Варочная панель ORE I30 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

● Өте күшті немесе кейбір нейлонды тазалағыш заттар (абразивті тазалағыш заттар) шынының бетіне сызаттүсіруі мүмкін,
сондықтан оларды қолданар алдында индукциялы пісіру плитасын тазалауға жарай ма, жоқ па, тексеріп алыңыз.
● Тазалағыш заттарды пісіру панелініңің үстінде қалдырмаңыз, шынысына дақ түсуі мүмкін.
2. Шыныдағы сұйықтың қайнап тасыған көбігі, ерітінді мен тәтті тағамның қалдығын тазалау
Индукциялы шынылы ас пісіру панеліне арналған қырғыш пен пышақтың көмегімен бірден тазалаңыз, бірақ ыстық
конфорканы абайлаңыз:
1) Пісіру панелінің қуат көзін өшіріңіз.
2) Пышақ жүзін 30° бұрышпен ұстап, кірді тазалап, пісіргіш панельдің салқын аумағына дейін апарыңыз.
3) Ласты құрғақ мата немесе қағаз сүлгімен тазалап алыңыз.
4) Шыныдағы ластануды күнделікті тазарту үшін жоғарыдағы әрекетті 2-қадамнан бастап, 4-ті қоса орындаңыз.
● Еріген зат пен тәтті тағамның қалдырған дақтарын тезірек тазалап тастаңыз. Шыныда қатып қалса, оны кейін тазалау
қиынға соғады немесе мүлде тазаланбайды.
3. Сенсорлы басқаруға су тисе
1) Пісіру панелін қуат көзінен ажыратыңыз.
2) Суды жұмсақ матамен сорғытып алыңыз.
3) Сенсорлы экранды басқару аймағын таза ылғалды жөке немесе матамен сүртіп алыңыз.
4) Сол аймақты толығымен құрғақ қағаз сүлгімен сүртіңіз.
5) Пісіру панелінің қуат көзін қосыңыз.
Пісіру плитасы дыбыстық белгі береді және өзін-өзі өшіре алады, ал басқарудың сенсорлы тетіктеріне сұйықтық тисе
жұмыс істемейді.
Пісіру панелін қайта қосар алдында сенсорлы басқару аймағын құрғатып сүртіңіз.
Кеңестер мен нұсқаулар
1. Индукциялы ас пісіру панелі қосылмайды.
Индукциялы плита қуат көзіне жалғанғанына көз жеткізіңіз.
Үйіңізде немесе ауданыңызда электр энергиясы бар ма, соны тексеріңіз. Тексергеннен кейін де, ақаулық шешілмесе, білікті
маманға хабарласыңыз.
2. Басқару элементтері жанасымға жауап бермейді.
Басқару тетіктері бұғатталған: басқару тетіктерін бұғаттаудан шығарыңыз.
3. Сенсорлы басқарумен жұмыс істеу қиын.
Басқару тетігіне біраз су тиюі мүмкін немесе басқару тетігін саусақ ұшымен бастыңыз:
Сенсорлы басқару аймағының құрғақ екеніне көзіңізді жеткізіңіз, басқару тетігіне саусақ жастықшасымен жеңіл
жанасыңыз.
4. Шыныға сызат түссе.
Қатты ыдыс. Жарамайтын, абразивті тазалағыш заттар: түбі тегіс ыдысты пайдаланыңыз.
5. Кей кәстрөлді пайдаланғанда тысырлаған немесе шытынаған дыбыс шығады.
Бұл пайдаланатын ыдысыңызға байланысты (әр түрлі металл түрліше дірілдейді): бұл қалыпты жағдай, біраз уақыттан соң
дыбыс азаяды немесе мүлде жоғалып кетеді.
6. Ең жоғарғы параметрмен қолданғанда индукциялы ас пісіру панелінен дыбыс шығады.
Бұл индукциялы ас пісіру панельінің технологиясына байланысты болатын дыбыс: бұл қалыпты жағдай, конфорканың
қуатын азайтқанда дыбыс азаяды немесе мүлде жоғалып кетеді.
7. Индукциялы ас пісіру панельінен желдеткіштің дыбысы шығады.
Индукциялы пісіргіш панеліңізге салқандататын желдеткіш орнатылған. Электронды бұйым қызып кетпеуі үшін қосылады.
Индукциялы ас пісіру панелін өшіргеннен кейін де жұмыс істей беруі мүмкін, бұл қалыпты жағдай, ештеңе істеудің қажеті
жоқ. Желдеткіш жұмыс істеп тұрғанда индукциялы ас пісіру панелін қуат көзіне қоспаңыз.
8. Ыдыс қызбай, дисплейде «
» белгісі шығады.
Индукциялы ас пісіргу панелі ыдысты танымайды, өйткені ол индукциялы пісіру панелі үшін арналмаған. Ыдыс пісіру
аумағынан өте кіші немесе конфорканың ортасында тұрмағандықтан индукциялы пісіру панелі ыдысты танымайды:
индукцияға арналған ыдысты пайдаланыңыз.
Ыдысты конфорканың ортасына қойыңыз, түбі пісіру аумағына сәйкес келу керек.
9. Индукциялы ас пісіру панелі немесе пісіру аумағы күтпеген жерден өшіп қалды, дыбыстық белгі беріп, ақаулық кодын
көрсетті (әдетте пісіру таймерінің дисплейінде бір немесе екі санды алма-кезек көрсетеді).
Техникалық ақаулық: ақаулық кодын көрсеткенде әріп пен санға назар аударыңыз, индукциялы ас пісіру панелін қуат
көзінен ажыратыңыз, білікті маманға жүгініңіз.
Характеристики
Остались вопросы?Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)