Смартфоны Motorola Razr Gold (XT2071-4) - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

Құқықтық, қауіпсіздік және нормативтік
ақпарат
Құқықтық ақпарат.
Бұл нұсқаулықта өнімді пайдаланбас бұрын оқып шығу керек маңызды
құқықтық, қауіпсіздік туралы және нормативтік ақпарат берілген. Толық құқықтық ақпарат алу
үшін басты экраннан жоғары қарай жанап өтіңіз де,
Настройки
> тармағын түртіңіз, содан
кейін
Юридическая информация
теріңіз немесе мына мекенжай бойынша өтіңіз:
www.motorola.com/device-legal.
Су жұқпайды.
Телефоныңыз суға төзімді емес. Телефоныңыздың суға төзімді дизайны туралы
қосымша ақпаратты пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
Нормативтік ақпарат (эл.
жапсырма).
Осы телефонға арналған нормативтік ақпаратты көру
үшін басты экраннан жоғары қарай жанап өтіңіз де,
Настройки
> тармағын түртіңіз, содан
кейін
Сертификация
теріңіз немесе мына мекенжай бойынша өтіңіз:
www.motorola.com/device-legal.
Батареяның қауіпсіздігі.
Ықтимал күйіп қалу және жарақат алу қаупін болдырмау үшін
телефондағы батарея Motorola компаниясы мақұлдаған қызмет көрсету орталығында немесе
біліктілігі ұқсас маман тарапынан шығарылуы тиіс.
Егер телефон жауап бермей қалса, қуат түймесін экран өшіп, телефон қайтадан қосылғанша
басып тұрыңыз. Телефонды үйлесімді Motorola зарядтағышымен зарядтаңыз. Басқа
зарядтағыштарды пайдаланбаған жөн. Телефоныңызды -20°C (-4°F) шамасынан төмен немесе
45°C (113°F) шамасынан жоғары температурада зарядтамаңыз. Қосымша ақпаратты осы
нұсқаулықтың «Құқықтық ақпарат» бөлімінен қараңыз немесе мына мекенжай бойынша өтіңіз:
www.motorola.com/device-legal.
Көлік жүргізу кезіндегі сақтық шаралары.
Көлікті жауапкершілікпен және қауіпсіз жүргізу
– көлік жүргізіп келе жатқандағы сіздің басты міндетіңіз. Жергілікті заңдар мен ережелерді
сақтаңыз. Қосымша ақпарат алу үшін және толық құқықтық ақпаратты табу үшін осы
нұсқаулықтың «Құқықтық ақпарат» бөлімін қараңыз немесе мына мекенжай бойынша өтіңіз:
www.motorola.com/device-legal.
Ұстама, көздің қарауытуы, көздің шаршауы және қолайсыздық.
Бұл құрылғы жыпылықтаған
кескіндерді немесе шулы дыбыстарды көрсетуі мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін және толық
құқықтық ақпаратты табу үшін осы нұсқаулықтың «Құқықтық ақпарат» бөлімін қараңыз немесе
мына мекенжай бойынша өтіңіз: www.motorola.com/device-legal.
Медициналық құрылғылар.
Бұл құрылғы кардиостимуляторларға және басқа медициналық
құрылғыларға кедергі келтіруі мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін және толық құқықтық
ақпаратты табу үшін осы нұсқаулықтың «Құқықтық ақпарат» бөлімін қараңыз немесе мына
мекенжай бойынша өтіңіз: www.motorola.com/device-legal.
motorola.com
1-класты лазер.
Бұл құрылғы 1-класты лазер өнімі ретінде жіктеледі және
IEC60825-1:2007 және IEC60825-1:2014 стандарттарына сәйкес қалыпты
жағдайларда пайдалану үшін қауіпсіз болып саналады. Бұл құрылғы, 24 маусым
2007 жылы шығарылған лазер туралы 50-хабарлама негізіндегі ауытқуларды есепке алмағанда,
21 CFR 1040.10 және 1040.11 ережелеріне сәйкес келеді. Түрлендіруге немесе бөлшектеуге әрекет
жасамаңыз.
Тым ыстық немесе суық жер.
Телефоныңызды -20°C (-4°F) шамасынан төмен немесе 45°C
(113°F) шамасынан жоғары температурада пайдаланбаңыз. Телефоныңызды -20°C (-4°F)
шамасынан төмен немесе 60°C (140°F) шамасынан жоғары температурада сақтамаңыз/
тасымалдамаңыз.
