Варочная панель ORE I30 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

Қосу
1. ON/OFF басқару элементіне қолыңызды тигізіңіз.
Қуат қосылғанда бір рет дыбыстық белгі беріледі, дисплейде «-» немесе «- -» көрсетіледі. Бұл
индукциялы ас пісіру панелінің күту режиміне өткенін білдіреді.
2. Пайдаланғыңыз келген аумаққа қажет, сай келетін ыдысты қойыңыз. • Ыдыс түбі мен плита бетінің
таза және құрғақ екенін тексеріңіз.
3. Қыздыратын аумақты таңдау түймесіне қолыңызды тигізіңіз,перне жанындағы индикатор
жыпылықтай бастайды.
4. «-» немесе «+» басқару элементіне қолыңызды тигізіп, қыздыру күйін таңдаңыз.
• 1 минут ішінде жылу күйін таңдамасаңыз, индукциялы пісіру панелі автоматты түрде өшеді. Қайтадан
1-қадамнан бастауыңызға тура келеді.
• Ас пісіру барысында қыздыру аумағын таңдауды қайта басып, жылу күйін кез келген уақытта өзгерте
аласыз.
Жылу күйін реттеумен қатар "
" белгісі жыпылықтаса
Бұл мынаны білдіреді:
• кәстрөлді пісіру аумағына дұрыс қоймадыңыз немесе
• пайдаланатын ыдысыңыз индукциялы пісіру панеліне жарамайды, немесе
• ыдысыңыз тым кішкентай немесе пісіру аумағына дұрыс қойылмаған.
Тиісті ыдыс жоқ болса, дисплей 1 минуттан кейін автоматты түрде өшеді.
Өшіру
1. Өшіргіңіз келген қыздыру аумағын таңдау қосқышына қолыңызды тигізіңіз.
2. «0»-ге дейін төмен бұрап, пісіру аумағын өшіріңіз. Дисплейде «0», сосын «H»
көрсетікеніне көз жеткізіңіз.
3. ON/OFF басқару элементіне қолыңызды тигізіп, пісіру панелін өшіріңіз.
4. «H» индикаторы жанып тұрған конфорканы абайлаңыз. Бұл осы конфорка әлі
ыстық дегенді білдіреді. Плита қауіпсіз температураға дейін салқындағанда ол
белгі өзі өшеді. Бұны қуатты үнемдеу үшін пайдалануыңызға да болады: егер
қосымша кәстрөлді жылытқыңыз келсе, ыстық плитаны пайдаланыңыз.
Басқару элементтерін бұғаттау
• Қажетсіз қосылуды болдырмау үшін (мысалы пісіру аумағын бала байқамай қосып қойса) басқару
элементтерін бұғаттауыңызға болады.
• Басқару элементтері бұғатталып тұрса, ON/OFF басқарудан басқан барлық элементтер өшіп тұрады.
Басқару элементтерін бұғаттау үшін:
Пернетақтаны бұғаттауды басқару тетігін басыңыз. Таймер индикаторы «Lo» деп көрсетеді.
Басқару элементтерін бұғаттаудан шығару үшін:
1. Индукциялы ас пісіру панелінің қосылғанына көз жеткізіңіз.
2. Пернетақтаны бұғаттау түймесін біраз басып тұрыңыз.
3. Енді индукциялы ас пісіру панеліңізді пайдалана беруіңізге болады.
Пісіру панелі бұғатталып тұрғанда, ON/OFF-тан басқа барлық элементтер өшіп тұрады. Апатты жағдайда ON/OFF
реттегішімен индукциялы ас пісіру панеліңізді өшіре аласыз. Басқа қызметті қосу үшін алдымен ас пісіру панелін бұғаттан
шығару керек.
Қызып кетуден сақтау
Құрылғы температура қадағасымен жабдықталған, ол индукциялы ас пісіру панелінің ішіндегі температураны
қадағалайды.
Температура жоғарылап кетсе, индукциялы ас пісіру панелі автоматты түрде жұмысын тоқтатады.
Ұсақ затты тану
Пісіру панелінде өлшемі келмейтін немесе магнитті емес ыдыс болса (мысалы: алюминий) немесе басқа да ұсақ зат болса
(мысалы: пышақ, шанышқы, кілт), дисплейде «
» белгісі жыпылықтай бастайды да, пісіру панелі 1 минутқа автоматты
күту режиміне өтеді. Желдеткіш индукциялы пісіру панелін тағы 2 минут салқындатып тұрады.
Қорғаныстық ажырату
Қорғаныстық ажырату – плитаңыздың қауіпсіздік қызметі. Ас пісіретін плитаны өшіруді ұмытып
кетсеңіз, ол автоматты түрде өшеді. Қуаттың әр түрлі деңгейіне орай әдеттегі жұмыс істеу уақыты төмендегі кестеде
көрсетілген:
Характеристики
Остались вопросы?Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)