Блендеры Polaris PHB 1476 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

14
Аспап тек қана тұрмыста пайдалануға арналған. Құралды коммерциялық мақсатта ұзақ
уақыт пайдалану оның шамадан тыс жүктелуіне әкелуі мүмкін, соның нәтижесінде ол
зақымдануы мүмкін немесе адамдардың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.
Пайдаланар алдында осы нұсқаулықты мұқият оқыңыз және оны сақтап қойыңыз.
Аспап осы нұсқаулыққа сәйкес мақсаты бойынша ғана пайдаланылуы тиіс.
Аспапты іске қосар алдында әр кезде оны қарап байқап шығыңыз. Аспаптың,
қондырмалардың немесе желілік баусымның зақымдануы болған жағдайда аспапты
розеткаға қоспаңыз.
Егер зақымданудың көзге көрінетін белгілері болса, құлағаннан кейін аспапты
пайдаланбау дұрыс болады. Пайдаланар алдында құрал білікті маманмен тексерілуі
тиіс.
Бұл құрал физикалық, жүйке немесе психикалық ауытқулары бар немесе тәжірибе мен
білімнің жеткіліксіздігі бар адамдардың (балаларды қоса алғанда) пайдалануына
арналмаған, мұндай адамдарға қадағалау жүзеге асырылатын немесе олардың
қауіпсіздігіне жауап беретін адамның осы құралды пайдалануына қатысты оларға
нұсқау беретін жағдайларды қоспағанда. Балалардың аспаппен ойнауына жол бермеу
мақсатында қадағалауды жүзеге асыру қажет.
Назар аударыңыз! Аспапты ванналар, шұңғылшалар немесе сумен толтырылған
басқа ыдыстар маңында пайдаланбаңыз.
Аспапты тек айнымалы ток көзіне (~) қосыңыз. Қосар алдында құралды желіде
қолданылатын кернеуге арналған екеніне көз жеткізіңіз.
Кез келген қате қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан айырады.
Құралды желіге қосу алдында ол сөндірулі күйде екеніне (батырмалар басылмаған) көз
жеткізіңіз. Қондырмаға қол тигізбеңіз. Аспапты тек тұтқасынан ұстаңыз.
Назар аударыңыз! қаптамаларды пайдаланған абайлаңыз және сақ болыңыз:
жүздер үшкір!
Аспапты үй-жайдан тыс пайдаланбаңыз. Аспапты ыстықтан, тікелей күн сәулесінен,
өткір бұрыштарға соғылудан, ылғалдылықтан сақтаңыз (еш жағдайда аспапты суға
батырмаңыз). Аспапқа ылғал қолыңызды тигізбеңіз. Аспапқа су тиген кезде оны бірден
желіден өшіріңіз.
Аспап суға құлаған жағдайда оны тез арада желіден ажыратыңыз. Бұл ретте ешқандай
жағдайда қолыңызды суға салмаңыз. Қайталап пайдаланар алдында құрал білікті
маманмен тексерілуі тиіс.
Пайдалану аяқталғаннан кейін, қондырманы орнату немесе шешу, тазалау немесе
құралдың сынуы кезінде оны үнемі желіден өшіріңіз.
Іске қосылған аспапты қараусыз қалдырмаңыз. Аспапты балалар үшін қолжетімсіз
жерде сақтаңыз.
Аспап жеткізілімі жиынтықтамасына кірмейтін аксессуарлар мен қондырмаларды
пайдалану Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан айырады.
Аспапты желілік сымнан ұстап, тасымалдауға болмайды. Сонымен қатар аспапты
желіден, оның желілік сымынан ұстап, ажыратуға тыйым салынады. Аспапты желіден
ажыратқанда, ток өткізгіш істікшелерге қол тигізбей, оның штепсельдік айырынан
ұстаңыз.
Пайдаланудан кейін ешқашанда да электрлік қуат көзі желісін құралды айналдырып
орамаңыз, себебі уақыт өте келе сымның сынуына әкелуі мүмкін. Сақтау уақытында
сымды үнемі түзулеп ораңыз.
Баусымды ауыстыруды тек білікті мамандар - сервистік орталықтың қызметкерлері іске
асыра алады. Біліксіз жөндеу пайдаланушы үшін тікелей қауіп төндіреді.
Характеристики
Остались вопросы?Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)