Қосымша ескертулер.
Телефондарды қоғамдық орындарда пайдаланғанда ілінген
маңдайшалардағы барлық ескертулердің талаптарын орындаңыз.
•
Жарылыс қаупі бар аймақтар:
ықтимал жарылыс аймақтары әрдайым болмаса да, жиі
таңбалануы және оларға жарылыс жұмыстары жүргізілетін аймақтар, май құю станциялары,
май құю аймақтары (мысалы, кемелердегі палуба астындағы орындар), жанармайды немесе
химиялық заттарды тасымалдау немесе сақтау қондырғылары, не болмаса ауасында
түйіршікті шаң немесе металл ұнтақтары сияқты химиялық заттар немесе бөлшектер бар
аймақтар жатуы мүмкін.
Мұндай аймаққа кірмес бұрын телефоныңызды өшіріңіз және батареяларды зарядтамаңыз.
Мұндай аймақтарда ұшқын пайда болып, жарылыс немесе өрт шығу қаупін тудыруы мүмкін.
•
Таңбалардың түсіндірмесі:
зарядтағышта, телефонда, батареяда (егер пайдаланушы шығара
алатын болса), телефон дисплейінде, пайдаланушы нұсқаулығында немесе бумада таңбалар
болуы мүмкін және олар былайша анықталады:
032374o
Қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат беріледі.
Телефонмен бірге жеткізілген қаптаманы және қағаз өнімдерді қайта
өңдеуге болады.
Батареяны немесе телефонды тұрмыстық қоқыстармен бірге тастамаңыз.
Қосымша ақпаратты «Қоқысқа тастау және қайта өңдеу» бөлімінен
қараңыз.
032376o
Батареяны немесе телефонды отқа тастамаңыз.
Тек ғимарат ішінде пайдалануға арналған.
Гарнитура немесе құлақаспап арқылы музыканы немесе дауысты жоғары
дыбыс деңгейінде тыңдау есту қабілетіңізге зақым келтіруі мүмкін.
Жоғары дыбыс деңгейін пайдалану туралы ескерту.
Есту жүйесін зақымдап алмау үшін
жоғары дыбыс деңгейінде ұзақ уақыт тыңдамаңыз. Құлаққабыңыздың дыбыс деңгейі
жоғары деңгей шегіне жеткен кезде, ескерту көрсетіледі. Оны жабу үшін
OK
түймесін
басыңыз немесе бірден бес секундқа дейін күтіп, ескертуді жабу және дыбыс деңгейін
әрі қарай реттеу үшін дыбыс деңгейін көтеру түймесін басыңыз.
Кәдеге жарату және қайта өңдеу.
Өнімдер мен
қаптаманы жауапкершілікпен қайта өңдеу бойынша анықтама алу үшін мына мекенжай
бойынша өтіңіз: www.motorola.com/recycling.
Пайдалану.
Бұл телефон көп деректерді пайдалануы мүмкін қолданбалар мен қызметтерді
қолдайды, сондықтан тарифтік жоспарыңыздың талаптарыңызға сәйкестігін тексеріңіз.
Мәліметтер алу үшін қызмет провайдеріне хабарласыңыз. Кейбір қолданбалар мен мүмкіндіктер
CLASS 1 LASER PRODUCT
барлық елдерде қолжетімді бола бермеуі мүмкін.
Кепілдік.
Бұл өнім Motorola компаниясының шектеулі кепілдігінде қамтылған. Телефоннан
кепілдікті көру үшін жоғары жанап өтіңіз және
Настройки
> опциясын түртіңіз, содан кейін
Юридическая информация
теріңіз немесе www.motorola.com/device-legal веб-сайтына өтіңіз.
Сондай-ақ мына мекенжай бойынша Motorola компаниясына хабарласу арқылы кепілдіктің
көшірмесін алуға болады: Motorola Mobility LLC, Attention Customer Service--Warranty Request, 222
West Merchandise Mart Plaza, Suite 1800, Chicago, IL 60654.
Төрелік сот және бас тарту.
