Гайковерты Dremel 4250 – 35 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

өзгерту немесе жұмысты аяқтаудан кейін
штепсельді қуат көзінен және/немесе батареядан
ажыратыңыз.
Мұндай сақтық шаралары электр
құралының кездейсоқ іске қосылу қаупін азайтады.
d.
Пайдаланбайтын электр құралдарын
балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Электр құралымен немесе осы нұсқаулармен
таныс емес адамға құралды пайдалануға рұқсат
бермеңіз.
Электр құралдары жаттықтырылмаған
пайдаланушылар қолында қауіп тудырады.
e.
Электр құралдарына және керек-жарақтарға
техникалық қызмет көрсетіңіз. Жылжымалы
бөлшектердің қисаюын немесе шатасуын,
бөлшектердің бұзылуын және электр
құралдарының жұмысына әсер етуі мүмкін
барлық жағдайларды тексеріңіз. Зақым бар
болса, электр құралын пайдаланбас бұрын,
оны жөндеңіз.
Көптеген оқыс оқиғалар электр
құралдарына дұрыс емес техникалық қызмет
көрсету салдарынан орын алады.
f.
Кескіш құралдарды өткір және таза күйде
ұстаңыз.
Тиісті түрде техникалық қызмет
көрсетілген шеттері өткір кескіш құралдар бүгіліп
қалмайды және оларды басқару оңай.
g.
Жұмыс жағдайларын және орындау қажет
жұмысты назарға ала отырып, электр құралын,
аксессуарларды және алмалы-салмалы
кескішті және т. б. осы нұсқауларға сәйкес
пайдаланыңыз.
Электр құралын мақсатты
пайдаланудан басқаша пайдаланғанда қауіпті
жағдай орын алуы мүмкін.
h.
Тұтқалар мен ұстағыш беттерін құрғақ және
май мен майлағыштан таза күйінде ұстаңыз.
Тайғақ тұтқалар мен ұстағыш беттері күтпеген
жағдайларда құралды қауіпсіз пайдалануға және
басқаруға мүмкіндік бермейді.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
a.
Электр құралына қызмет көрсету жұмысын тек
түпнұсқа қосалқы бөлшектер пайдаланатын
білікті маманға тапсырыңыз.
Бұл электр құралы
қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз етеді.
БАРЛЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА АРНАЛҒАН
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
ТЕГІСТЕУ, ҚҰММЕН ТЕГІСТЕУ, СЫМ ҚЫЛШАҚПЕН
ТАЗАЛАУ, ЖЫЛТЫРАТУ, ЖОНУ НЕМЕСЕ ЫСҚЫШ
ОЮ ЖҰМЫСТАРЫ ҮШІН ОРТАҚ ҚАУІПСІЗДІК
ЕСКЕРТУЛЕРІ
a.
Бұл электр құралы тегістеу аспабы, құммен
тегістеу құралы, сым қылшақ, жылтырату
аспабы, жону немесе ою құралы сияқты жұмыс
істеуге арналған. Осы электр құралымен
бірге берілген барлық ескертулер, нұсқаулар,
суреттер және сипаттамаларды оқыңыз.
Төменде
көрсетілген барлық нұсқауларды орындамау
салдарынан электр тогының соғуы, өрт және/
немесе ауыр жарақат орын алуы мүмкін.
b.
Арнайы жасалмаған және құрал өндірушісі
арқылы ұсынылмаған аксессуарларды
пайдаланбаңыз.
Аксессуарды тек электр
құралына бекітуге болғандықтан ол қауіпсіз жұмыс
істеуіне кепілдік бермейді.
c.
Тегістеу аксессуарларының номиналды
жылдамдығы кемінде электр құралында
белгіленген максималды жылдамдыққа
тең болуы қажет.
Өздерінің номиналды
жылдамдығынан жоғары жылдамдықта жұмыс
істейтін тегістеу аксессуарлары бұзылып, ұшып
кетуі мүмкін.
d.
Аксессуардың сыртқы диаметрі мен қалыңдығы
электр құралының сыйымдылық есебі
ауқымында болуы қажет.
Өлшемі дұрыс емес
аксессуарларды дұрыс басқару мүмкін емес.
e.
Дөңгелектер, құммен тегістеу барабандары
немесе кез келген басқа аксессуарлар білігінің
өлшемі электр құралының шпинделі немесе
цангасына сәйкес келуі қажет.
Электр құралының
бекіту құралдарына сәйкес келмейтін аксессуарлар
тепе-теңдіктен шығып, қатты дірілдейді және
басқаруды жоғалтуға әкелуі мүмкін.
f.
