Весы Scarlett IS-560 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

15
KZ
ЖАБДЫҚ НҰСҚАУЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
•
Аспапты пайдаланған кезде бұзып алмас үшін оны 
пайдаланар алдында осы нұсқаулықты зейін салып оқып 
шығыңыз. Дұрыс пайдаланбау аспаптың бұзылуына 
әкеліп соғуы мүмкін.
•
Тек тұрмыстық мақсаттарда ғана пайдалану керек. Аспап 
өнеркәсіптік және сауда-саттық мақсатына қолдануға 
арналмаған.
•
Таразының ұрылып-соғылуына жол бермеңіз.
•
Таразының үстінде секірмеңіз.
•
Таразыға артық салмақ түсірмеңіз.
•
Беткі қабат дымқыл күйде тайғанақ болады.
•
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада 
тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде 2 сағат 
бөлме температурасында ұстау керек.
•
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен 
жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін болмашы 
өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен 
енгізу құқығын өзінде қалдырады.
2. ӨЛШЕНУ
•
Таразының жайпақ тегіс жазық жерде тұрғанына көз 
жеткізіңіз. Таразыны кілемнің немесе жұмсақ заттардың 
үстіне қоймаңыз.
•
Салмақты дәл айқындау үшін таразының үнемі бір жерде 
тұрғаны дұрыс. Таразының орнын ауыстырған кезде оны 
тегіс емес жерге қоюыңыз ықтимал, ал бұл салмақтың 
дәл көрсетілуіне әсер етуі мүмкін.
•
Салмақты дәл айқындау үшін үнемі бір уақытта, киіміңіз 
бен аяқ киіміңізді шешіп, тамақтанардан бұрын өлшену 
керек.
•
Салмақты барынша дәл айқындау үшін ұйқыдан 
тұрғаннан кейін 2 сағат өтпей тұрып салмақты 
өлшемеген жөн.
•
Таразының үстінде тұрғанда, ештеңеге сүйенбей, тік 
тұрыңыз.
•
Өлшенген кезде көрсеткіш тұрақтануы үшін қимылсыз 
тұрыңыз.
ЖҰМЫСТЫ БАСТАУ
•
Күн қуатының панелі қуатты кез келген жарық көзінен 
жинақтайды. Жарық жеткіліксіз болса, таразы жұмыс 
істемейді.
•
Бұйымды қораптан шығарып, жапсырмасын алыңыз.
•
Таразы әдіпкі бойынша «стоун» өлшем бірлігіне 
бапталған. Таразының артқы қабырғасында ажыратқыш 
бар, оның көмегімен Сіз өлшем бірлігі ретінде 
«килограмм» немесе «фунт» мәнін таңдай аласыз. 
•
Белгішесі пайда болғанда,
таразының үстіне тұрыңыз.
•
Таразы сіздің салмағыңызды көрсетеді.
•
Таразыдан түсіңіз.
АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ СӨНУ
•
Өлшенгеннен кейін үстінде жүгі жоқ таразы 10 секундтан 
кейін автоматты түрде сөнеді.
АСҚЫН ЖҮКТЕУ
•
Таразыға шамадан тыс жүк түскен кезде «Err» (қате) 
жазуы пайда болады.
ЗАРЯДТАУ
•
Заряд таусылуға таянғанда,
белгішесі жоғалып
кетеді.
•
Белгіше жоғалып
кеткенде, батареяны қалыпты
күндізгі жарықта 60 секунд бойы зарядтау қажет.
3. ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ
•
Таразыны жуғыш затқа шыланған жұмсақ шүберекпен 
сүртіп, құрғатыңыз.
•
Органикалық еріткіштерді, жеміргіш химиялық заттарды 
және түрпілі құралдарды қолдануға болмайды.
4. САҚТАЛУЫ
•
Сақтау барысында таразының үстінде ешқандай 
заттардың болмауын қадағалаңыз.
•
Таразыны құрғақ әрі салқын жерде сақтаңыз.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 











