Кофеварка Polaris PCM 1214 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

25
Қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі талаптар
Бұйымды кәдеге жарату барысында пайда болатын қалдықтар белгіленген тәртіппен және
салалық нормативті құжаттар, соның ішінде «Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру мен
залалсыздандыру бойынша гигиеналық талаптар» Санитарлық ережелер мен нормаларға
2.1.7.1322-03 сәйкес кәдеге жарату үшін міндетті түрде жиналуы тиіс.
Ақауларды іздестіру және оларды жою тәсілдері
Ақаулар
Ақаудың пайда болу
себептері
Жою тәсілдері
Кофе әзірлеу үдерісі тым
созылып ұзақ уақытқа
жалғасып кетті, немесе кофе
қайнатқыш құрылғы су
қайнамас бұрын сөнеді.
Тазаламау салдарынан
құрылғыда қақ пайда болды.
Жоғарыдағы тазарту және
күтім тарауында көрсетілген
нұсқауларын басшылыққа ала
отырып, оның нұсқамаларына
сәйкесінше құрылғыны
қақтан тазартыңыз.
Егер де, пайдаланатын судың құрамында түзілген тұнбаның әкті түзілімдер болса, яғни
минералдық тұздардың мөлшері тым көп болса құрылғыны қақтан жиі түрде тазалауыңыз қажет.
Құрылғыны қақтан тазарту
Кофеқайнатқыш құрылғының ішкі қабырғаларында және түбінде қақ және тұнба түзілуі мүмкін,
қақтың пайда болуы судың қаттылығына байланысты, бұл судың құрамында түз болғандықтан
орын алады. Қақ пен тұнбалардың бар-жоғын жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз, дер кезінде тазарту
қажет.
Сіздің кофеқайнатқыш құрылғыңызды қақтан тазарту үшін лимон қышқылының ерітіндісін
пайдалануға болады:
Бір стакан қайнаған суға бір шай қасық лимон қышқылын салып, араластырыңыз.
Осы қоспаны кофеқайнатқыштың суға арналған резервуарына құйыңыз.
15 минутқа қалдырыңыз.
Кофеқайнатқышты іске қосыңыз, сонымен ұнтақталған кофе дәндерін салмай, бұл сұйық
қоспаны қайнатыңыз, содан кейін суды шығаратын шүмегінің астына бос шыны-
аяқты/сыйымдылықты орналастырыңыз да, оған лимон қышқылы қосылған судың бәрін
құйыңыз.
Кофеқайнатқышты таза сумен екі-үш мәрте шайып шығыңыз.
Қажетіне қарай тазартуды қайталаңыз.
Сіздің кофеқайнатқыш құрылғыңызды қақтан тазарту үшін сіркесудың әлсіз ерітіндісін
қолдануға болады.
Бұл үшін судың үш бөлігін және 6% сіркесудың 1бөлігін араластырыңыз.
Осы қоспаны кофеқайнатқыштың суға арналған резервуарына құйыңыз, 2-3 рет қайнатыңыз
да, қайнату кезеңдерінің аралығында 20 минуттық үзіліс жасап, қайнатуды қайталаңыз.
Сіркесудың иісін кетіру үшін кофеқайнатқышты таза сумен екі-үш мәрте шайып шығыңыз,
содан құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
Қажетіне қарай тазартуды қайталаңыз.