Утюги Scarlett SC-SI30K18 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

IM017
www.scarlett.ru
SC-SI30K18
11
KZ
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Құрметті сатып алушы! SCARLETT сауда таңбасының өнімін сатып алғаныңыз үшін және біздің компанияға
сенім артқаныңыз үшін Сізге алғыс айтамыз. Іске пайдалану нұсқаулығында суреттелген техни калық
талаптар орындалған жағдайда, SCARLETT компаниясы өзінің өнімдерінің жоғары сапасы мен сенімді
жұмысына кепілдік береді.
SCARLETT сауда таңбасының бұйымын тұрмыстық мұқтаждар шеңберінде пайдаланған және іске
пайдалану нұсқаулығында келтірілген пайдалану ережелерін ұстанған кезде, бұйымның қызмет мерзімі
бұйым тұтынушыға табыс етілген күннен бастап 2 (екі) жылды құрайды. Аталған шарттар орындалған
жағдайда, бұйымның қызмет мерзімі өндіруші көрсеткен мерзімнен айтарлықтай асуы мүмкін екеніне
өндіруші тұтынушылардың назарын аударады.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Қолдану нұсқауын ықыласпен оқып шығыңыз және оны анықтамалық материал ретінде сақтаңыз. Дұрыс
қолданбау бұйымның бұзылуына әкелуі, материалдық не қолданушының денсаулығына зиян келтіруі
мүмкін.
Алғашқы қосудың алдында бұйымның техникалық сипаттамасының жапсырмада көрсетілген электр
жүйесінің параметрлеріне сәйкестігін тексеріңіз.
Тек қана тұрмыстық мақсаттарда қолданылады. Құрал өнеркәсіптік қолдануға арналмаған.
Жайдан тыс не жоғары дымқылды жағдайда қолданылмайды.
Құралды не бауды суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
Қоректену бауының өткір жиектер және ыстық үстілерге тимеуін қадағалаңыз.
Құралды қоректену жүйесінен сөндіргенде қолмен шаңышқыны ұстаңыз, қоректену бауынан тартпаңыз.
Электр тоғының ұруына және жануға тап болмау үшін, құралды суға немесе басқа сұйықтықтарға
батырмаңыз. Егер бұл жағдай болса, бұйымды ҰСТАМАҢЫЗ, оны электр жүйесінен дереу сөндіріп
тастаңыз және сервис орталығына тексертіңіз.
Құрылғыны өз бетіңізше жөндеуге талпынбаңыз. Олқылықтар пайда болса жақын арадағы сервис
орталығына апарыңыз.
Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін тәжірибесі
мен білімі жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың) қауіпсіздігі үшін жауап б еретін адам
қадағаламаса немесе құрылғыны пайдалану бойынша нұсқау бермесе, олардың бұл құрылғыны
қолдануына болмайды.
Қоректену бауы не шаңышқысы зақымдалған, құлап түскен немесе басқа зақымдары бар құралды
қолданбаңыз. Электр тоғының ұруына тап болмау үшін өздігінен талдауға және жөндеуге талпынбаңыз,
қажет болса сервис орталығына барыңыз.
Балалар құрылғымен ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап отыру керек.
Қосылған не ыстық үтікті қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе үтіктеуіш тақтайда.
Үтіктеуден үзілістерде үтікті тек қана өкшеге қойыңыз. Оны металл не кедір-бұдырлы үстіге қою
ұсынылмайды.
НАЗАР: Қоректену жүйесінің шамадан артық жүктелуіне тап болмау үшін, үтікті басқа қуатты электр
аспаптармен бірге бір электр жүйесінің желісіне іске қоспаңыз.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде 2
сағат бөлме температурасында ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін
болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
Өндірілген күні өнімде және/немесе қорапта, сондай-ақ қосымша құжаттарда көрсетілген.
ТАБАН
«Keramopro» табаны – бұл Scarlett компаниясының мамандарымен бірге әзірленген кәсіптік металл-
керамикалық жабын. Жабын қабатының беріктілік, сырғанау деңгейі жоғары және түбінің күйіп кетуіне
төзімділігі 100%.
ДАЙЫНДАУ
Үтіктің кейбір бөлшектеріне жасалу кезінде май жағылады, сондықтан алғашқы қосу барысында үтік аздап
түтіндейді. Біраз уақыттан кейін түтін жоғалады.
Жұмысшы үстінің қорғауыш тыс қабын алыңыз және оны жұмсақ матамен сүртіңіз.
ЖҰМЫС
ТЕМПЕРАТУРАЛЫҚ ТӘРТІПТЕР
Жұмысты бастар алдында, сіз үтіктемекші болған бұйымда осы нақты бұйымды өңдеу нұсқауларының
ярлыгінің барына көз жеткізіңіз; оларды бұлжытпай ұстаныңыз.
Термо реттегішті Сіз үтіктемекші болған мата үлгісіне лайықты күйге орнатыңыз:
БЕЛГІШЕ
МАТА ҮЛГІСІ
Бұйым үтіктеуге ұсынылмайды.
•
Синтетика, Нейлон, Акрил, Полиэстер, Вискоза
••
Жүн, Жібек
•••
Мақта, Зығыр
Барынша көп температура (булау)
ЕСО
Синтетикадан басқа барлық мата түрлеріне арналған













