Пылесос VITEK 8142-VT-01 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

14
ҚАЗАҚША
•
Жинауды бастау алдында еденнен құралдың
бұзылуына жол бермеу үшін үшкір заттарды
алып тастаңыз.
•
Егер жинастыру кезінде шаңсорғыштың сорғызу
қуаты кенет азайып қалса, оны дереу сөндіріңіз
және ұзартқыш түтікті (3) немесе құбыршекті (6)
қоқыстануына қатысты тексеріңіз. Шаңсорғышты
сөндіріңіз, содан кейін оны электр желісінен
ажыратыңыз, қоқыстануды жойыңыз, және осыдан
кейін ғана жинастыруды жалғастыруға болады.
ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Шаңсорғышты орнатылған
шаң жинағыш-контейнерімен (7) және оған
орнатылған НЕРА-сүзгісімен (18), тор-сүзгісімен
(19), сонымен қатар торға орнатылған шығыс ауа
сүзгісімен (16) ғана іске қосуға болады. Сүзгілер
мен сүзгі-тордың дұрыс орнатылғанын міндетті
түрде тексеріңіз.
•
Жұмысты бастамас бұрын желілік сымды қажетті
ұзындыққа тартыңыз және желілік бау ашасын
электрлік розеткаға қосыңыз.
•
Желілік баудағы сары белгі желілік баудың
максималдық ұзындығын білдіреді. Желілік бауды
қызыл белгіден әрі шығаруға тыйым салынады.
•
Шаңсорғышты іске қосу үшін қосу/өшіру (15)
түймесін басыңыз.
•
Жұмыс істеу уақытында сіз сору қуаттылығын
иілгіш құбыршектің қолсабында (5) орналасқан,
сору қуаттылығының қол реттегіші (4) көмегімен
реттей аласыз. Үй-жайдағы жинастыруды
аяқтағаннан кейін қосу/сөндіру пернесіне (15)
басыңыз және желі бауының ашасын электр
розеткасынан суырыңыз.
•
Желілік бауды орау үшін пернеге (12) басыңыз,
оралып жатқан баудың соғылуы мен бұзылуына
жол бермеу үшін оны қолмен ұстаңыз.
•
Жинастыру арасындағы үзілістерде қылшақты
(1) көлденең «тұрақ» орнына (14) орнатуға
болады.
Ескерту: қылшақты (1) немесе қондырмаларды
(20, 21) ауыстыру, шаңжинағыш-контейнерді
(7) тазалау алдында шаңсорғышты сөндіріңіз
және желілік бау ашасын электрлік розеткадан
шығарыңыз.
HEPA ТАЗАРТУ ЖҮЙЕСІ
Циклондық шаңсорғыш шаң жинауға арналған
қапсыз жұмыс істейді. Сорылатын кір ауа
ағынының күшімен шаң жинағыш-контейнерге (7)
шығарылады. Ауа шаң жинағыш контейнерінің және
торда (16) орналасқан шығыс ауа поролон сүзгісінің
ішінде орналасқан көп рет қолданылатын, жуылатын
HEPA-сүзгінің (18) көмегімен тазартылады.
Назар аударыңыз!
Ешқашан
шаңсорғышты
сүзгісіз
немесе
зақымдалған сүзгімен пайдаланбаңыз. Құрылғыға
енгенде сорылатын шаң моторды зақымдауы
мүмкін.
Мотордың сақтандырғыш клапаны
Құрылғыда қорғаныш клапаны бар, шаң жинағыш
шаңға толып, HEPA сүзгісі бұғатталған болса
немесе ауа арнасы бұғатталған болса, мотордың
қызмет ету мерзімін ұзарту үшін, оның қызып кетуіне
жол бермей қорғаныш клапан автоматты түрде
қосылады.
Шаңжинағыш-контейнерді (7) тазалау
Шаң жинағыш-контейнерді қоқыс пен шаңнан
тазарту қарапайым және ыңғайлы.
Мөлдір шаң жинағыш-контейнердің толтырылу
дәрежесін бақылау өте оңай.
Шаң мен қоқыстан бөтен иістердің пайда болуына
жол бермеу мақсатында үй-жайды әрбір жинағаннан
кейін шаңжинағыш-контейнерден (7) қоқыс пен
шаңды тазалау керек.
–
Шаңсорғышты сөндіріңіз және оны электр
желісінен ажыратыңыз.
–
Иілгіш құбыршекті (6) шаң жинағыш-
контейнерден (7) ажыратыңыз, ол үшін иілгіш
құбыршектің ұштамасын (8) сағат тіліне қарсы
бұраңыз.
–
Қолсаптан (11) ұстаңыз, батырмаға (13) басыңыз
және шаңжинағыш-контейнерді (7) шаңсорғыш
корпусынан жоғары бағытта шығарыңыз.
–
Шаңжинағыш-контейнерді қоқыс шелегінің
үстіне қойыңыз және шаңжинағыш-контейнердің
қақпағы бекітпесін (17) басыңыз, қақпақ
автоматты түрде ашылады, шаң жинағыш-
контейнерден (7) шаң мен қоқысты шығарыңыз.
–
Шаңжинағыш-контейнердің қақпағын, жабаңыз,
оның сенімді бекітілгендігіне көз жеткізіңіз.
–
Шаңжинағыш-контейнерді
және
иілгіш
құбыршекті орнына қойыңыз.
HEPA-сүзгінің (18) тазартылуы
HEPA-сүзгі (18) мен сүзгі-торды (19) мезгілімен
тазартып отыру қажет. Тазартуды шаң жинағыш-
контейнерді тазалау кезінде орындаған жақсы.
–
Шаң жинағыш-контейнерді (7) шаңсорғыш
корпусынан, алдындағы бөлімде баяндалғандай
алып шығыңыз.
–
Қолсаптан (11) ұстаңыз, шаң жинағыш-
контейнерді сағат тіліне қарсы ақырын
бұраңыз және оны сүзгі блогының сүзгісінен
(10) ажыратыңыз. Содан соң HEPA-сүзгіні (18)
сүзгілер блогін (10) қақпақтан ажыратыңыз, ол
үшін тағы сағат тіліне қарсы ақырын бұраңыз.
–
HEPA-сүзгіден (18) сүзгі-торды (19) шешіп
алыңыз.
–
Енді HEPA-сүзгіні, сүзгі-торды және контейнердің
өзін жылы ағынды судың астында жуыңыз және
құрғатыңыз.
Назар аударыңыз!
–
Сүзгіні тек таза сумен тазалаңыз және сабын
немесе жуғыш затты пайдаланбаңыз. Бұл
сүзгіні зақымдайды.
–
Сүзгіні шаю үшін ыдыс жуатын машинаны
қолданбаңыз.
–
НЕРА-сүзгіні құрғату үшін фенді пайдалануға
тыйым салынады.
–
Сүзгі-торды (19) HEPA-сүзгіге (18) кигізіңіз.
–
HEPA-сүзгіні (18) қақпаққа (10) қайта орнатыңыз
және оны сағат тілі бағытына бекігенге дейін
бұрыңыз.
IM VT-8142.indd 14
8/25/20 2:41 PM