Водонагреватели Polaris PG 15 OR - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

7.
СУЖЫЛЫТҚЫШТЫ
ПАЙДАЛАНУ
Сужылытқышты алғаш рет қосу үдерісін білікті техникалық маман жүзеге асыруы
тиіс.
1.
Сужылытқышты суық сумен толтырыңыз. Ол үшін:
•
Желіден келетін ыстық суды бекіту вентилін жабыңыз.
•
Желіден келетін суық суды бекіту вентилін ашыңыз.
•
Сужылытқышқа суық суды жіберу вентилін ашыңыз.
•
Сужылытқышқа қосылған құбырдағы ыстық су вентилін ашыңыз.
•
Пайдаланушының ыстық су шүмегін ашыңыз (бұдан әрі – ыстық су шүмегі).
•
Ыстық су шүмегінен судың аға бастауы – сужылытқыш суға толы екендігін білдіреді.
•
Сужылытқышты сумен толтырғаннан кейін ыстық су шүмегін жабыңыз.
•
Сужылытқышты тексеріңіз, одан су ақпайтындығына көз жеткізіңіз.
•
Сужылытқыш монтажының барлық элементтерін қарап шығыңыз, олардан су
ақпайтындығына көз жеткізіңіз.
Назар аударыңыз!
Егер сужылытқыш толығымен сумен толтырылмаған болса, бірақ сонда да іске
қосылатын болса, оның қыздыру элементінің зақымдалуы мүмкін екендігін ескеру қажет.
2.
Температураны реттеу тұтқасын толығымен солға қарай бұраңыз. Сужылытқышты желіге
қосыңыз.
Қыздыру индикаторы мен температураны орнату тұтқасының жарығы ақ түспен жанады.
Бұл сужылытқыштың желіге жалғанғандығын білдіреді.
3.
Қыздыру құрылғысының «Қыздыру-сөндіру» режиміндегі жұмысын тексеріңіз.
•
Температураны реттеу тұтқасын бұрау арқылы қыздыру температурасын орнатыңыз.
Қыздыру индикаторының жарық түсі көк түске алмасады да, суды қыздыру үдерісі
басталады.
•
Сужылытқыш автоматты түрде судың температурасын бақылайды. Қажетті температура
орнағаннан кейін термостат қыздыру элементін сөндіреді, осы сәтте қыздыру индикаторы
қайта ақ түспен жанады.
Термостаттың іске қосылуы мен сөндірілуі сыртыл дыбысымен белгіленеді.
•
Сужылытқышты желіден ажыратыңыз. Қыздыру индикаторы мен температураны орнату
тұтқасының жарығы сөнеді.
Егер сужылытқыш ұзақ уақыт бойы қолданылмайтын болса немесе оны төмен
температура барысында сақтау кезінде бөшкенің зақымдалмауы үшін құралдан суды
міндетті түрде төгіңіз. Сужылытқышты теріс температура жағдайында пайдалануға
тыйым салынатындығын есіңізде сақтаңыз.
39