Мультиварки Polaris PMC 0364AD - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

47
5.2.
«Кейінге қалдырылған старт» функциясы
«Кейінге қалдырылған старт» функциясы белгілі бір уақытқа қарай тағамды әзірлеуге мүмкіндік береді.
Тағамды әзірлеуді кейінге қалдырудың максималды уақытысы 24 сағатты құрайды, яғни бұл тағамның дайын болатынын ен максималды уақытысы болып
табылады.
Алайда, егер әзірленетін тағам өнімдердің құрамында, яғни күрделі қосындылардың не қоспаның бөлшегі арасында тез бұзылатын өнімдер болса, тағам
әзірлеудің басталу үдерісін тым ұзақ уақытқа созбауыңызды өтінеміз.
«Кейінге қалдырылған старт» функциясы барлық бағдармалары үшін қолжетімді.
Мына «Қуыру», «Буда пісіру» «Сосискалар», «Паста», «Тұшпара», және «Нәрсу» бағдарламаларында, әзірлеу уақытының кері есебі, құрылғы жұмыс
температурасына дейін қызып жеткен соң ғана қосылады, сол себепте, тағам әзірлеу уақытының басталуына дейінгі сәттен ерте не кеш, яғни «Кейінге
қалдырылған старт» үшін орнатылған уақытысынан ерте немесе одан кеш әзірленуі мүмкін (бұл тостақтағы өнімдердің көлеміне байланысты).
«Кейінге қалдырылған старт» режимін іске қосу үшін:
“МӘЗІР” батырмасын немесе “САҒАТ/+”, “МИНУТТАР/‒” батырмаларын қолдана отырып, әзірлеу бағдарламаны таңдап алыңыз.
Әзірлеу бағдарламаның параметрлерін (уақыт пен температураны) белгілеңіз, бастапқы параметрлерін өзгертіп, орнатуға болатын бағдарламаларында.
“Кейінге қалдырылған старт” батырмасына басыңыз.
“Кейінге қалдырылған старт” батырмасының жарық индекаторы жанады.
“САҒАТ/+” және “МИНУТТАР/‒” батырмаларының көмегімен, тағамның қай уақытта дайын болатынын таңдап, өзіңіз қалаған уақытты орнатыңыз. Уақыт
мәндерін орнату барысында, таймердегі уақыт көрсеткіштері жыпылықтай бастайды.
Басталу уақытының кейінге шегерілуі ен минималды 1 минуттық ауыспалы қадамымен орнатылады.
“СТАРТ” батырмасына басыңыз.
Әмбебап ас әзірлегіш құрылғысы дыбыстық сигналын шығарады, сол сәттен уақытының кері есебі басталады.
Әзірлеу үдересінің басталуына дейін кейінге шегеріліп қалған уақытысы аяқталуына жеткен соң, дисплейдің бетінде «КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРЫЛҒАН СТАРТ»
батырмасының индикаторы сөнеді, содан кейін әмбебап ас әзірлегіш құрылғысы белгіленген параметрлері бойынша әзірлеу бағдарламаны жүзеге асыруды
бастайды.
Уақытының кері есебі жалғасып тұрады.
5.3.
Әзірлеу бағдарламаның орындалуын белгіленген аяқталу уақытына дейін үзіп, тоқтату
Қажет болған жағдайда, кез келген уақытта, бағдарламаның орындалуын белгіленген аяқталу уақытына дейін үзіп, тоқтатуға болады. Ол үшін
“ЖЫЛЫТУ/БОЛДЫРМАУ”батырмасына басыңыз, әмбебап ас әзірлегіш құрылғысы дыбыстық сигналын шығарады да, содан кейін күту режиміне ауысыды.
Назар аударыңыз!
Егер де, электр қуаты ауытқып кетсе, яғни электр қуатын беруін тоқтатқан болса, ең соңғы рет орнатылған уақыт пен температуралық мәндер құрылғының
жадысында сақталады. Электр қуаты оралған сәтте бағдарлама сол бетімен жұмысын жалғастырады.
5.4.
ЖЫЛЫТУ режиміне автоматты түрде өту үдерісін сөндіру/іске қосу
Бағдарламаның жұмыс үдерісінің аяқталуына дейін, яғни әзірлеу барысында Сіз автоматтық түрде ЖЫЛЫТУ режиміне ауысу үдерісін алдан-ала үзіп тастап, сөндіре
аласыз. Ол үшін әзірлеу бағдарлама орындалып жатқан кезде “СТАРТ” батырмасына басыңыз.
Құрылғы дыбыстық сигналын шығарады, сол кезде “ЖЫЛЫТУ/БОЛДЫРМАУ”батырмасының жарық индекаторы сөнеді.
ЖЫЛЫТУ режимін қайтадан іске қосу үшін, “СТАРТ” батырмасына тағы да бір рет басу қажет, “ЖЫЛЫТУ/БОЛДЫРМАУ” батырмасының жарық индекаторы
қайтадан жанады.
Құрылғы әзірлеудің соңғы кезеңінде 80ºС-тан төмен температурада дайындайтын бағдарламаларды қолдану барысында ЖЫЛЫТУ режиміне автоматты түрде өтпейді.