Заңмен тыйым салынғаннан басқа жағдайларда Motorola өніміне
байланысты кез келген дау немесе наразылықтар, сіз бас тартпаған жағдайда, соттың орнына
төрелікте қаралады. Бас тарту үшін сатып алғаннан кейін 30 күн ішінде атыңыз, мекенжай,
телефон нөмірі, телефон және телефонның сериялық нөмірі бар және Motorola компаниясына
осы төрелік сот ережесін қабылдамау туралы хабарлайтын жазбаша қабылдамау ескертуін мына
мекенжайға жіберіңіз: Motorola Mobility LLC, 222 West Merchandise Mart Plaza, Suite 1800, Attn:
Arbitration Provision Opt-Out, Chicago, IL 60654 немесе arbitrat@motorola.com. Телефонның
сериялық (IMEI) нөмірін табу үшін басты экранда жоғары жанап өтіңіз және
Настройки
>
түртіңіз, содан кейін
IMEI
нөмірін теріңіз. Осы төрелік сот ережесі туралы қосымша ақпарат алу
үшін телефоныңызда жоғары жанап өтіңіз және
Настройки
> түртіңіз, содан кейін
Юридическая информация
теріңіз немесе www.motorola.com/device-legal веб-сайтына кіріңіз.
SAR туралы ақпарат (эл. жапсырмада).
Осы телефонға арналған меншікті сіңіру
коэффициентінің (SAR) мәндерін көру үшін басты экраннан жоғары қарай жанап өтіңіз де,
Настройки
> тармағын түртіңіз, содан кейін телефоныңыздың нөмір теру тақтасынан
Этикетки сертификации
теріп,
*#07#
пәрменін теріңіз немесе www.motorola.com/sar сайтына
өтіңіз.
Қолдау көрсетілетін жиіліктер мен қуат.
Бұл телефон орналасқан жері мен желінің
қолжетімділігіне байланысты төмендегідей жиіліктерде жұмыс істей алады.
Үлгісі: XT2071-4
Жұмыс режимі
Жиілік ауқымы, МГц/жолақ
Ең жоғарғы номиналды
тарату қуаты (өткізілетін),
дБм
Bluetooth
2400 - 2483,5
20
Wi-Fi
2400 - 2483,5
20
Wi-Fi
5150 - 5250
23 (Украинада 20)
Wi-Fi
5250 - 5350
20
Wi-Fi
5470 - 5725
20
Wi-Fi
5725 - 5850
14
NFC
13,56
-15,29 дБмкА/м @10 м
GPS
1559 - 1610
Жоқ
GSM
2/3/5/8
33/30
UMTS
1/2/4/5/6/8/19
24
LTE
1/2/3/4/5/7/8/12/13/17/18/19/20/26/28/34/
38/39/40/41/42/46/66/71
23
NR (қолдау
көрсетілгенде)
n1/3/5/7/28/41*/77/78*/79*
23/26*
Радиожиілік энергиясының әсері және телефон жұмысы.
Телефонда радиожиілік энергиясын
жібергіш пен қабылдағыш бар. Ол адамның радиожиілік әсеріне ұшырауына қойылатын
нормативтік талаптарға сай жасалған. Телефонның оңтайлы жұмысы үшін және радиожиілік
әсері туралы нұсқауларға сай болу үшін:
• Телефонмен сөйлескенде оны қалыпты ұстаңыз.
• Телефонды денеңізге жақын пайдаланғанда (қолыңызда ұстап немесе басыңызға жақын
қолданғаннан басқа кезде) телефонның радиожілік әсеріне қойылатын талаптарға сай болу
үшін сыналған әдісіне сәйкес денеден 5 мм алыс ұстаңыз.
• Егер телефонды Motorola компаниясы шығармаған қосымша футлярмен немесе ұстағышпен
пайдалансаңыз, аксессуар үшін қажетті арақашықтық сақталуын және металл бөліктерінің
болмауын қадағалаңыз.
Украинаның радио байланыс талаптарына сәйкестігі.
Осымен Motorola Mobility LLC атты
өндіруші осы радио жабдықтың радио жабдық бойынша техникалық ережесіне сәйкес
келетіндігін жариялайды. Сәйкестік декларациясының толық мәтіні мына мекенжай бойынша
қолжетімді: www.motorola.com/red.
Бірыңғайланған өнім айналымының белгісі.
