Телевизоры LG 42LF580V - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

12
Теледидарға əр түрлі сыртқы құрылғыларды жалғап,
сыртқы құрылғыны таңдау үшін, кіріс сигналы режимдерін
ауыстырып қосыңыз. Құрылғының сырртқы қосылымы
туралы қосымша ақпарат алу үшін əр құрылғымен бірге
берілетін нұсқаулықты қараңыз.
Қолдануға болатын сыртқы құрылғылар: HD ресиверлері,
DVD ойнатқыштары, бейнемагнитофондар, дыбыстық
жүйелер, USB жад құрылғылары, компьютерлер, ойын
құрылғылары жəне басқа да сыртқы құрылғылар.
ЕСКЕРТПЕ
• Сыртқы құрылғыны жалғау түрі үлгіге қарай əртүрлі
болуы мүмкін.
• Теледидарға сыртқы құрылғыларды теледидар
портының ретіне қарамастан жалғаңыз.
• Егер теледидар бағдарламасын DVD рекордеріне
немесе бейнемагнитофонға жазсаңыз, теледидардың
сигнал кіріс кабелін теледидарға міндетті түрде
DVD рекордері немесе бейнемагнитофон арқылы
жалғаңыз. Жазу туралы қосымша ақпаратты
жалғанған құрылғының нұсқаулығынан қараңыз.
• Пайдалану туралы нұсқауларды сыртқы құрылғының
нұсқаулығынан қараңыз.
• Ойын құрылғысын теледидарға жалғаған кезде,
құрылғымен бірге жабдықталған кабельді қолданыңыз.
• Компьютер режимінде ажыратымдылық, тік өрнек, түс
контрасты немесе жарықтыққа байланысты кедергілер
тууы мүмкін. Шу бар болса, компьютер шығысын
басқа ажыратымдылыққа немесе жаңалау жиілігін
басқа жиілікке өзгертіңіз немесе СУРЕТ мəзіріндегі
жарықтық жəне түс контрастын бейне таза болғанға
дейін реттеңіз.
• Компьютер режимінде кейбір ажыратымдылық
параметрлері графикалық тақтаға байланысты дұрыс
жұмыс істемеуі мүмкін.
Антеннаны жалғау
RF кабелі (75 Ω) арқылы теледидарды қабырғадағы
антенна ұясына жалғаңыз.
• 2-ден көп ТД пайдалану үшін сигнал сплиттерін
пайдаланыңыз.
• Егер бейне сапасы нашар болса, бейне сапасын
жақсарту үшін сигнал күшейткішін тиісті түрде
орнатыңыз.
• Егер антенна қосылған күйде бейне сапасы нашар
болса, антеннаның бағытын түзетіңіз.
• Антенна кабелі жəне конвертер қамтамасыз етілмеген.
• Қолдау көрсетілетін DTV аудио: MPEG, Dolby Digital,
Dolby Digital Plus, HE-AAC
Жерсерік тəрелкесі қосылымы
(Тек жерсерік үлгілері)
Теледидарды жерсеріктің ұяшығына жерсерік RF
кабелімен (75 Ω) жалғаңыз.
Адаптері қосылымы
(Үлгіге байланысты)
• Теледидардың қуат сымын қабырғадағы розеткасына
қоспас бұрын теледидарды тұрақты ток адаптеріне
жалғаңыз.
Euro Scart қосылымы
(Үлгіге байланысты)
Бейне жəне дыбыс сигналдарын сыртқы құрылғыдан
теледидарға жібереді. Сыртқы құрылғы мен теледидарды
Euro-Scart кабелімен жалғаңыз.
Шығыс түрі
Ағымдағы
кіріс режимі
AV1
(ТД шығысы1)
Сандық ТД
Сандық ТД
Аналогтық ТД , AV
Аналогтық ТД
Component
HDMI
1
ТД шығысы : Аналогтық ТД немесе Сандық ТД
сигналдарын шығарады.
• Кез келген Евро «Scart» кабелі сигналдан қорғалған
болу керек.
CI
модулінің қосылымы
(Үлгіге байланысты)
Шифрленген (ақылы) қызметтерді сандық теледидар
режимінде көру.
• CI модулінің PCMCIA карта ұясына дұрыс салынғанын
тексеріңіз. Егер модуль сəйкесінше енгізілмесе,
теледидар немесе PCMCIA карта ұяшығына зақым
келуі мүмкін.
• CI+ CAM қосылғанда теледидарда ешбір бейне
немесе аудио көрсетілмесе, Жер/Кабель/Жерсерік
қызмет операторымен хабарласыңыз.
Басқа қосылымдар
Теледидарды сыртқы құрылғыларға қосыңыз. Сурет пен
дыбыс сапасы барынша жақсы болу үшін, сыртқы құрылғы
мен теледидарды HDMI кабелімен жалғаңыз. Кейбір бөлек
кабель берілмейді.
ҚАЗАҚША













