Утюги Philips GC8942 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

13
Қазақша
Құрылғыны қолдану
OptimalTEMP технологиясы
Ескерту: үтіктеуге болмайтын маталарды үтіктемеңіз.
OptimalTemp технологиясы үтіктеуге болатын бүкіл мата түрлерін үтік температурасын реттеусіз және киімдерді
сұрыптаусыз кез келген ретте үтіктеуге мүмкіндік береді.
Ыстық табаны кері үтік түпқоймасына (6-сурет) қоймай тікелей үтіктеу тақтасына қойған дұрыс. Бұл білектегі
қысымды азайтуға көмектеседі.
-
Мына белгілері бар маталарды (7-сурет), мысалы, зығыр, мақта-мата, полиэстер, жібек, жүн, вискоза және
жасанды жібекті үтіктеуге болады.
-
Мына белгісі бар маталарды (8-сурет) үтіктеуге болмайды. Бұл маталардың құрамында спандекс немесе эластан,
спандекс аралас талшықтар және полиолефиндер (мысалы, полипропилен) сияқты синтетикалық талшықтар бар.
Киімдегі суретті үтіктеуге болмайды.
Үтіктеу
1
Бу генераторын тұрақты тегіс жерге қойыңыз.
Ескертпе: қауіпсіз үтіктеу мақсатында негізін тұрақты үтіктеу тақтасына қою ұсынылады.
2
Су ыдысында жеткілікті су бар екенін тексеріңіз («Су ыдысын толтыру» бөлімін қараңыз).
3
Бу генераторын қосу үшін, штепсельдік ұшты жерге қосылған розеткаға жалғап, қосу/өшіру түймесін басыңыз.
«Үтік дайын» шамы тұрақты жарықпен жанғанша күтіңіз (9-сурет). Бұған шамамен 2 минут қажет.
4
Бу жеткізу шлангысын бу жеткізу бөлігінен алыңыз.
5
Тасымалдау бекітпесін босату түймесін басып, үтікті түпқоймасынан шығарып алыңыз (10-сурет).
6
Үтіктей бастау үшін бу шығарғышын басыңыз (11-сурет).
Ескерту. Бірінші рет қолдану кезінде, бу шығару түймесін, бу шықпайынша 30 секундқа дейін басып тұрыңыз. Үтік
ұзақ уақыт бойы сақталған болса, бұл үшін көбірек уақыт қажет болуы мүмкін.
7
Жақсы үтіктеу нәтижелері үшін бумен үтіктегеннен кейін соңғы соққыларды бусыз орындаңыз.
MAX (Макс) параметрі
Жылдам үтіктеу және будың көп мөлшерін шығару үшін MAX күйін пайдалануға болады.
1
Шам ақ болып жанғанша қосу/өшіру түймесін 5 секунд бойы басып тұрыңыз.
2
Энергияны үнемдеу үшін, құрылғы 15 минуттан кейін әдеттегі бу беру режиміне автоматты түрде оралады.
3
Керісінше жағдайда, әдеттегі беру режиміне оралу үшін, шам қайтадан көк түспен жанбайынша, қосу/сөндіру
түймесін 2 секунд бойы басып тұрыңыз.
Буды күшейту функциясы
Буды күшейту функциясы қатты бүктеліп қалған жерлерді түзету үшін жасалған.
-
Бу күшейту функциясын белсендіру үшін, бу триггерін екі рет жылдам басыңыз. Құрылғы будың 3 қуатты ағынын
шығарады.
-
Буды күшейту функциясын тоқтату үшін бу шығару түймесін бір рет басыңыз.
Тігінен үтіктеу
Ескерту: үтіктен ыстық бу шығады. Киімді біреу киім тұрғанда оның қыртысын
кетіруге әрекет етпеңіз (12-сурет). Үтіктің жанында өзіңіздің немесе басқа біреудің
қолы тұрса, буды шығармаңыз.
Ілулі тұрған матаның қыртысын кетіру үшін булы үтікті тігінен пайдалануға болады.