Водонагреватели POLARIS SIGMA IDF 50V - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

42
батырмасын ұзақ басыңыз (таймерді SET батырмасын ұзақ басу арқылы тоқтатуға
болады).
Белгіленген температураға жеткенде орнатылған термостат автоматты түрде
қыздыру элементін өшіреді және оның индикаторы сөнеді. Содан кейін сужылытқыш
температураны қолдау режимінде болады.
Температураны қолдау режимінде белгіленген температура төмен түссе,
сужылытқыш автоматты түрде қосылады.
Назар аударыңыз! Сужылытқыштағы суды ішуге және тағам дайындауға болмайды.
Егер сужылытқышты узақ уақыт бойы қолданбасаңыз, температура реттеуішін және
қуаттылықты ауыстырып-қосқышты Off қалпына қойып, суық суды шығаратын бұранданы
жабыңыз және құрылғыны электр желіден ажыратыңыз.
1. Сужылытқышты тазарту.
Пайдалану барысында сужылытқышты тазарту (суды толық шығару) жарты жылда бір рет
жүргізілуі керек.
Іс-әрекеттің реті:
- сужылытқышты электр желісінен ажыратыңыз.
- магистраль жүретін суқұбыры кранын жабыңыз.
- смесительдегі ыстық судың кранын ашыңыз.
- сақтандыру қақпақшасындағы су шығаратын кранды ашыңыз.
Назар аударыңыз! Су өте ыстық болуы мүмкін.
- лас және қалдық суды төгіңіз.
2.Қақты кетіру.
Қыздыру элементінде қақ немесе тұнба көп мөлшерде пайда болса, қыздыру элементін
алып, тазартыңыз.
Оны қайта орнату кезінде келесі шараларды қолданыңыз:
- бұрандаларды артық күш салмай, бірдей етіп бұрап, орнатыңыз.
- бекітілген тіреуіш қисық орнатылмауы тиіс.
Құралдың бөшкесіне су толтырылғаннан кейін, оны электр желісіне қосыңыз.
3.Сақтандыру қақпақшасы.
Судың қысымы 7 бардан асқан кезде, сақтандыру қақпақшасының су шығатын
саңылауында су тамшылары пайда болуы немесе су ағуы мүмкін.
а) Су шығару саңылауында су тамшыларының анда-санда пайда болуы қыздырғыштың
қалыпты жұмысы болып табылады.
Суық су алу тетігін ашық ұстаңыз. Бұл сақтандыру қақпақшасының су шығару
саңылауынан судың жиі тамшылауын болдырмайды.
б) Сақтандыру қақпақшасының су шығару саңылауында су тамшыларының жиілеуі, су
қысымының нормадан асқанын білдіреді. Бұл жағдайда суық су құбырына қысымды
төмендететін қақпақша (редуктор), сужылытқыштан максималды қашықтықта орнатылуы
керек.
в) Жиналған су тамшыларын төгу үшін су шығаратын құбыр орнтуға болады, ол құбырдың
бір ұшы ашық және төменге қаратылған болуы керек.
6.
Қ
ызмет к
ө
рсетуі