Мультиварки Polaris PMC 0364AD - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

61
7.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ САҚТАУ ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Электрлі құралдарды нақты бір көлік түрінде әрекет ететін жүкті тасымалдау ережелеріне сәйкес жабық көлік құралдарының кез келген түрінде тасымалдайды
Құралды тасымалдау барысында түпнұсқалық зауыттық ораманы пайдаланыңыз.
Құралдарды тасымалдау барысында оларды тікелей атмосфералық жауынның түсуінен, агрессивті ортадан сақтау қажет.
Электрлі құрылғылыр қоршаған ауа температурасы плюс 40ºС -тан аспайтын және салыстырмалы ылғалдығы 70%-дан жоғары емес, қышқылды және
электрлі құралдар материалдарына теріс әсер ететін өзге де будың, шаңның болмауы жағдайында жабық, құрғақ әрі таза бөлмежайда сақталуы тиіс.
8.
ҚАЛДЫҚТАРДЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ ЖӨНІНДЕГІ ТАЛАПТАР
Бұйымды кәдеге жарату барысында пайда болатын қалдықтар белгіленген тәртіппен және салалық нормативті құжаттар, соның ішінде «Өндіріс пен тұтыну
қалдықтарын орналастыру мен залалсыздандыру бойынша гигиеналық талаптар» Санитарлық ережелер мен нормаларға 2.1.7.1322-03 сәйкес кәдеге жарату
үшін міндетті түрде жиналуы тиіс.
Назар аударыңыз!
Пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін электр құрылғыны әдеттегі тұрмыстық қалдықтармен бірге лақтырмай, оны одан әрі кәдеге
жарату мақсатында, қалдықтарды қабылдаумен, қайта өндеумен және кәдеге жаратумен айналысатын ресми пунктке өткізіңіз. Сөйтіп, Сіз қоршаған
ортаны сақтауға көмектесесіз.
Өрттің пайда болуын алдын-алу, электр тогымен зақымданбау, құрылғыны пайдалану барысында жарақаттан сақтанып, оны бүлдіріп алмас үшін,
құрылғыны қолдану барысында қауіпсіздік сақтау жөніндегі ережелерінің негізгі талаптары мен шараларын, сондай-ақ электр құрылғыларымен
жұмыс атқару барысында қауіпсіздік бойынша жалпы нұсқауларды қатаң түрде қадағалап тұрыңыз және осы нұсқалықта берілген барлық
қауіпсіздік сақтау жөніндегі ережелерінің талаптары сақталуға тиіс.
9.
ТҰРМЫСТЫҚ ЭЛЕКТРЛІК ҚҰРАЛДАРМЕН ПАЙДАЛАНУ БАРЫСЫНДА ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР
Құрылғыны пайдалану «Тұтынушылардың электрлі орнатуларды техникалық пайдалану ережелеріне» сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Құрылғы тек қана
тұрмыста пайдалануға арналған.
Құрылғы осы нұсқаулыққа сәйкес тек мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс.
Аталмыш құрылғыны қолдануға қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап беретін тұлғаның нұсқаулығы жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған
кездерді есепке алмағанда, білімі мен тәжірибесі жоқ немесе жүйке жүйесінде немесе психикалық, физикалық ауытқулары бар тұлғалардың (балаларды
қоса алғанда) қолдануына арналмаған. Балалардың құрылғымен ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз.
Құрылғыны пайдалануды бастамас бұрын осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
Әр жолы құрылғыны қоспас бұрын оны қарап шығыңыз. Құрылғының және желілік сымның ақауы болса, құрылғыны розеткаға қосуға мүлдем
болмайды.
Құрылғы мен желілік сым ыстық ауаның тікелей күн көзіне, жоғары температураның әсеріне, тікелей күн сәулесіне және ылғалға ұшырамайтындай етіп,
сақталуы керек.
Назар аударыңыз! Құрылғыны ванна, ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша немесе сумен толтырылған басқа ыдыстардың қасында пайдалануға
болмайды.
Құрылғыны суға немесе басқа сұйықтыққа салуға мүлдем болмайды. Ылғал қолмен құрылғыны ұстауға болмайды. Құрылғы дымқылданса, оны бірден
желіден ажыратыңыз.
Құрылғы суға түсіп кеткен жағдайда, оны бірден желіден ажыратыңыз. Және бұл кезде қолды суға малуға болмайды. Құрылғыны екінші мәрте
пайдаланудың алдында оны білікті маман тексеріп шығуы керек.
Құрылғыны тек қана ауыспалы тоқ көзіне ғана қосыңыз (~). Құрылғыны желіге қоспас бұрын, электр желідегі қолданылатын электрлік параметрлерін
тексеріңіз, бұл құрылғының техникалық сипаттамаларына сәйкес болғанына көз жеткізіңіз.
Кез келген ақау бола тұра құрылғыны іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан айырады.
Құрылғыны тек қана жерге тұйықталған желіге ғана қоссуға қажет. Сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін жерлендіру бекітілген электр техникалық нормаларға
сәйкес келуі тиіс. Қоректендірудің стандартты емес көздерін немесе қосу құрылғыларын пайдалануға болмайды.