Увлажнители Polaris PUH 4545 Wave - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

21
Құралды тек қана ауыспалы тоқ көзіне ғана қосыңыз (~). Құралды желіге қоспас бұрын,
құралдың электрлік параметрлері желіде қолданылатын кернеуге арналғанына көз жеткізіңіз.
Кез келген ақау бола тұра құралды іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан
айырады.
Стандартты емес қоректендіру көздерін немесе қосу құрылғыларын пайдалануға болмайды.
Құралды желіге қоспас бұрын, оның өшіріліп тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құралды бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз. Құралды ыстықтан күн сәулесінің тікелей
түсуінен, ылғалдықтан (ешқашан құралды суға батырып салмаңыз), сонымен қатар, сүйiр
бұрыштарға соғылуынан сақтаңыз.
Ылғал қолмен құралды ұстауға болмайды. Құрал дымқылданса, оны бірден желіден
ажыратыңыз.
Пайдаланып болғаннан кейін, тазарту алдында немесе ақау анықталған жағдайда құралды
әрқашан желіден ажыратыңыз.
Құралды желілік сымнан ұстап тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ, желілік сымнан ұстап
желіден ажыратуға тыйым салынады. Құралды желіден ажыратқанда штепсельді айыршадан
ұстаңыз.
Пайдаланып болғаннан кейін, электрмен қоректендіру сымын құралды айналдыра орауға
болмайды, себебі, уақыт өте келе бұл сымның үзілуіне әкеп соғуы мүмкін.
Сымды тек қана білікті мамандар – қызмет көрсету орталығының қызметкерлері ғана ауыстыра
алады. Біліктілілігі жоқ тұлға тарапынан жасалған жөндеу қолданушыны қауiп-қатерге
ұшыратуы мүмкін.
Құралды өз бетіңізбен жөндеуге болмайды. Жөндеуді қызмет көрсету орталығының білікті
мамандары ғана жүзеге асыруы керек.
Құралды жөндеу үшін тек қана түпнұсқалы қосалқы бөлшектер пайдаланылады
Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар
Құралды тек тұрмыста ғана пайдалануға арналған.
Құралды алғашқы рет іске қосу алдында оны 30 минут бойы бөлме температурасында
қалдырыңыз.
Ылғалдағыш
жұмысының
жағымды
шарттары:
ылғалдатқышты
бөлменің
5-40С
температурасында, және 80%-дан төмен ылғалдықта пайдаланыңыз.
Құралды тұрақсыз, тегіс емес бұдыр қабатқа қойып, қолдануға тиым салынады.
Құралдың жұмыс барысында бөлмедегі жиһаздарды және өзге заттарды бүлдіріп алмас үшін ауа
ылғалдағыш олардан біршама қашықтықта орнатылып тұруы тиіс.
Құралды тазарту алдында немесе сауытты (бөшкені) сумен толтыру кезінде құралды желіден
ажыратыңыз.
Құралға судың тиюіне жол бермеңіз.
Суға арналған сауыт бос болған жағдайда құралды өшіріңіз. Егер негізгі қуыста
(бугенераторының үстінде) су болмаған жағдайда құралды іске қосу әрекеті оның істен шығуына
әкеп соғуы мүмкін.
Сауытты тек таза (ең дұрысы дистильденген су), 40С төмен температурадағы суық сумен
толтырыңыз, суға хош иісті қосқыш заттар мен май және т.б. заттарды қосуға тиым салынады.
Құралды әрбір пайдаланудан кейін тазартыңыз және оны залалсыздандыру қажет.
Пайдалану саласы
Құрал осы Нұсқаулыққа сәйкес, тек қана тұрмыста қолдануға арналған. Құралды өнеркәсіптік
мақсатта пайдалануға болмайды.
Өндіруші осы нұсқауда қарастырылмаған немесе дұрыс пайдаланбаған жағдайдың нәтижесінде
туындаған залал үшін жауапты емес.
Характеристики
Остались вопросы?Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)