Увлажнители Scarlett SC-AH986M14 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

IM015
www.scarlett.ru
SC-AH986M14
8
Дымдаушыны  жиһазға  және  электр  аспаптарына  тікелей  жақын  орналастырмаңыз,сонымен  қатар  оны  желдету 
тесіктерінің жанына қондырмаңыз.  
Егер  бұйым  ұзақ  уақыт  <  0ºC  температурада  болса,  қосудың  алдында  оны  кемінде  2  сағат  бөлмелік  жағдайда  ұстау 
қажет.  
ЕСКЕРТУ: аспапқа су толтырған және оны тазалаған кезде желіден ажыратыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Іске пайдалану кезінде маңайдағы заттарда ақ түсті өңез түзілуі мүмкін, бұл қалыпты жағдай, оған судың 
құрамындағы тұздардың үлкен мөлшері себеп болады, мұндай жағдайда ылғалдағыш сауытына су толтырардың 
алдында қосымша сүзгілеуді пайдалануды ұсынамыз. 
Өндіруші  бұйымның  қауіпсіздігіне,  жұмыс  өнімділігі  мен  жұмыс  мүмкіндіктеріне  түбегейлі  әсер  етпейтін  болмашы 
өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады. 
Өндірілген күні өнімде және/немесе қорапта, сондай-ақ қосымша құжаттарда көрсетілген.
ЖҰМЫСЫ
Сауыттың сыртқы бетін жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Аспапты тегіс, құрғақ беткі қабатқа қойыңыз.
ЕСКЕРТУ! Сауытқа су құярдың алдында аспапты өшіріп, электр қуаты желісінен ажырату керек.
Сауыттың қақпағын бұрап алыңыз да, сауыттың төменгі жағындағы су құятын саңылауға таза су құйыңыз.
Сауыттың қақпағын бұрап жабыңыз.
Сауытты тұғырына орнатыңыз.
Аспапты электр желісіне жалғаңыз.
Реттегіш тетікті бұрау арқылы бу шығу қарқынын өзгертуге болады. Жұмыстың жарық индикаторы жанады.
Су таусылуға айналған кезде ылғалдағыштың жұмысы автоматты түрде тоқтайды. Индикатор басқа түспен жанады.
ХОШ ИІС ФУНКЦИЯСЫ
Хош иіс капсуласына арналған ұяны тартып шығарыңыз да, хош иіс капсуласына хош иісті майдан тамызыңыз.
Ұяны қайтадан ысырыңыз.
Майдың булары судың буымен бірге бөлініп шығады да, сіздің бөлмеңізді өзіңіз таңдаған хош иіске толтырады.
Егер хош иіс функциясы пайдаланылмаса, капсуланы жуу қажет.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ
Аспапты тазалардан бұрын оны электр желісінен әрдайым ажыратыңыз.
СУ ҚҰЯТЫН САУЫТТЫ ТАЗАЛАУ (ЖҰМЫС ІСТЕГЕН ӘР ЕКІ-ҮШ АПТА САЙЫН)
Сауыттан судың қалдығын төгіп тастаңыз.
Сауытты жылы сумен (40ºC-тан аспайтын) шайыңыз.
ЕСКЕРТУ: Керамикалық жарғақты тек жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Оған үшкір немесе қатты заттарды тигізбеңіз.
ЫЛҒАЛДАҒЫШ АСПАПТЫҢ СЫРТҚЫ БЕТІН ТАЗАРТУ
Ылғалдағыштың сыртқы жағын дымқыл жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Бу бүріккішті аққан суға жуыңыз.
ЕСКЕРТУ: Тазалау үшін химикаттарды, органикалық еріткіштерді немесе жеміргіш сұйықтықтарды, сондай-ақ
түрпілі заттарды қолдануға болмайды.
САҚТАЛУЫ
Сақтауға қояр алдында аспаптың электр желісінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ тарауындағы талаптарды орындаңыз.
Аспапты жуып, жақсылап кептіріңіз; қорабына салыңыз да, құрғақ жерде сақтаңыз.
АСПАПҚА ТӘН АҚАУЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖОЮ
АҚАУЛЫҚ
СЕБЕБІ
ШЕШІМІ
Жарық индикаторы жанбайды
Аспап желіден ажыратылған
Ашаны розеткаға сұғыңыз да, аспапты іске қосыңыз
Жарық индикаторы жанады, ауа 
келіп түседі, бірақ бу түзілмейді 
Сауытта су жоқ
Сауытқа су толтырыңыз
Аспап жұмыс істеп тұрған кезде 
бөгде иіс шығады 
1.Ылғалдағыш бірінші рет іске 
қосылған  
2.Сауыттағы су кір  
1.Суды ауыстырыңыз да, су құятын сауытты 
жуыңыз, оны ашыңыз да, кем дегенде 12 сағат 
құрғатыңыз. 
2.Сауыттағы суды ауыстырыңыз 
Жарық индикаторы жанады, 
бірақ бу түзілмейді 
Сауыттағы су тым көп немесе су 
мүлде жоқ 
Шамалы суды төгіп тастаңыз немесе сауытқа су 
толтырыңыз 
Бу аз түзіледі
Керамикалық жарғақ кірлеген 
немесе сауыттағы су кір  
Керамикалық жарғақты сүртіңіз де, суды 
ауыстырыңыз 
Өнімдегі, қораптағы және/немесе қосымша құжаттағы осындай белгі қолданылған электрлік және электрондық
бұйымдар  мен  батарейкалар  кәдімгі  тұрмыстық  қалдықтармен  бірге  шығарылмауы  керек  дегенді  білдіреді.  Оларды 
арнайы қабылдау бөлімшелеріне өткізу қажет. 
Қалдықтарды жинау жүйелері туралы қосымша мәліметтер алу үшін жергілікті басқару органдарына хабарласыңыз.  
Қалдықтарды  дұрыс  кәдеге  жарату  бағалы  ресурстарды  сақтауға  және  қалдықтарды  дұрыс  шығармау  салдарынан 
адамның денсаулығына және қоршаған ортаға келетін теріс әсерлердің алдын алуға көмектеседі. 
 
  
  
  
  
  
  
  
 