Техникалық ережелердің талаптарына
сәйкестік: смартфон мына стандарттардың талаптарына сәйкес келеді: ТР ТС 020/2011
«техникалық құралдардың электрмагниттік үйлесімділігі». ТР ЕАЭО 037/2016 «Электрлік
және электрондық радио жабдығында қауіпті заттардың пайдаланылуын шектеу
бойынша». Зарядтағыш (АТ адаптері) мына стандарттардың талаптарына сәйкес келеді: ТР
ТС 004/2011 «төмен кернеулі жабдықтың қауіпсіздігі бойынша». ТР ТС 020/2011 «техникалық
құралдардың электрмагниттік үйлесімділігі». ТР ЕАЭО 037/2016 «Электрлік және электрондық
радио жабдығында қауіпті заттардың пайдаланылуын шектеу бойынша». Сәйкестік белгісі:
Ресей талаптарына сәйкестігі.
Жеке және бизнес мақсаттарына арналған, дауыстық қоңырау
шалу, мәтіндік хабарлар жіберу, деректерді тасымалдау үшін жобаланған, әртүрлі байланыс
профильдеріне (Wi-Fi, Bluetooth, GSM, CDMA және т.б.) және қолданбаларға қолдау көрсететін
смартфон.
Өндіруші: Моторола Мобилити ЛЛС, 222 В. Мерчандисе Март Плаза, Суите 1800, Чикаго, ИЛ
60654, АҚШ (Motorola Mobility LLC, 222 W. Merchandise Mart Plaza, Suite 1800, Chicago, IL 60654,
USA)
Қытайда жасалған. Өкіл: LLC Lenovo EE/A, 143401, Мәскеу өңірі, Красногорск, Құрылысшылар
бульвары 4, 1-ғимарат, A бөлімі, 7-қабат.
Импорттаушы: импорттаушының атауын қаптама затбелгісінде/жапсырмасында* табуға болады.
Өндірілген күні: қаптама затбелгісін*, «Күні» жолағын (күні жыл-ай-күн пішімінде көрсетілген)
қараңыз.
* ГОСТ 2.601-2013 «Жобалау құжаттамасының бірыңғайланған жүйесі. Пайдалану бойынша
нұсқаулық» стандарты, 5.1 бабы, 5.1.2 тармағы бойынша жапсырма/затбелгі пайдалану бойынша
нұсқаулықтың түрі ретінде қарастырылады.
Өнімнің қызмет ету мерзімі: 2 жыл.
Қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары.
Егер сұрақтарыңыз болса немесе көмек қажет
болса, біз анықтама беруге дайынбыз. Мына www.motorola.com/support веб-сайтына өтіп,
тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарының нөмірін таңдауға болады.
Авторлық құқық және сауда белгілері.
MOTOROLA, стильденген M логотипі, MOTO және MOTO
белгілерінің тобы – Motorola Trademark Holdings, LLC компаниясының сауда белгілері немесе
тіркелген сауда белгілері. LENOVO – Lenovo компаниясының сауда белгісі. Басқа өнім немесе
қызмет атауларының барлығы – тиісті иелерінің меншігі.
© 2020 Motorola Mobility LLC. Барлық құқықтары қорғалған.
Motorola Mobility LLC
222 W. Merchandise Mart Plaza
Chicago, IL 60654
www.motorola.com
Телефоныңызға арналған SAR және/немесе PD мәндерін көру үшін мына мекенжай
бойынша өтіңіз: www.motorola.com/sar.
Бұл өнімді басыңызға тақап қалыпты пайдаланғанда, денеден 5 мм қашықтықта
тағып немесе тасып жүргенде, ол қолданыстағы мемлекеттік немесе халықаралық
радиожиілік сәулелерінің әсері жөніндегі нұсқаулыққа (SAR нұсқаулығы) сай болады. Денеге
кию кезінде РЖ экспозиция нұсқаулықтарына сәйкес келу үшін, құрылғы денеден кемінде осы
қашықтықта орналастырылуы керек. SAR нұсқаулығы жасына және денсаулық жағдайына
қарамастан, барлық адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті елеулі сенімділік
коэффициентін қамтиды.
Қосымша ақпаратты көру үшін www.motorola.com/rfhealth веб-сайтына өтіңіз.
Гарантийный талон
№:
______________________________________________
Имя клиента:
____________________________________
Адрес:
__________________________________________
Электронная почта:
_______________________________
Телефон:
________________________________________
Модель:
_________________________________________
IMEI-код 1:
_______________________________________
IMEI-код 2:
_______________________________________
Серийный номер:
_________________________________
Номер по каталогу:
_______________________________
Название магазина:
_______________________________
Дата приобретения:
______________________________
Официальный дистрибьютор:
______________________
Печать магазина:
Подпись продавца:
_______________________________
Подпись клиента:
________________________________
Экземпляр для клиента