Варочная панель Haier HHY-Y64FFVB1 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

3
9
• Пайдаланғаннан кейін әрқашан осы нұсқаулықта
көрсетілгендей пісіру аймақтары мен пісіру панелін
өшіріңіз (яғни, сенсорлық басқару элементтері арқылы).
Табаларды алып тастағанда, пісіру алаңдарын өшіру үшін
табаны анықтау функциясына сенбеңіз.
• Балаларға құралмен ойнауға немесе оған отыруға,
тұруға немесе оған көтерілуге рұқсат бермеңіз.
• Балаларға қызықты нәрселерді құрылғының үстіндегі
сөрелерде сақтамаңыз. Пісіру панеліне өрмелеген
балалар ауыр жарақат алуы мүмкін.
• Құрал қолданылып жатқан жерде балаларды жалғыз
немесе қараусыз қалдырмаңыз.
• Мүмкіндігі шектеулі балалар немесе адамдарда
құрылғыны қолдану мүмкіндіктері қиын болған жағдайда
оны қолдануға нұсқау беру үшін қасында жауапты және
білікті адам болуы керек. Нұсқаушы олар құрылғыны
өздеріне немесе айналасына қауіп төндірместен қолдана
алатындығына көз жеткізуі керек.
• Нұсқаулықта арнайы ұсынылған жағдайлар болмаса,
құрылғының кез келген бөлігін жөндеуге немесе
ауыстыруға болмайды. Барлық басқа қызметтерді білікті
маман жүргізуі керек.
• Пісіру панелін тазарту үшін бумен тазартқышты
пайдаланбаңыз.
• Пісіру панеліне ауыр заттар қоймаңыз немесе
түсірмеңіз.
• Пісіру панелінің үстінде тұрмаңыз.
• Кетілген жиекті кәстрөлдерді қолданбаңыз және оларды
индукциялық шыны бетімен тасымалдамаңыз, өйткені бұл
шыныны сырып алуы мүмкін.
• Пісіру панелін тазарту үшін қырғышты немесе басқа
қатты абразивті тазартқыш заттарды пайдаланбаңыз,
себебі олар индукциялық шыныны сырып алуы мүмкін.
• Егер қуат сымы зақымдалған болса, қауіпті жағдай
туғызбас үшін оны өндіруші, қызмет көрсету агенті немесе
соған сәйкес білікті маман ауыстыруы керек.













