Морозильные камеры Atlant 7184-003 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

10
KAZ
1 Ж А Л П Ы М Ə Л І М Е Т Т Е Р
1.1
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың қосымшасы бар,онда
мұздатқышты басқару және оны пайдалану ерекшеліктері
туралы ақпарат көрсетілген. Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
мұздатқыштардың әртүрлі үлгілері үшін әзірленген. Мұздатқыш
үлгісіндегі соңғы сандар (шартты түрде «-ХХ» немесе «-ХХХ»)
кепілдеме картада және камера ішінде сол жақта орналасқан
мұздатқыш табличк асында көрсетілген орындау нөмірін
білдіреді. Мұздатқыштың орындаулары беттерді жабу мате-
риалымен, энерготиімділік класымен және түстік шешімдерімен
ерекшеленеді.
1.2
Мұздатқыш үй жағдайында және соған ұқсас жағдайда,
атап айтқанда мына орындарда пайдалануға арналған:
– дүк ен, к еңсе және тағы басқа қызмет жайларында
қызметкерлердің тамақтануына арналған орындарда;
– шаруа (фермерлік) қожалықтарында; қонақ үйлер мен
уақытша тұру бөлмелерінде;
– таңғы асты ұсынатын қонақ үйлерде;
– қоғамдық тамақтану орындарында және көтерме сауда
орындарында.
1.3
Мұздатқышты пайдалану қажет:
– қосымшада көрсетілген қоршаған орта температурасы
кезінде;
– қатысты ылғалдылық 75 % артық емес;
– кернеу номиналдыдан ауытқыған уақытта ауыспалы тоқтың
электр желісіндегі 220-230 В номиналды кернеулер диапазонында
және жиілігі (50±1) Гц. Пайдаланудың басқа шарттары кезінде
мұздатқыштың жылуэнергетикалық сипаттамалары өндіруші
көрсеткендерге сәйкес келмеуі мүмкін.
Ж ат ы н ж а й л а рд а м ұ зд ат қ ы ш т ы п а й д а л а н у к ез і н д е
мұздатқыштың жұмысы қызметтік шуылмен және дыбыстармен
ілесетіндігін ескерген жөн.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Мұздатқышты пайдаланған жөн
жай бұйымдағы 8 г хладагентіне R600а кем дегенде 1 м
3
есебіне тәуелді көлемге ие болуы тиіс. хладагент салмағы
мұздатқыштың табличкасында көрсетілген. Жайдағы жел
-
дету жүйесі жарамды болуы тиіс.
1.4
Жеткізу жиынтығына кіреді: жинақтаушы бұйымдар,
қосымшасы бар пайдалану жөніндегі нұсқаулық, өкілетті сер-
вис ұйымдарының тізімі, мұздату аспаптарының энергетикалық
тиімділік этикеткасы (бұдан былай – этикетка), этикетка түбірі
бар кепілдеме картасы.
Мұздатқыштың техникалық сипаттамаларының мәндері
этикетка түбірінде орналастырылған. Этикетка түбірін кепілдеме
картасынан қиып алып және этикеткадағы техникалық си-
паттамалармен салыстырған жөн. Кепілдеме картада кесте-
лерде мұздатқыштың басқа техникалық сипаттамалары және
жинақтаушылар саны туралы ақпарат орналастырылған.
1.5
Өндіруші, мұздатқыштың негізгі техникалық сипаттамала-
рын өзгертусіз қалдыра отырып, оның конструкциясын жетілдіре
алады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өндіруші (сатушы) пайдалану
немесе оны сақтау шарттарын бұзу, жеңілмейтін күш әсері
(өрт, табиғат апаттары және т.б.), үй жануарлары, жәндіктер
және кеміргіштер әсері салдарынан орын алған бұйымның
ақаулықтары және зақымданулары үшін жауапкершілік
жүктемейді (оның ішінде, кепілдеме кезеңінде де)
.
2 Қ А У І П С І З Д І К Т А Л А П Т А Р Ы
2.1
Мұздатқыш – электротұрмыстық аспап, сондықтан оны
пайдаланған уақытта электроқауіпсіздіктің жалпы ережелерін
сақтау қажет.
