Кофеварка Polaris PCM 1214 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

19
Жалпы мәлімет
Бұл пайдалану бойынша нұсқаулық, моделі PCM 1214 POLARIS сауда таңбасымен
шығарылатын тұрмыстық электрлік кофеқайнатқыш құрылғы (бұдан әрі мәтін бойынша –
кофеқайнатқыш, құрылғы) жөніндегі техникалық деректері мен сипаттамаларымен, оның
құрылғысымен, сонымен қатар құрылғыны сақтау және пайдалану бойынша ережелермен
танысуға арналған.
Қауіпсіздік бойынша жалпы нұсқаулар
Құрылғыны пайдалану «Тұтынушылардың электрлі орнатуларды техникалық пайдалану
ережелеріне» сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Бұл құрылғы тек қана үйде тұрмыстық мақсатта пайдаланылуы тиіс. Құрылығыны
комерциялық аумақта жоғары жұмыс қарқындылығында пайдалану, бұл құрылғының шамадан
тыс жүктелуiне әкеліп соғады, сонымен құрылғыны шамадан артық ауыр жүктемеде
қолданылуы, оның жұмыс істеу мерзімін азайтып, істен шығуына немесе зақымдалуына
әкеледі, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру мүмкін.
Құрылғы осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың ережелеріне сәйкес тек мақсаты бойынша
пайдаланылуы тиіс
Бұл құрылғыны пайдалануды бастамас бұрын осы пайдалану жөніндегі Нұсқаулықты міндетті
түрде, толығымен мұқият оқып шығыңыз.
Әр жолы құрылғыны қоспас бұрын, оны қарап шығыңыз. Құрылғының және оның электр
желілік баусымның ақаулығы анықталған жағдайда, құрылғыны ашалы розеткаға қосуға
мүлдем болмайды.
Құрылғы еденге, жерге құлаған жағдайда, оның көзге анық көрінетін қандай да бір ақаулығы
(зақымдауы) байқалған кезде, құрылғыны қолданбаңыз. Құрылғыны пайдаланбас бұрын оны
білікті маманға көрсету қажет, оны тек қызмет көрсету орталығының қызметкері ғана тексеру
тиіс.
Егер Сіз құрылғының жұмыс жасау мүмкіндігіне күмән келтірсеңіз, құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Құрылғы және оның электрлік желілік баусымы ыстық ауаның тікелей күн көзіне, жоғары
температураның әсеріне, тікелей күн сәулесіне және ылғалға ұшырамайтындай етіп, сақталуы
керек.
Іске қосылып, жұмыс істеп тұрған құрылғыны қадағалаусыз қалдырмаңыз! Егер Сіз
құрылғыны пайдаланбасаңыз, онда оны әркез сөндіріп, оның электрлік желілік баусымын ток
көзінен ажыратыңыз.
Аталмыш құрылғыны қолдануға қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап беретін тұлғаның
нұсқаулығы жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған кездерді есепке алмағанда, білімі
мен тәжірибесі жоқ немесе жүйке жүйесінде немесе психикалық, физикалық ауытқулары бар
тұлғалардың (балаларды қоса алғанда) қолдануына арналмаған. Балалардың құралмен
ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз.
Назар аударыңыздар! Құрылғыны ванна, ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша немесе сумен
толтырылған басқа ыдыстардың қасында пайдалануға болмайды. Құрылғы суға түсіп
кеткен жағдайда, оны бірден электр желіден ажыратыңыз. Сонымен бұл кезде қолды
суға малуға мүлдем болмайды. Құрылғыны екінші мәрте пайдаланудың алдында оны
білікті маман тексеріп шығуы керек.
Құрылғыны ешбір жағдайда суға немесе басқа сұйықтықтарға батырып салуға мүлдем
болмайды. Ылғал қолыңызбен құрылғыны ұстауға болмайды. Құрылғы дымқылданса, оны
бірден электр желіден ажыратыңыз.