Роботы-пылесосы Hyundai H-VCRS02 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

16.
Зарядтау бекетін жалғау
Аккумулятор зарядтала алуы үшін аспаптағы зарядтау құрылғысының түйіспелері мен
зарядтау бекеті әрқашан да таза болуы керек Бұл үшін оларды мезгіл-мезгіл құрғақ
шүберекпен сүртіп отырыңыз.
Зарядтау бекетін артқы жағын қабырғаға қаратып, таза тегіс еденге, розетканың
жанына орнатыңыз. Аспаптың зарядтау бекетіне баратын жолында кедергілер
болмауға тиіс. Зарядтау бекетінің алдында жиһаз бен басқа заттар жоқ 1.5-2 метр бос
кеңістік болуға тиіс. Зарядтау бекетінің артқы жағында шағылыстыратын заттар
(мысалы, айналар) болмауы керек.
Адаптерді зарядтау бекетіне жалғаңыз да, адаптердің ашасын электр желісіне
қосыңыз.
Аккумуляторды зарядтау
Бірнеше айда бір рет аккумулятордың зарядын толық тауысыңыз да, қайтадан
зарядтаңыз.
Алғаш рет тоққа қосар алдында немесе аспап ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған
болса, аккумуляторды зарядтау үшін шамамен 12 сағат керек болады; одан кейін
бұған шамамен 3 - 4 сағат уақыт кетеді. Аккумулятор ең көп дегенде толық зарядтау
мен таусылудың толық 2-3 циклынан кейін зарядталатын болады.
Егер аккумулятордың қуаты түгелдей таусылса, ал аспап зарядталу үшін өз бетімен
қайтып орала алмаса, оны зарядтау бекетіне қолдан орнату қажет.
Аккумулятордың заряды таусылуға айналған бетте аспап зарядтау бекетіне өзі бет
алады да, сол жерде аккумулятор автоматты түрде зарядталады. Бұл үшін зарядтау
бекеті электр желісіне жалғаулы болуы керек.
Дайындау
Аспап ұзын түкті кілемдерді тазалауға жарамайды.
Жұмысқа кірісер алдында аспаптың ішіне түсіп кетуі немесе оның қозғалысына кедергі
келтіруі мүмкін барлық заттарды еденнен алып тастаңыз.
Аспаптың
жолында
сым,
кабель,
перде
шашақтарының,
қапшықтардың
кездеспейтініне көз жеткізіңіз.
Аспап қағып кетуі мүмкін барлық заттарды (мысалы, ваза, шағын үстел шамдары,
безендіргіш элементтер) жинап тастаңыз.
Көршілес екі заттың арасынан аспап өтіп кете алуы үшін олардың арасында кем
дегенде 40 см орын қалуға тиіс.
Егер жиһаздың асты өте төмен болса, аспап олардың астында кептеліп қалуы мүмкін.
Оның жолына тосқауыл, мысалы, гүл егілген құмыраны қойыңыз.
Жұмысы
Жұмысты бастау үшін аспаптағы
іске қосу батырмасын басыңыз, аспап автоматты
түрде іске қосылады және күту режиміне көшеді.
Егер аспап күту режимінде 5 минуттан артық тұрса, ол автоматты түрде сөнеді.
Аспапты мәжбүрлеп іске қосу үшін іске қосу батырмасын тағы бір рет басыңыз.
Аспапты зарядталуға базаға жіберу үшін аспаптағы
базаға оралу батырмасын
басыңыз.