Electrolux EKC 51100 OW - Инструкция по эксплуатации - Страница 5

Плита Electrolux EKC 51100 OW - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.

Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.

"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.
Страница:
/ 40
Загружаем инструкцию
background image

– құрылғының табанына ешбір затты тура

қоймаңыз және оны алюминий

фольгамен жаппаңыз;

– құрылғының ішіне ыстық суды тура

қоймаңыз;

– тамақ пісіріп болғаннан кейін дымқыл

ыдыс пен тағамды құрылғының ішінде

ұстамаңыз.

• Ашық тұрған құрылғы есігіне күш салмаңыз.
• Тұмшапештің астыңғы бөлігіне тұтанғыш

заттарды қоймаңыз. Онда тек қызуға

төзімді заттарды (егер болса) ғана

қойыңыз.

• Тұмшапештің бу шығатын саңылауларын

жаппаңыз. Олар тұмшапештің артқы

жағының үстін ала орналасқан (егер бар

болса).

• Еріп кетуі мүмкін нәрсені пештің үстіне

қоймаңыз.

• Бетіне сызат түскенін байқасаңыз, дереу

тоқтан ажыратыңыз. Электр тоғына түсу

қаупі бар.

• Қызу өткізгіш материалдарды (мысалы,

жұқа темір тор немесе металл жалатылған

қызу өткізгіштер) ыдыстың астына

қоймаңыз. Аса көп қызу шағылысынан,

пештің шыны бетіне нұқсан келуі мүмкін.

• Құрылғыны сыртқы таймердің көмегімен

немесе бөлек қашықтан басқару жүйесімен

басқармаңыз.

1.6 Күту менен тазалау

• Жуып-тазалардың алдында құрылғының

суық екеніне көз жеткізіңіз. Күйіп қалу қаупі

бар. Шыны панелі сынып қалуы мүмкін.

• Құрылғыны әрқашан таза ұстаңыз.

Жиналып қалған май не тағам қалдықтары

өрт қатерін тудыруы мүмкін.

• Құрылғыны үнемі тазалап отырса, оның

беткі қабаты бүлінбейді.

• Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету және

мүлікке зиян келтірмеу үшін құрылғыны тек

сабынды сумен жуыңыз. Тұтанғыш

заттарды немесе тот басуына себеп

болатын заттарды қолданбаңыз.

• Құрылғыны бумен тазалайтын, жоғары

қысыммен тазалайтын құралдармен, өткір,

түрпілі тазартқыш заттармен, түрпілі

жөкелермен және дақ кетіргіштермен

тазаламаңыз

• Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз, оны

өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.

Қыздырғыш элементтері мен термостат

сенсорына (қолданылатын болса) ешбір зат

бүрікпеңіз.

• Шыны есікті жеміргіш заттармен немесе

металл қырғышпен тазаламаңыз. Ішкі

шыны панельдің қызуға төзімді беті сынуы

немесе шытынауы мүмкін.

• Есіктің шыны панельдеріне нұқсан келсе,

босап, сынып қалуы мүмкін. Оларды

міндетті түрде ауыстыру керек. Қызмет

көрсету орталығына хабарласыңыз.

• Құрылғының есігін алған кезде абай

болыңыз. Есіктің салмағы ауыр.

• Осы құрылғыда тек тұрмыстық

құрылғыларда пайдалануға арналған

арнайы шамдар ғана қолданылған. Оларды

бөлмені жартылай немесе толықтай

жарықтандыру үшін қолдануға болмайды.

• Егер шамды ауыстыру қажет болса, қуаты

дәл осындай, тұрмыстық құрылғыларға

арналған шамды ғана қолданыңыз.

• Тұмшапештің шамын ауыстырар алдында

құрылғыны электр желісінен ағытыңыз.

Электр тоғына түсу қаупі бар. Құрылғы

суығанша күтіңіз. Күйіп қалу қаупі бар.

1.7 Қызмет көрсету орталығы

• Тек уәкілетті техниктің ғана құрылғыны

жөндеуіне немесе оған қатысты жұмысты

орындауына болады. Уәкілетті қызмет

көрсету орталығына хабарласыңыз.

• Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді ғана

қолданыңыз.

1.8 Құрылғыны тастау

• Адам жарақаттанып немесе мүлікке зиян

келмес үшін:
– Құрылғыны электр желісінен

ажыратыңыз.

– Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа

тастаңыз.

– Есіктің бекітпесін ағытып алыңыз. Бұл

кішкентай балалардың немесе үй

жануарларының құрылғының ішіне кіріп,

қамалып қалуына жол бермейді.

Тұншығып қалу қаупі бар.

ҚАЗАҚ

5

Полезные видео

Характеристики

Оцените статью
tehnopanorama.ru
Остались вопросы?

Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)

Задать вопрос

Часто задаваемые вопросы
Как посмотреть инструкцию к Electrolux EKC 51100 OW?
Необходимо подождать полной загрузки инструкции в сером окне на данной странице
Руководство на русском языке?
Все наши руководства представлены на русском языке или схематично, поэтому вы без труда сможете разобраться с вашей моделью
Как скопировать текст из PDF?
Чтобы скопировать текст со страницы инструкции воспользуйтесь вкладкой "HTML"