2.2
Аспап қауіпсіздігіне жауапты адамның бақылауында
болмаса немесе аспапты қолдану туралы нұсқау алмаса,
дене мүшесі мен сезімінде ақау бар не ақыл-ой қабілеті төмен
адамдардың(балаларды қосқанда) немесе олардың өмірлік
тәжірибесі не білімі болмаған жағдайда қолдануына арналмаған.
Балалар аспаппен ойынаудың алдын-алу үшін бақылауда
болулары тиіс.
2.3
Электр тоғымен зақымданудан қорғаныс түрі бойынша
мұздатқыш І класқа жатады және электр желісіне жерге қосушы
контакті бар екі полюсті розетка арқылы қосылуы тиіс.
Жерге қосушы контактісі бар розетканы орнату үшін білікті
электрикке хабарласу қажет. Розетка мұздатқышты сыртқы электр
желісінен шұғыл ажырату үшін қол жетімді орынға орналасты-
рылуы тиіс.
Жерге қосуды газ, жылыту, су құбыры немесе кәріз жүйесінің
жеке сымымен салуға
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өндіруші (сатушы) денсаулыққа
және мүлікке келтірілген залал үшін жауапты болмайды,
егер ол қосуға көрсетілген талаптарды сақтамау салдары
-
нан болса.
2.4
Мұздатқышты электр желісіне қосар алдында қоректендіру
бауы мен ашаның зақымдануларының жоқ екендігін көзбен
тексеру қажет. Қоректендіру бауы зақымданған уақытта оны
өндірушіден немесе сервистік қызметтен алынған ұқсас баумен
ауыстырған жөн.
2.5
Мұздатқышты электр желісінен қоректендіру бауы ашасын
розеткадан шығара отырып келесі жағдайларда ажырату қажет:
– оны басқа орынға ауыстыру;
– оның астындағы еденді жуу;
– ұзақ уақытқа кету (14 күннен көп).
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Мұздатқыш жұмысы кезінде
компрессор қызады және оған тиіп кету кезінде күю себебі
болуы мүмкін.
2.6 Мұздтқыштың салқындату жүйесінде хладагент изо
-
бутан (R600а)бар.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тоңазытқыш жүйесі контурының
бұзылуына жол бермеңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Еріту процесін жеделдету үшін
механикалық құрылғыларды немесе басқа да құралдарды
қолданбаңыз.
Мұздатқышты пайдалану нұсқаулығында ұсынылмаған
қырау кетіру заттары мен құрылғыларын пайдаланбаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Мұздатқыш ішінде электр аспап
-
тарын қолданбаңыз.
ЕСІҢІЗДЕ бОЛСЫН! Тоңазытқыш жүйесінің контуры бұзыл-
са, орынжайдың ішін мұқият желдету қажет және мұздатқыштың
маңында ашық от көздерінің пайда болуына жол бермеу керек,
себебі изобутан тез тұтанатын газ болып табылады.
Өндіруші «АТЛАНТ» ЖАҚ
Победителей даң., 61, 220035, Минск қ., Беларусь Республикасы;
www.atlant.by
МҰЗДАТҚЫШ
Құрметті сатып алушы!
Мұздатқышты сатып алған уақытта кепілдеме картасының дұрыс толтырылуын, оны сатқан ұйымның мөртабанының
болуын және үзбелі талондардағы сатылған күнді тексеріңіз. Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығып, Сіз
мұздатқышты дұрыс пайдалана аласыз. Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұздатқыштың күллі қызмет ету мерзімі бойы
сақтаңыз.
Мұздатқыш Украина Министрлері Кабинетінің 2008 ж. 3 желтоқсаны күнгі №1057 қаулысымен бекітілген, электр және
электронды жабдықта кейбір қауіпті заттарды пайдалануды шектеудің Техникалық регламенті талаптарына сәйкес келеді.
Регламенттелген зиянды заттардың пайыздық мөлшері Техникалық регламентпен анықталған нормативтерден аспайды.
«АТЛАНТ» ЖАҚ бұйымдарын әзірлеу және өндіру сапа менеджменті жүйесі СТб ISO 9001-2009 талаптарына сәйкес келеді
және №BY/112 05.01. 002 00014 нөмірімен бР Сәйкестікті растаудың Ұлттық жүйесі тізілімінде тіркелген.
Информация для предварительного ознакомления. Официальной информацией изготовителя не является
Содержание
Характеристики
Остались вопросы?Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)













