Утюги Kraft KF-CI2420A - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

28
ИНСТРУКЦИЯ ПО ЭКСПЛУАТАЦИИ • USER GUIDE
ҮТІК
БУМЕН СОҚҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТІГІНЕН БУЛАУ
• Қарқынды бу беру үшін қарқынды бумен соққылау батырмасын басыңыз, ол матаға
терең еніп, ең қиын және ең терең қатпарларды да тегістей алады. Оны қайтадан ба-
спастан бұрын бірнеше секунд күтіңіз. Сондай-ақ қарқынды бу беру батырмасын пай-
даланып, сіз перделерді, жабындарды және басқа ілулі маталарды немесе киімдерді
тегістей аласыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қарқынды бу беру тек максималды температура
режимінде қолданылады. Температуралық режим индикаторы қосылған
кезде будың қарқынды берілуін пайдалану мүмкін емес. Бұдан кейін буды
қарқынды беру режимін температуралық режимдердің индикаторы
сөнген кезде пайдалануға болады.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ САҚТАУ
• Тазалау алдында бу үтігін электр желісінен ажыратып, суытыңыз.
• Аспаптың корпусын жұмсақ құрғақ шүберекпен қосымша тазартқыш құралдарды пай-
даланбай сүртіңіз.
• Абразивті тазалау құралдарын және органикалық еріткіштерді пайдаланбаңыз.
• Еш жағдайда аспапты суға батырмаңыз.
ӨЗІН-ӨЗІ ТАЗАРТУЫ
Табанның ішкі бетін бөгде заттардан тазарту үшін, бұл режимді әр 10-15 күн сайын пайдалану
ұсынылады.
• Резервуарды көрсетілген максималды деңгейге дейін толтырыңыз және бу реттегішін
“0” күйіне орнатыңыз.
• Термостаттың бұрылмалы реттегішін максималды температураға қойыңыз
• және индикатордың сөнгенін күтіңіз.
• Ашаны розеткадан шығарып, үтікті раковинаның үстінен көлденеңінен ұстаңыз.
• Су толығымен буланғанша
• бу және бөгде заттар толық шыққанша өзін-өзі тазарту батырмасын басып тұрыңыз.
• Үтіктің табаны әбден салқындағаннан кейін оны дымқыл шүберекпен тазалаңыз.
САҚТАУ
• Егер үтік қолданылмаса, оны электр желісінен ажыратыңыз, суын төгіңіз (әр қолданған
сайын төгіп тұрыңыз) және бу үтігі әбден суығанын күтіңіз.
• Бауды үтіктің түбін айналдыра ораңыз.
• Желілік бауды абайлап ұстаңыз, оны тартпаңыз, бұрамаңыз немесе созбаңыз, әсіресе
ашаның жанында және үтіктің корпусына кіретін жерде бау үзіліп қалуы мүмкін. Егер
үтікті пайдалану кезінде сым бұралып қалса, әлсін-әлсін түзетіңіз;
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспапты балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз!
Характеристики
Остались вопросы?Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)













