Scarlett SC-BS33ED102 - Инструкция по эксплуатации - Страница 12

Весы Scarlett SC-BS33ED102 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.

Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.

"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.
Страница:
/ 32
Загружаем инструкцию
background image

IM023 

www.scarlett.ru

 

 

SC-BS33ED102 

 

 

12 

ҚОРЕК ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ 

 

Қорек  элементтерінің  құрамында  ағзаның  ішіне  түскен  кезде  зиян  келтіретін  элементтер  бар.  Кішкентай 
балалардың  қорек  элементтеріне  жете  алмауын  қадағалаңыз.  Егер  әлдекім  қорек  элементін  жұтып  қойса, 
дереу дәрігерге көріну керек. 

 

Қорек  элементтерін  жүйелі  түрде  ауыстырып  отырыңыз.  Қорек  элементтерінің  барлығын  бір  мезгілде 
ауыстырыңыз. Бұл орайда бір тұрпатты элементтерді пайдаланыңыз. 

 

Қорек  элементерін  қайтадан  зарядтауға  немесе  түрлі  құралдардың  көмегімен  қайта  белсендіруге 
болмайды, оларды бөлшектемеңіз, отқа тастамаңыз және қысқа тұйықтамаңыз. 

 

Қуаты  таусылған  элементтер  аспаптың  бұзылуына    себеп  болуы  мүмкін.  Аспапты  пайдалануда  ұзақ  уақыт 
үзіліс болған кезде, қорек элементтерін батарея ұяшығынан шығарып қойыңыз. 

 

Егер  қорек  элементтерінің  біреуінің  қуаты  таусылған  болса,  қорғағыш  биялай  киіңіз  де,  батарея  ұяшығын 
құрғақ сулықпен тазалаңыз. 

 

Қорек элементтерінің құрамында денсаулыққа және қоршаған ортаға зиянды уытты заттектер болуы мүмкін.  
Осыған  байланысты  қорек  элементтерінен  қолданыстағы  заңнамалық  нормаларға  қатаң  сәйкес  түрде 
арылу керек. Пайдаланып біткен элементтерді ешқандай жағдайда да лақтырып тастауға болмайды. 

 

Қорек элементтерін отқа тастамаңыз. Жарылыс қатері бар! 

ЖҰМЫСЫ 

 

Осы  таразы  биоэлектрлік  қарсыласуды  (B.I.A.)  талдау  қағидасы  бойынша  жұмыс  істейді.   Бұл  орайда  түрлі 
тіндердің  пайыздық  құрамын  айқындау  адам  сезбейтін,  қауіпсіз  әрі  зиян  келтірмейтін,  таразының  
платформасындағы  аса  сезгіш  датчиктер  арқылы  өтетін  электр  тоғының  көмегімен  небары  бірнеше 
секундта іске асады. 

 

Өлшену кезінде мынаны ескерудің маңызы зор: майлы тіннің пайыздық құрамын тек жалаңаяқ тұрып өлшеу 
керек,  табанды  сәл  сулаған  дұрыс.  Табан  мүлде  құрғақ  болса,  бұл  дұрыс  емес  нәтиженің  алынуына  себеп 
болуы мүмкін, өйткені табанның электрлік өткізгіштігі тым төмен. 

 

Егер  майдың,  бұлшық  ет  тінінің,  сүйек  массасының  және  судың  пайыздық  арақатынасын  өлшеген  кезде, 
барлық  құрамдастардың  сомасы  100%-дан  артық  болып  шықса,  бұл  таразының  ақаулығы  емес.    Бұл 
құбылысты  физиологиялық  тұрғыдан  түсіндіруге  болады.  Диагностикалық  таразының  жұмысы 
биоимпеданстық  талдауға  негізделген,  ол  бұлшық  ет  пен  сүйек  тіндерінің  өздерінің  де  құрамында  болатын 
май  мен  судың  мөлшерін  анықтайды.  Сондықтан,  алынған  нәтижелерді  қоспастан,  түрлі  көрсеткіштердің 
өзгеру динамикасын әр көрсеткіш бойынша бөлек қарастырған дұрыс. 

