Увлажнители Timberk T-HU3.5-A15E-W - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

IM2021
36
Ылғалдағыштан шығатын бу ол түсетін үстіңгі беттерді зақымдауы мүмкін.
Ылғалдағышты еденге, сондай-ақ жылыту аспаптарының, қабырға, жиһаз
бен басқа да заттардың жанына қоймаңыз.
Ылғалдағыштың дұрыс орнатылмауы салдарынан зақымдаулар үшін
өндіруші және сатушы жауапты болмайды. Ылғалдағышты қандай да бір биік
жерге орнатыңыз, мысалы, үстел, тумба және т.с.с., кемінде еденнен 60 см
және кемінде қабырғадан 10 см қашықтықта.
Ылғалдағышты суға немесе басқа да сұйықтықтарға батырмаңыз.
Ылғалдағышты дәлізге немесе оған тиіп кетуі, құлатып алуы мүмкін басқа да
жерлерге қоймаңыз. Егер ылғалдағыш пайдаланылмайтын болса, оны электр
желісінен ажыратыңыз.
Желілік баусымды кілем немесе басқа заттардың астынан өткізбеңіз.
Ылғалдағышты кездейсоқ баусымға тиіп кетпейтіндей, орналастырыңыз.
Қоректендіру баусымы өткір жиектер мен ыстық үстіңгі беттерге тимейтінін
бақылап отырыңыз.
Бөлмеден тыс немесе ылғалдылығы жоғары жағдайда пайдаланбаңыз.
Бөлмедегі тым жоғары ылғалдылық терезе мен жиһазда судың
конденсациясына әкеп соқтыруы мүмкін. Егер бұл орын алса, ылғалдағышты
сөндіріңіз.
Бөгде заттардың ылғалдағышқа түсуіне жол бермеңіз.
Ылғалдағыштың үстіне отырмаңыз, тұрмаңыз және үстіне ауыр заттарды
қоймаңыз.
Ылғалдағыштың зақымдалуын болдырмас үшін ылғалдандыру үшін
пайдаланылатын суға эфир майларын, сақтағыш қоспаларды, хош
иістендіргіштер мен басқа да бөгде қосындыларды араластырмаңыз. Бұл
талапты орындамау салдарына алған зақымдаулар үшін өндіруші және
сатушы жауапты болмайды.
ЕСКЕРТУ!
Ультрадыбыстық ылғалдағыш мембранасының жоғары жиілікті тербелістері
естілмейді және адамдар мен үй жануарлары үшін мүлдем қауіпсіз.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC төмен температура жағдайында тұрса, іске
қосар алдында оны кемінде 2 сағат бөлме жағдайында ұстай тұру қажет.
Жеткізу жиынтығына кірмейтін керек-жарақтарды пайдаланбаңыз.
3.
АСПАПТЫҢ МАҚСАТЫ
Ауа ылғалдағыш бөлмедегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығын арттырады
және төмен ылғалдылықтың зиянды құыбылстарына жол бермеуге көмектесе
отырып, микроклиматты нормаға келтіреді.
Жайлы жағдайларға 40 бастап 60% дейінгі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы
кезінде қол жеткізіледі. Ауаның жеткіліксіз ылғалдылығы шырышты қабықтардың
кебуіне әкеп соқтырады, бұл, өз кезегінде, иммунитеттің төмендеуінің, бас ауруы,
еріннің жарылуы, көздің ашып ауруының себебі болуы мүмкін, инфекцияның
дамуына жағдай туғызады және тыныс алу жолдарының ауруына шалдықтырады,
шаршағандықты тудырады, көздің қатты шаршауына және зейін қоюдың
нашарлауына әкеледі, үй жануарлары мен бөлме өсімдіктерінің жағдайларына
кері әсерін тигізеді, шаң-тозаңның түзілуінің жылдамдауына, синтетикалық
матадағы электрстатикалық зарядтың артуына әкеп соқтыруы мүмкін.