Универсальные пекари Polaris PST 0103 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

12. ЭЛЕКТР ҚҰРАЛДАРЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ
КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ЖАЛПЫ
НҰСҚАУЛАР
Аспапты пайдалану «Тұтынушылардың электр қондырғыларды техникалық пайдалану
ережелеріне» сәйкес жүргізілуі тиіс.
Аспапты іске қосар алдында әр кезде қарап байқап шығыңыз. Аспаптың немесе
желілік баусымның зақымдануы болған жағдайда аспапты розеткаға қоспаңыз.
Егер зақымданудың көзге көрінетін белгілері болса, құлағаннан кейін аспапты
пайдаланбау дұрыс болады. Аспапты пайдаланар алдында ол білікті маманмен
тексерілуі керек.
Егер сіз құралдың жұмыс істеу қабілетіне сенімді болмасаңыз, оны пайдаланбаңыз.
Бұл құрал денелік, жүйке немесе психикалық ауытқулары немесе тәжірибе мен
білімнің жеткіліксіздігі бар адамдардың (балаларды қоса алғанда) пайдалануына
арналмаған, мұндай адамдарға қадағалау жүзеге асырылатын немесе олардың
қауіпсіздігіне жауап беретін адамның осы құралды пайдалануына қатысты оларға
нұсқау беретін жағдайларды қоспағанда. Балаларды құралмен ойнауға жол бермеу
мақсатында қадағалауды жүзеге асыру қажет.
Жұмыс істеп тұрған кезде аспапты ешқашан қараусыз қалдырмаңыз. Аспапты балалар
үшін қолжетімсіз жерде сақтаңыз.
Назар аударыңыз!
Аспапты ванналар, шұңғылшалар немесе сумен толтырылған басқа ыдыстар
маңында пайдаланбаңыз.
Аспапты ылғалдылығы жоғары үй-жайларда пайдаланбаңыз.
Аспапты суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз. Аспапты ылғал қолмен
ұстамаңыз. Суланған кезде аспапты дереу желіден ажыратыңыз.
Құрал суға түскен жағдайда оны тез арада желіден өшіріңіз. Бұл ретте ешқандай
жағдайда қолыңызды суға салмаңыз. Қайталап пайдаланар алдында құрал білікті
маманмен тексерілуі тиіс.
Құралды үй-жайдан тыс пайдаланбаңыз. Аспапты ыстықтан, тура күн сәулелерінен,
үшкір бұрыштарға соғылудан сақтандырыңыз.
Құралды тек айнымалы ток көзіне (~) қосыңыз. Қосар алдында желінің парамтерлері
аспап сипаттамасында белгіленгендерге сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Аспап тек жерге тұйықталуы бар желіге қосылуы мүмкін. Сіздің қауіпсіздіңізді
қамтамасыз ету үшін жерге тұйықталу бекітілген электртехникалық нормаларға
сәйкес келуі керек. Бейстандартты қуат көздерін немесе іске қосу құрылғыларын
пайдаланбаңыз.
Қосымша қорғаныс үшін асүйлік техниканың электр қуаттану желісіне 30 мА-дан
аспайтын іске қосылу номинал тогы бар қорғаныс сөндірілу құрылғысын (ҚСҚ) орнату
қисынды болады. Кеңес алу үшін білікті маманға жүгініңіз.
Кез келген қате қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан айырады.
Пайдалану аяқталғаннан кейін, айлабұйымдарды орнату немесе шешу, тазалау
немесе аспап сынған кезінде оны үнемі желіден ажыратыңыз.
Желінің артық жүктелуіне жол бермеңіз, бұл жазатайым оқиғаларға және аспаптың
бұзылуына әкелуі мүмкін. Бұл үшін дәл сол электрлік розеткаға жалғастырғыш тетікті
пайдаланумен басқа аспаптарды қоспаңыз.
44
Характеристики
Остались вопросы?Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)