Обогреватели Timberk T-HG2-Q15M - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

IM2022
19
Құрметті сатып алушы!
Сәтті таңдау жасап, осы аспапты сатып алғаныңыз үшін алғыс айтамыз. Ол Сізге ұзақ
қызмет етеді.
1.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ
Аспапты пайдалану алдында пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен мұқият танысуыңызды
сұраймыз. Бұл пайдалану нұсқаулығында сіздің қауіпсіздігіңізге қатысты маңызды ақпарат,
сондай-ақ аспапты дұрыс пайдалану және оны күтіп ұстау жөнінде ұсыныстар бар.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты кепілдік талонмен, кассалық чекпен, мүмкіндігінше
картон қорабымен және орау материалымен бірге сақтаңыз. Осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулықта осы үлгідегі құрылғы түрлері сипатталады. Сіз сатып алған аспап нұсқаулықта
сипатталғаннан өзгеше болуы мүмкін, бұл оны қолдану мен пайдалану тәсілдеріне әс ер
етпейді. Өндіруші қосымша ескертусіз бұйымның конструкциясына оның қауіпсіздігіне,
жұмыс қабілеті мен функционалына түбегейлі әсер етпейтін елеусіз өзгерістер енгізу
құқығын өзіне қалдырады. Осы Нұсқаулықтың мәтінінде және цифрлық белгілерінде
елеусіз қателер жіберілуі мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Маңызды сақтық шаралары және осы нұсқаулықтағы нұсқаулар кез-келген болуы мүмкін
режимдер мен жағдайларды қамтымайды. Дайындаушы аспап немесе оның жекелеген
бөліктері оны тасымалдау кезінде, дұрыс орнатылмауы нәтижесінде, кернеу ауытқуы
нәтижесінде бүлінген жағдайда, сондай-ақ аспаптың қандай да бір бөлігі өзгертілген
немесе модификацияланған жағдайда жауапты болмайды.
ЕСКЕРТПЕ
Бұйымда аспап туралы барлық қажетті техникалық деректер мен басқа да пайдалы
ақпарат көрсетілген заттаңба бар. Аспапты осы Нұсқаулықта көрсетілген мақсаттарда ғана
пайдаланыңыз.
2.
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Электрлік жылу зеңбірегін пайдалану кезінде, бірқатар сақтық шараларын сақтау қажет.
Сақтық шараларын елемей, дұрыс пайдаланбау пайдаланушының және басқа
адамдардың денсаулығына зиян тигізуі, сондай-ақ олардың мүлкіне залал келтіруі мүмкін.
1.
Пайдалану кезінде аспаптың сынуын болдырмау үшін оны пайдалану алдында
осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
2.
Алғашқы рет қосар алдында бұйымда көрсетілген техникалық сипаттамалардың
электр желісі параметрлеріне сәйкес келетінін тексеріңіз.
3.
Бұл аспап жұмыс кезінде өте жоғары температураға дейін қызады. Күйіп қалмау
үшін, қолыңызды және денеңіздің басқа бөліктерін аспаптың ыстық бетіне
тигізбеңіз. Мүліктің қызып кетуінен, оттан немесе жарылыстан бүлінуін болдырмау
үшін:
аспапты жиһаз, шымылдық, жастық, төсек жабдықтары, қағаз, киім, перде
және басқа да тез тұтанатын заттар мен материалдардан кемінде 1 м
қашықтықта орналастырыңыз;
киімді, сүлгілерді және әлдебір басқа материалдарды жылытқышпен
құрғатпаңыз;
аспаптың орнын ауыстыру үшін, алдымен оны суытып алыңыз. Аспапты
жылжыту үшін кіріктірілген тұтқаны пайдаланыңыз.
4.
Балаларды олардың аспаппен ойнауына жол бермеу үшін бақылауда ұстау керек.
5.
Егер бұйым біраз уақыт 0°С төмен температурада болса, қосар алдында оны
бөлме жағдайында кемінде 2 сағат ұстау керек.
6.
Үй-жайдан тыс жерде немесе жоғары ылғалдылық жағдайында пайдалануға
болмайды.