Жақтауға орнатылған дөңгелектер, құммен
тегістеу барабандары, кескіштер немесе басқа
аксессуарлар цанга немесе патронға толығымен
енгізілуі қажет.
Жақтау жеткіліксіз бекітілсе және/
немесе дөңгелек қатты шығып тұрса, орнатылған
дөңгелек босап, жоғары жылдамдықта шығып
кетуі мүмкін.
g.
Зақымдалған аксессуарды пайдаланбаңыз. Әр
пайдалану алдында ысқыш дөңгелек сияқты
аксессуардың сынуын және сызат түсуін, құммен
тазалау барабанының жарылуын, сынуын
немесе тозуын, сым қылшақтың босауын немесе
сымдардың сынуын тексеріңіз. Электр құралы
немесе аксессуар жерге құласа, зақымдалуын
тексеріңіз немесе зақымдалмаған аксессуар
орнатыңыз. Аксессуарды тексеріп, орнатқаннан
кейін, айналатын аксессуар жазықтығынан
өзіңіз және айналадағы адамдар алшақ тұруы
қажет, содан кейін электр құралын жүктемесіз
максималды жылдамдықта бір минут ішінде іске
қосыңыз.
Зақымдалған аксессуарлар осы сынақ
кезінде сынып қалады.
h.
Жеке қорғаныс жабдығын киіңіз. Қолданысқа
байланысты қорғаныс маскасын және
қорғаныс көзілдірігін киіңіз. Сәйкесінше шаңнан
қорғайтын маска, есту мүшесін қорғайтын
бұйым, қолғап және ұсақ ысу немесе өңдеу
сынықтарынан қорғайтын алжапқыш киіңіз.
Көзді қорғау бұйымы әртүрлі жұмыстардан
пайда болатын қалдықтардың ұшуынан қорғай
алатын болуы қажет. Шаңнан қорғайтын маска
немесе респиратор жұмыстан пайда болатын
бөлшектерді сүзе алуы қажет. Ұзақ уақыт жоғары
қарқындылықтағы шу әсері есту қабілетін
жоғалтуға әкелуі мүмкін.
i.
Айналадағы адамдар жұмыс аймағынан қауіпсіз
қашықтықта тұруы қажет. Жұмыс аймағына
кіретін кез келген адам жеке қорғаныс жабдығын
киюі тиіс.
Өңдеу немесе сынған аксессуар
сынықтары ұшып, жұмыс аймағына жақын жерде
жарақат келтіруі мүмкін.
j.
Кескіш аксессуар жасырын сымға немесе өзінің
сымына тиіп кетуі мүмкін болған жұмысты
орындау барысында механикалық құралды
тек оқшауланған қысқышпен ұстаңыз.
Қысым
үстіндегі сымға тиетін кескіш аксессуар электр
құралының ашық металл бөлшектеріне қысым
өткізуі және операторға электр тогының соғуы
мүмкін.
k.
Іске қосқан кезде әрқашан құралды (екі)
қолыңызбен мықтап ұстаңыз.
Мотордың
реактивті айналдыру моменті толық
жылдамдыққа дейін артқан кезде құралдың
айналуына әкелуі мүмкін.
l.
Қолайлы кезде өңдейтін бөлшекті тіреу үшін
қысқыштарды пайдаланыңыз. Қолданыс кезінде
кіші өңдейтін бөлшекті бір қолыңызбен, құралды
екінші қолыңызбен ешқашан ұстамаңыз.
Кіші
өңдейтін бөлшекті қысқанда құралды (екі)
32
Содержание
- 23 БЕЗОПАСНОСТЬ РАБОЧЕГО МЕСТА
- 26 ТЕХНИЧЕСКИЕ ХАРАКТЕРИСТИКИ
- 27 ПЕРВОНАЧАЛЬНАЯ НАЛАДКА; СБОРКА И ПРИМЕНЕНИЕ; ПРИНА ДЛЕЖНОСТИ; СМЕНА ПРИНАДЛЕЖНОСТЕЙ
- 28 НАСА ДКИ; РАБОТА С ИНСТРУМЕНТОМ; НАЧАЛО РАБОТЫ
- 29 ТЕХНИЧЕСКОЕ ОБСЛУЖИВАНИЕ И; ПРОВЕРКА/ЗАМЕНА ГРАФИТОВЫХ ЩЕТОК
- 30 ОБСЛУЖИВАНИЕ И ГАРАНТИЯ; КОНТАКТНЫЕ ДАННЫЕ DREMEL; ШУМ И ВИБРАЦИЯ; ТОЛЬКО ДЛЯ СТРАН-ЧЛЕНОВ ЕС
Характеристики
Остались вопросы?Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)










