Термопоты Polaris PWP 2824 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

27
Қайнап жатқанда суды құймаңыз. Қойма бос кезде автоматты су құю
басқышын баспаңыз.
саптыаяқ көмегімен су құю:
су құюға арналған шүмекте арнайы
кішкене тұтқыш бар. Саптыаяқты аспап шүмегінің астына тұтқышқа
жақындатып, су құю үшін оны басыңыз.
Назар аударыңыз!
Құятын тұтқышты ешқашан қолмен ұстамаңыз. Бұл қатты күйіп қалудың
себебі болуы мүмкін.
5.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТУ
Аспапты тазаламас бұрын оны желіден сөндіріп, желі сымын ажыратыңыз.
Аспаптың корпусы мен қақпағын жұмсақ дымқыл матамен жиі сүртіп тұрыңыз. Абразивті
және агрессиялы тазартқыш дауаларды, сондай-ақ органикалық еріткіштерді қолданбаңыз.
Қатты кірленуді кетіру үшін ыдыс жууға арналған дауаны қолдануға болады.
Суға арналған қойманы ыңғайлы шайып алу үшін қақпағын шешіңіз. Шайып болған соң
қақпағын қайта орнына орнатыңыз.
Қақпақты шешу үшін
1.
Қақпақтың шетпегін көтеріп, оны жоғары қарай тартыңыз.
2.
Қақпақты 45° ашып, аспаптың артқы жағындағы қақпақты ашу басқышын басыңыз да,
қақпақты ажыратыңыз.
Қақпақты орнына орнату үшін
1.
Қақпақты шешу басқышын басып, қақпақтың артқы жағындағы пайда болған саңылауға
қақпақты 45° бұрышта ұстап тұрып металл білікті орнатыңыз.
2.
Басқышты жіберіңіз. Күш салмастан қақпақтың бекітілгенін тексеріңіз.
Күнделікті күтім үшін
Қоймадан судың қалдығын толық ағызып тастаңыз, әйтпесе оның дәмі қайта құйғанда
нашарлап, қойма ішінде қақтың пайда болу мүмкіндігі артады.
Қақпағын шешіп алып, суды аспаптың оң немесе сол жағынан ағызыңыз.
Назар аударыңыз!
Басқару панеліне және желі сымының айырғышына су тигізбеңіз. Суды басқару панелі
арқылы немесе аспап корпусының артқы бөлігінен ағызбаңыз.
Суды ағызып, қойма ішін таза майлықпен сүртіңіз, бұл келесі қайнатуда қақтың
қабатталуының алдын алады.
Судың құрамындағы тұздардың әсерінен қақ қойманың іші мен түбінде бәрібір жиналады.
Қақтың әсерінен аспаптың жұмысында шуыл пайда болып, қызу уақыты ұзаруы мүмкін. Қақ
ағызу түтігіне толып қалып, судың шығуын қиындатады, немесе ақ үлпек болып сумен бірге
шығады. Аспапта қақ болса, судың қайнауы ұзарады, нәтижесінде электр энергиясын
пайдалану да артады.
Пайда болған қақты жиі тазартып тұруға кеңес береміз – мына тәсілмен 2-3 айда бір рет:
Қойманы максималды белгіге дейін толтырып, лимон қышқылын қосыңыз (1 л суға шамамен
20 г), жақсылап араластырыңыз.
Желі сымын розеткаға тығып, суды қайнатыңыз, температураны сүйемелдеу тәртібінде 1
сағатқа қалдырыңыз. Сонан соң автоматты құю (DISPENSE) басқышын басып судың
жартысын ағызып тастап, қалған суды саптыаяқтың көмегімен ағызыңыз. Суды осылай
ағызып, осы процедураны 2-3 рет таза сумен қайталаңыз.
Суға арналған қойма іші мен түбін жұмсақ матамен сүртіңіз.
Қақты кетіретін арнайы дауаларды қолданатын болып шешсеңіз, сол дауаларды
өндірушілердің нұсқаулығын қолданыңыз.
Содержание
- 3 СФЕРА ИСПОЛЬЗОВАНИЯ; в местах постоянного проживания; ОПИСАНИЕ ПРИБОРА
- 4 Наполните резервуар прибора водой:
- 5 : разблокируйте блокиратор помпы, надавите на; автоматический розлив воды; : нажмите на кнопку розлива воды
- 6 розлив воды с помощью кружки:; у носика для розлива воды; ЧИСТКА И УХОД; Для снятия крышки; Поднимите защелку крышки и потяните ее вверх.; Чтобы установить крышку на место; Протрите стенки и дно резервуара для воды мягкой тканью.
- 7 Замена уплотнительного кольца крышки; ПОИСК И УСТРАНЕНИЕ НЕИСПРАВНОСТЕЙ; Проблема; РЕАЛИЗАЦИЯ
- 8 Подключайте прибор только к заземленным розеткам.; ОБЩИЕ УКАЗАНИЯ ПО БЕЗОПАСНОСТИ ПРИ РАБОТЕ
- 10 КОМПЛЕКТАЦИЯ; Руководство пользователя 1 шт.; ТЕХНИЧЕСКИЕ ХАРАКТЕРИСТИКИ; чайник-термос электрический бытовой торговой марки Polaris; ИНФОРМАЦИЯ О СЕРТИФИКАЦИИ
- 12 ГАРАНТИЙНОЕ ОБЯЗАТЕЛЬСТВО; чайник-термос электрический бытовой; Модель:
Характеристики
Остались вопросы?Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)