Миксеры Polaris PHM 3016 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.
22
Құралды тек қана ауыспалы тоқ көзіне ғана қосыңыз (~). Құралды желіге қоспас
бұрын, желідегі қолданылатын электрлік параметрлерін тексеріңіз, бұл құралдың
техникалық сипаттамаларына сәйкес болғанына көз жеткізіңіз.
Кез келген ақау бола тұра құралды іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету
құқығынан айырады.
Құралмен пайдаланып болғаннан кейін, сонымен қатар, құралды тазарту алдында
және оның қондырмаларын алмас немесе орнатпас бұрын, сондай-ақ, құрал сынып,
істен шыққан жағдайда, оны әрдайым электр желіден ажырату қажет.
Құралды желіге қоспас бұрын, оның жылдамдылығын ауыстырып қосатын тетігі
«0» нөлдік күйінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
Желінің шектен тыс жұмыс істеуіне жол бермеңіз, бұл қайғылы оқиғаға және
құралдың бүлінуіне әкеп соғуы мүмкін. Ол үшін жалғастырғыш тетікті пайдалану
арқылы өзге құралдарды бұл құрал қосулы тұрған электр розеткасына қоспаңыз.
Ұзартқышты пайдаланудың алдында оның зақымдалмағанына көз жеткіңіз
.
Құралды желілік сымнан ұстап тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ, желілік
сымнан ұстап құралды желіден ажыратуға тыйым салынады. Құралды желіден
ажырату кезінде штепсель ашасынан ұстаңыз
.
Электрмен қоректендіретін желілік сымды есік орны немесе жылу көздерінің
маңында жазып, орналастырмаңыз. Құралдың желілік сымының айналып не
бұралып кетпеуін қадағалаңыз және өткір заттармен, сонымен қатар сүйір
бұрыштар мен жиһаз шеттерімен жанасуына жол бермеңіз.
Электр тоғының соққысына ұшырамау үшін құралды желіге қосу немесе желіден
ажырату сәтінде желілік сым ашасының металл бөліктеріне қол тигізбеңіз.
Пайдаланып болғаннан кейін электр қоректендіру сымын құралды айналдыра
орауға болмайды, уақыт өте келе бұл сымның үзілуіне әкеп соғуы мүмкін.
Құралды сақтау барысында әрқашан сымды жақсылап тарқатыңыз.
Сымды тек білікті мамандар – қызмет көрсету орталығының қызметкері ғана
ауыстыра алады. Біліктілігі жоқ тұлға тарапынан жасалған жөндеу қолданушыны
қауiп-қатерге ұшыратуы мүмкін.
Техникалық мәселелердің туындамауы мен құралға берілетін кепілді сақтау үшін
құралды өздігіңізден жөңдемеңіз және бөлшектемеңіз. Жөндеу жұмыстарын қызмет
көрсету орталығының білікті маманы жүзеге асыруы тиіс.
Құралды жөндеу үшін тек түпнұсқалы қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз.
Назар аударыңыз!
Қызмет көрсету мерзімі аяқталғаннан кейін құралды тұрмыстық
қалдықтармен бірге тастамаңыз. Оны одан әрі кәдеге жарату үшін арнайы орынға
өткізіңіз. Бұл әрекетіңізбен Сіз қоршаған ортаны қорғауға септігіңізді тигізесіз.
3.
Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар
1.
Құралдың жұмысы барысында оның қозғалмалы бөліктеріне қасық, өзге асүй
саймандарын жақындатпаңыз, бұл құралдың сынуына әкеп соғуы мүмкін. Құралды
пайдалану барысында тостаққа пышақтың, қасықтың, шаңышқының және өзге асүй
саймандардың салынбауын қадағалаңыз.
2.
Жұмыс барысында құралдың сыртқы корпусындағы ауа шығаратын саңылауларды
жаппаңыз, бұл мотордың қызып кетуіне әкеп соғуы мүмкін.
3.
Жарақат алмас үшін, саусақтарды, шашыңызды, киімді миксердің қозғалатын
бөлшектерінен қауіпсіз қашықтықта ұстаңыз.