Bosch PST 10,8 LI - Инструкция по эксплуатации - Страница 44

Лобзики Bosch PST 10,8 LI - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.

Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.

"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.
Страница:
/ 100
Загружаем инструкцию
background image

44

 | Қaзақша 

1 609 92A 0RK | (6.11.14)

Bosch Power Tools

Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру 
немесе құралды алып қоюдан алдын айырды 
розеткадан шығарыңыз және/немесе 
аккумуляторды алып тастаңыз. 

Бұл сақтық әрекеті 

электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді.

Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар 
қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды 
білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған 
адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. 

Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті 
болады.

Электр құралдарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы 
бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп 
қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе 
зақымдалмаған болуына, электр құралының 
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған 
бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын 
жөндеңіз. 

Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі 

жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады.

Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. 

Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш 
аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады.

Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы 
аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай 
пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен 
орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. 

Электр 

құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану қауіпті.

Аккумуляторды пайдалану және күту

Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші 
көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз. 

Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне 
арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін 
пайдалану өрт қаупін тудырады.

Электр құралдарына арналған аккумуляторларды 
ғана пайдаланыңыз. 

Басқа аккумуляторларды 

пайдалану жарақаттарға немесе өртке әкелуі мүмкін.

Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді 
тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан, тиындардан, 
кілттерден, шегелерден, винттерден және басқа 
ұсақ темір заттардан сақтаңыз. 

Аккумулятор 

түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге 
немесе өртке әкелуі мүмкін.

Дұрыс пайдаланбағандықтан, аккумулятордан 
сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ 
тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық 
көзге тисе, медициналық көмек алыңыз. 

Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе 
күйдіруі мүмкін.

Қызмет

Электр құралыңызды тек білікті маманға және 
арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. 

Сол арқылы 

электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.

Жұқа ара мен қылышты ара үшін қаупсіздік 
нұсқаулықтары

Алмалы-салмалы аспаптың жасырын тоқ сымына 
тиюі ықтимал жұмыстарды орындауда құралды 
оқшауландырылған тұтқасынан ұстаңыз. 

Тоқ өтетін 

сымына тию металлды құрал бөлшектеріне тоқ беріп 
тоқ соғуына алып келуі мүмкін.

Қолыңызды аралау өрісінен тыс ұстаңыз. 
Дайындама астынан ұстамаңыз. 

Ара полотносына 

тию жарақаттану қауіпін тудырады.

Электр құралды дайындамаға тек қосулы ретте 
апарыңыз. 

Әйтпесе алмалы-салмалы аспап 

дайындамаға ілінсе кері соғу қауіпі пайда болады.

Тіреу тақтасының 7 аралау кезінде бекем тұруына 
көз жеткізіңіз. 

Қисайған ара полотносы сынуы немесе 

керу соғуға алып келуі мүмкін.

Жұмысты аяқтағаннан кейін электр құралын өшіріп, 
оның толық тоқтағанынан соң ғана ара полотносын 
кесіктен шығарыңыз. 

Сол арқылы кері соғудан 

сақтанып, электр құралын қауіпсіз күйге келтіресіз.

Бұзылмаған мінсіз ара полотносын пайдаланыңыз. 

Қисайған немесе өтпес ара полотнолары сынуы, кесікті 
зақымдауы немесе кері соғу себебін тудырады. 

Ара полотносын өшіргеннен соң бүйір басу арқылы 
тоқтатпаңыз. 

Ара полотносы бұзылуы, сынуы немесе 

керу соғу себебін тудыруы мүмкін.

Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырынған 
қорек сымдарын табыңыз немесе жергілікті қорек 
үйымдарын шақырыңыз. 

Электр сымдарына тию өрт 

немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын 
зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын 
зақымдау материалдық зиянға алып келуі мүмкін.

Дайындаманы бекітіңіз. 

Қысу құралына немесе 

қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен 
салыстырғанда, берік ұсталады.

Электр құралын жерге қоюдан алдын оның 
тоқтауын күтіңіз. 

Алмалы-салмалы аспап ілініп электр 

құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.

Қылышты ара тұрып қалса электр құралын бірден 
өшіріңіз. Тебуді тудыратын жоғары реактивті 
күштерден абай болыңыз. 

Ара полотносы төмендегі 

жағдайдарда тұрады:
–  электр құралы артық жүктелген немесе
–  ол өңделетін дайындама ішінде қисайған.

Аккумуляторды ашпаңыз. 

Қысқа тұйықталу қаупі бар.

Мысалы, аккумуляторды жылудан, сондай-
ақ, үздіксіз күн жарығынан, оттан, судан 
және ылғалдан қорғаңыз. 

Жарылу қаупі бар.

Аккумулятордан зақымданған немесе дұрыс 
пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл 
жағдайда ішке таза ауа кіргізіңіз және шағымдар 
болса, медициналық көмек алыңыз. 

Булар тыныс 

алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.

OBJ_BUCH-1968-002.book  Page 44  Thursday, November 6, 2014  10:16 AM

Характеристики

Оцените статью
tehnopanorama.ru
Остались вопросы?

Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)

Задать вопрос

Часто задаваемые вопросы
Как посмотреть инструкцию к Bosch PST 10,8 LI?
Необходимо подождать полной загрузки инструкции в сером окне на данной странице
Руководство на русском языке?
Все наши руководства представлены на русском языке или схематично, поэтому вы без труда сможете разобраться с вашей моделью
Как скопировать текст из PDF?
Чтобы скопировать текст со страницы инструкции воспользуйтесь вкладкой "HTML"