Печи Maxwell MW-1855 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

14
ҚАЗАҚША
– Құрылғыны максималды қызу режиміне
қосыңыз, ол үшін «ТЕМПЕРАТУРА» реттегішін
(5) бұраңыз және оны «250» күйіне орнатыңыз.
– «ТАЙМЕР» (8) тұтқасын сағат тілі бойынша
бұраңыз және жұмыс уақытын 10-15 минутқа
белгілеңіз, құрылғы іске қосылады және
көрсеткіш (6) жанады. Жұмыстың аяқталғаны
туралы дыбыстық белгі хабарлайды.
– Ескертпе: Алғашқы пайдаланған кезде бөтен
иіс және қыздырғыш элементтен аз мөлшерде
түтін шығуы мүмкін, бұған рұқсат етіледі.
РЕЖИМДЕР МЕН КЕРЕК-ЖАРАҚТАР
Температура реттегіші «ТЕМПЕРАТУРА» (5)
Реттегіш (5) пісіру, қуыру немесе тосттар жасау
үшін қажетті температураны 100 °С- ден 250 °С-
ге дейін орнатуға мүмкіндік береді.
Жұмыстың жарық индикаторы (6)
Жанып тұрған көрсеткіш (6) құрылғының іске
қосулы (әзірлеу режимінде) екенін білдіреді.
«РЕЖИМ» жұмыс режимдерін ауыстыру
қосқышы (7)
Мини пештің 4 жұмыс режимі бар:
Температураны сақтау
Гриль (жоғарғы қыздыру)
Қуыру (төменгі қыздыру) .
Жоғарғы және төменгі қыздыру .
«ТАЙМЕР» жұмыс уақыты таймері (8)
Таймерде уақытты орнатуға болады – 10-20-30-40-
50-60 минут. Таймерді өшіру тұтқаны бұрау
Тор (11)
Өнімдерді қуыру немесе жібіту үшін торды
пайдаланыңыз. Төменгі қыздырғыш элементтің
ластануына жол бремеу үшін тордың астына
міндетті түрде қаңылтыр табаны (10) орнатыңыз.
Торды жұмыс камерасының ішінен тұтқаның (9)
көмегімен шығарып алыңыз.
Қаңылтыр таба (10)
Қаңылтыр табаны тағамдарды әзірлеу үшін,
сондай-ақ төменгі қыздырғыш элементті ластану-
дан қорғау үшін пайдаланыңыз (оны тордың (11)
астына орнатыңыз). Жұмыс кезінде қаңылтыр
таба (10) қызады, оны жұмыс камерасының ішінен
тұтқаның (9) көмегімен шығарыңыз.
Ескертпе: Тұтқада (9) қаңылтыр табаны (10)
ұстауға арналған үлкен ілгек және торға (11)
арналған кішкене ілгек бар.
Назар аударыңыз! Құрылғының беті және
жабдықтары жұмыс кезінде қатты қызады!
Асүйлік қолғаптарды, ұстағыштарды және
тұтқаны (9) қолданыңыз.
Тұтқа (9)
Торды және пісіру парағын ыстық болған кезде
алуға мүмкіндік береді.
АҒАМДАРДЫ ӘЗІРЛЕУ
– Тағамдарды торға (11) немесе қаңылтыр
табаға (10) салыңыз.
Ескертпе: Тордың (11) астына майды,
сұйықтықты немесе қоқымдарды жинау үшін
қаңылтыр табаны (10) орнату керек.
– Есікті (2) жабыңыз.
– Желілік баусымның ашасын электрлік
ашалыққа салыңыз.
«ТЕМПЕРАТУРА» реттегішінің (5) көмегімен
әзірлеу температурасын белгілеңіз.
Ескерту:
– Жұмыс камерасының шағын көлемі
белгіленген температураға дейін жылдам
қызады.
– Нан, кекс немесе бәліш пісірген кезде темпе-
ратураны рецепте көрсетілгеннен 10-15ºС
градусқа төмен етіп орнатыңыз.
– Қажетті жұмыс режимін таңдау үшін «РЕЖИМ»
қосқышын (7) пайдаланыңыз.
– «ТАЙМЕР» (8) тұтқасының көмегімен әзірлеу
уақытын белгілеңіз. Әзірлеу уақытын белгілеу
үшін «ТАЙМЕР» (8) тұтқасын оңға бұраңыз,
пеш әзірлеу режиміне жұмыс істейді, ал
көрсеткіш (6) жанып тұрады. Белгіленген
уақыт аяқталған кезде құрылғы ажыратыла-
ды, ол туралы дыбыстық белгі хабарлайды,
көрсеткіш (6) сөнеді.
– Ростерді тұрақты жұмыс істеу режиміне қосу
үшін таймердің тұтқасын (4) күйіне орнату
керек
. Ростер сіз өшірмейінше жұмыс
істейді. Ростерді ажырату үшін таймердің
тұтқасын (45) «ӨШІРУ» өшірулі күйіне
орнатыңыз.
Ескерту:
– Әзірлеу
уақыты
пайдаланылатын
тағамдардың салмағына, сапасына және
қалыңдығына байланысты, сондықтан ең
қысқа әзірлеу уақытын белгілеңіз, одан кейін
қажеттілігіне орай әзірлеу уақытын ұзартуға
болады.
– Мини пешті ажырату үшін «ТАЙМЕР» (8)
тұтқасын « OFF » сөндірілген күйіне белгілеңіз.
Назар аударыңыз! Жұмыс істеп тұрған
құрылғыны қараусыз қалдырмаңыз және
әзірлеу барысын қадағалаңыз.
– Әзірлеуді аяқтаған соң, желілік баусымның
ашасын электр ашалығынан ажыратып,
құрылғыны сөндіріңіз.
– Қолсаптан (3) ұстаңыз және есігін (2) ашыңыз,
абайлап асүйлік қолғаптарды, ұстауыштарды
немесе қолсапты (9) пайдаланып, тағамдарды
шығарыңыз.