Холодильник Pozis ШВ-120 Silver - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

23
Тоңазытқыш / мұздатқыш электр тогымен зақымдалудан қорғау дәрежесінің 1-сыныбы бойынша
орындалған және электр желісіне жерге қосатын түйіспесі бар екі полюсті розетка арқылы қосылуы тиіс.
Қимылдау, сезім немесе ойлау қабілеті төмен тұлғалар (балаларды қоса алғанда) неме-
се тәжірибесі мен білімі жоқ тұлғалар өздерінің қауіпсіздігі үшін жауапты болып табылатын тұлғаның
бақылауында болмаса және одан бұйымды қатай қолдану керектігі туралы нұсқау алмаса, олар
тоңазытқышты / мұздатқышты қолданбауы керек.
Желіге қосар алдында электр сымдар жүйесінің көзге көрінетін бөлігінің зақымдалмағанын
тексеріңіз. Оқшаулау зақымдалған жағдайда қызмет көрсететін ұйым шеберін шақырыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тоңазытқышты / мұздатқышты
электр желісіне қосу үшін көп орынды розеткаларды (қосудың екі және одан да көп орны бар),
жалғастырғыш тетігін және ұзартқыш сымын қолдануға тыйым салынады.
Пайдалану кезінде корпуста электр сымдар жүйесінің тұйықталу белгісінің пайда болуы
жағдайында
(металл бөліктеріне қол тигізу кезінде шымшылау) бұйымды дереу желіден ажыратыңыз да, қызмет
көрсетуші ұйым механигін шақырыңыз.
Тоңазытқышқа / мұздатқышқа және табиғи жерге тұйықталуы бар құрылғыларға (газ плиталары,
жылыту операторлары, су тарту крандары және т.б.) бір мезгілде қол тигізуге тыйым салынады.
Тоңазытқышты / мұздатқышты қауіптілігі жоғары, оларда мына жағдайларының біреуінің болуы-
мен сипатталатын үй-жайларда пайдалануға тыйым салынады:
а) ерекше дымқылдық немесе ток өткізуші шаң (ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75%-дан
жоғары үй-жай, үй-жайдағы төбе, қабырға,еден мен заттар ылғалды болған кезде);
б) химиялық белсенді орта (булары тұрақты немесе ұзақ болатын немесе электр жабдығының
оқшаулануы мен ток жүретін бөліктерге бұзушы әсер ететін )шөгінділер пайда болатын үй-жай);
в) ток жүретін едендер (металл, топырақты, темір бетонды және т.б.)
Тоңазытқышты / мұздатқышты пайдалану барысында қар суын бұрып жібері үшін жүйенің жа-
рамды болуын қатаң бақылаңыз, жүйенің бітелуіне жол бермеңіз. Тоңазытқышты / мұздатқышты қар
суын жинауға арналған ыдыссыз пайдалануға тыйым салынады. Ысқыш бітелу кезінде жүйені тазалауға
арналған.
Тоңазытқышты / мұздатқышты пайдалану немесе тазалау барысында компрессорға, іске қосуды
қорғау релесіне және ток жүретін бөліктерге ылғалдың тиюіне жол берілмейді. Егер ылғал әлдеқалай
бөліктерге тисе, тоңазытқышты / мұздатқышты ашаны розеткадан суырып дереу ажыратыңыз. Ылғалды
жұмсақ шүберекпен жинап алыңыз, одан кейін ылғалға біржолата кебу мүмкіндігін беріңіз. Бұйымды
электр желісіне ылғал толық кепкеннен кейін ғана қосу қажет!
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тоңазытқышта / мұздатқышта қоршаған ортаны ластамай-
тын, бірақ оңай тұтанатын табиғи газ болып табылатын R600а салқындатқыш
агентінің болмашы мөлшері бар. Сондықтан, тоңазытқышты / мұздатқышты тасы-
малдау және орнату кезінде салқындатқыш агент айналатын пішін элементтерінің
біреуі де зақымдалмауын қадағалаңыз. Осындай зақымданулар болған жағдайда,
тоңазытқыш / мұздатқыш орналасқан үй-жайда ашық отты немесе тұтанудың
басқа көздерін осы үй-жай желдетілмегенше дейін пайдаланбау қажет. Сату, басқа
иесіне немесе кәдеге жаратуға тапсыру кезінде, тоңазытқыш R600а салқындатқыш
агентімен толтырылғанын ақпараттандырыңыз.
Электр құрылғыларын тоңазытқыштың / мұздатқыштың камералары ішінде қолданбаңыз.
Тоңазытқышты / мұздатқышты оны ішінен және сыртынан тазалау, мұздатқыш камераның жібуі,
оны басқа орынға ауыстыру, оның астындағы еденді жуу, жарамсыздықтарды жою уақытына оны электр
желісінен ажыратыңыз.
Тоңазытқыш / мұздатқыш орнын ауыстыруды жеңілдету үшін, оның құрылысында дөңгелекті
тіректер қарастырылған. Тоңазытқышты / мұздатқышты басқа орынға қойған кезде, оның алдыңғы бөлігін
дөңгелекшелер еденге тимегендей етіп сәл көтеріңіз де, тоңазытқышты / мұздатқышты домалатқыштармен
жылжытыңыз. Орын ауыстыру кезінде абай болыңыз, еден үстілік жабындардың кейбір типтерінің беттері
әсіресе жұмсақ және бедерлі болуы мүмкін. Тоңазытқышты / мұздатқыштың орнын шкафтың артқы
қабырғасында орналасқан конденсаторды ұстап ауыстыруға қатаң тыйым салынады. Бұл, пайдалану
ережелерін бұзушылық болып табылады және тоңазытқыштың / мұздатқыштың істен шығуына себеп бо-
луы мүмкін.
Тоңазытқыштың / мұздатқыштың қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін дайындаушы бұйымның
қауіпсіз жұмыс істеуі үшін жауапты болмайды. Материалдардың табиғи ескіруі мен толымдаушылардың
тозуы салдарынан электр және өрт қаупі бар жағдайлардың пайда болу ықтималдығы артады.
Қауіпсіздік техникасы бойынша қойылатын талаптар
Содержание
- 7 Требования по технике безопасности; в помещении, в котором находится шкаф винный, не
- 8 Установка и подготовка шкафа винного к работе; стороне верхней части шкафа винного.; Неверное расположение трубки водостока
- 10 Порядок работы шкафа винного; для модели ШВ-120 «POZIS»; Уход за шкафом винным
- 11 Условия гарантии и сервиса; установлены действующим законодательством:
- 13 1 Возможные неисправности и методы их устранения; Неисправность; Шкаф винный, включенный; ПРИМЕЧАНИЕ
- 14 Перечень авторизованных сервисных центров компании POZIS