 

Бұл  таразы  Bluetooth  құрылғысымен  жұмыс  істейді,  IOSи  Android  платформаларындағы  телефондармен 
сыйысымды.  Өлшенген  парамерлерді  қадағалау  мен  сақтауға  ыңғайлы  болуы  үшін  арнайы 
«OKOK·International» қолданбасы пайдаланылады. 

ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР 

 

Таразының жайпақ тегіс жазық жерде тұрғанына көз жеткізіңіз. Таразыны кілемнің немесе жұмсақ заттардың 
үстіне қоймаңыз. 

 

Салмақты  дәл  айқындау  үшін  таразының  үнемі  бір  жерде  тұрғаны  дұрыс.  Таразының  орнын  ауыстырған 
кезде оны тегіс емес жерге қоюыңыз ықтимал, ал бұл салмақтың дәл көрсетілуіне әсер етуі мүмкін. 

 

Салмақты  дәл  айқындау  үшін  үнемі  бір  уақытта,  киіміңіз  бен  аяқ  киіміңізді  шешіп,  тамақтанардан  бұрын 
өлшену керек. 

 

Салмақты  барынша  дәл  айқындау  үшін  ұйқыдан  тұрғаннан  кейін  2  сағат  өтпей  тұрып  салмақты  өлшемеген 
жөн. 

 

Таразының үстіне шығыңыз. Ештеңеге сүйенбей, тік тұрыңыз. 

ШЕКТЕУЛЕР 

 

Май массасын және басқа мәндерді айқындаған кезде, төмендегі жағдайларда өлшеу нәтижелері дәл емес 
немесе өтірік болуы мүмкін: 

 

10 жасқа толмаған балалар үшін, 

 

кәсіпқой спортшылар және бодибилдингпен айналысатындар үшін, 

 

жүкті әйелдер үшін, 

 

температурасы  көтеріліп  тұрған,  адамдар  үшін,  диализбен  емделген  кезде,  үнемі  болатын  ісіну  немесе 
остеопороз кезінде, 

 

жүрек  –  қантамырға  арналған  препараттарды  қабылдап  жүрген  адамдар  үшін  (жүрек  пен  қантамырға 
қатысты проблемалар кезінде), 

 

қантамырды кеңейтетін немесе тарылтатын препараттарды қабылдап жүрген адамдар үшін. 

ТАРАЗЫНЫ ДАЙЫНДАУ 

 

Полярлығын  дәл  келтіре  отырып,  таразының  артқы  панеліндегі  арнайы  ұяшыққа  AAA  тұрпатты 
батареяларды салыңыз. Ұяшықты жабыңыз. Таразы жұмысқа дайын. 

ӨЛШЕУ 

 

Дененің  май  массасы  мен  басқа  параметрлерін  дәлірек  айқындау  үшін  пайдаланушы  туралы  кейбір  жеке 
деректерді енгізу қажет. 

 

Таразы  8  жады  ұясымен  жарақталған,  оларда  сіз  және,  мысалы,  сіздің  отбасы  мүшелеріңіз  жеке 
деректеріңізді сақтай аласыз. 

 

Өзіңіздің смартфоныңызды пайдаланып, интернетке қосылыңыз (WI-FI, 3G немесе 4G ұсынылады). 

Полезные видео

Характеристики

Оцените статью
tehnopanorama.ru
Остались вопросы?

Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)

Задать вопрос

Часто задаваемые вопросы
Как посмотреть инструкцию к Scarlett SC-BS33ED102?
Необходимо подождать полной загрузки инструкции в сером окне на данной странице
Руководство на русском языке?
Все наши руководства представлены на русском языке или схематично, поэтому вы без труда сможете разобраться с вашей моделью
Как скопировать текст из PDF?
Чтобы скопировать текст со страницы инструкции воспользуйтесь вкладкой "HTML"