетті 

түске кірушіге мүмкіндік береді. 

Тағамдарға күреңіту үшін тұздықтың 

біршама шағын мөлшері үстелетін 

болғандықтан, тағамдардың бастапқы 

хош иісі өзгермей қала береді.

 Май өткізбейтін қағазбен жабу

Май өткізбейтін қағаз шашыраудың 

алдын тиімді алады және асқа жылудың 

бір бөлігін ұстап қалуға көмектеседі. 

Бірақ, ол қақпаққа немесе тығыз 

жанасатын таспаға қарағанда асты 

оншалық тығыз жаппайтындықтын, бұл 

асқа сәл кебуге мүмкіндік береді.

 Орналастыру және аралықтарды 

 қамтамасыз ету

Қақталған картоп, қалыпшалардағы 

кекстер, тіске басарлар секілді дара 

өнімдер егер оларды микротолқынды пеште 

бір бірінен бірдей қашықтықта, дұрысы 

шеңберлеп орналастырса, анағұрлым 

біркелкі жылытылатын болады. Ешқашанда 

өнімдерді бірінің үстіне бірін қаламаңыз.

 Араластыру

Араластыру микротолқынды пеште ас 

дайындаған кезде неғұрлым маңызды 

тәсілдердің бірі болып табылады. 

Әдеттегідей дайындаған кезде 

тағамдар ингредиенттерді ауыстыру 

мақсатында араластырылады. Алайда, 

микротолқындардың көмегімен дайындаған 

кезде тағамдар жылуды тарату және 

қайта бөлу мақсатында араластырылады. 

Әрқашанда асты шеттерінен ортасына 

қарай араластырыңыз, өйткені шеттері 

бірінші кезекте жылиды.

 Аудару

Үлкен кесекті ет және тұтас балапан 

секілді үлкен биік тағамдарды үстіңгі және 

астыңғы бөліктері біркелкі дайындалу 

үшін, аударып отыру қажет. Сондай-ақ 

балапан етінің кесектері мен жаншыма 

котлеттерді аударып отырған жөн.

 Анағұрлым қалың үлестерді сыртында

 орналастыру

Микротолқындар астың сыртқы 

бөліктеріне «тартылатын» болғандықтан, 

еттің, құстың немесе балықтың 

анағұрлым қалың үлестерін олар 

дайындалып жатқан тағамның шеттеріне 

жақын орналастырған жөн. Бұл жағдайда 

анағұрлым қалың үлестер көбірек 

микротолқынды энергия алады және 

ас анағұрлым біркелкі дайындалатын 

болады.

ҚАЗАҚ

Полезные видео

Характеристики

Оцените статью
tehnopanorama.ru
Остались вопросы?

Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)

Задать вопрос

Часто задаваемые вопросы
Как посмотреть инструкцию к LG MW20R46DB?
Необходимо подождать полной загрузки инструкции в сером окне на данной странице
Руководство на русском языке?
Все наши руководства представлены на русском языке или схематично, поэтому вы без труда сможете разобраться с вашей моделью
Как скопировать текст из PDF?
Чтобы скопировать текст со страницы инструкции воспользуйтесь вкладкой "HTML"