Телевизоры Haier LE43K6000SF - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

Ақауларды іздеу және жою
Сандық теледидардың ақауларын жою:
проблемалар және оларды шешудің ықтимал жолдары.
Кескін пикселдерге бөлінеді
Сигналды қабылдаумен болатын проблемаға тән мысал
кескіннің
пикселдерге "шашырап кетуі"
(
пикселдену) немесе
қатып қалуы
(
кескін қатып қалады); кейде
сыртыл
немесе
шиқыл
пайда болады,
дыбыс жоғалып кетеді
немесе
қабылдау жоқ
.
Сурет пикселдерге сандық бейнесигналдың жоғалып кетуі себепті бөлінуі мүмкін. Сигналдың жоғалып кетуі түрлі
проблемалар себепті орын алады: антеннадан сигналдың әлсіз берілуі себепті (төмендегі телевизиялық антенналар дегенді
қар.), кабель сигналының әлсіздігі себепті (егер кабелдік ТВ пайдаланылатын болса). Егер проблема сигнал әлсіздігінде
болса, сигналды күшейткіштерді пайдалану қажет. Сізге кіріктірілген күшейткішті немесе алдын ала күшейткішті орнатуға
көмектесетін маманға жүгініңіз. Бұл сигнал деңгейін арттырып, пикселдену проблемасын жоюға септігін тигізеді.
Егер сіз телевизиялық сигналды жерсерік арқылы алатын болсаңыз, қатты жел салдарынан табақшаның орнынан қозғалып
кетпеген бе екенін, сондай-ақ сигналды ағаштардың бөгеп тұрған жоқ па екенін тексеріңіз. Ағаштар проблема туғызуы
мүмкін, өйткені телевизиялық сигнал жерсерік табақшасы мен жерсерік арасындағы ағашта жапырақтың бар -жоқтығына
байланысты өзгеруі мүмкін.
Арналардың жоқтығы
Сіз
кейбір арналардың жоқтығын
байқауыңыз мүмкін, немесе сіз арналарды дұрыс емес өңірден қабылдап жатырсыз.
Кейде
интерактивті қызметтер (қызыл батырма) жұмыс істемеуі мүмкін.
Бұл әдетте әлсіз сигнал салдарынан орын
алады, «Телевизиялық антенналарды» қар.
Телевизиялық антенналар
Теледидар телевизиялық антеннадан сандық эфирлік телевидение сигналын алады. Аналогтық телевидениеге жақсы
тарыған ескі антенналар сандық жабдыққа тарымауы мүмкін, бұл жаңғыртуды қажет етеді. Егер теледидар DTV режимінде
кейбір арналардың, бірақ барлығының емес, сигналын қабылдайтын болса, мәселен ВВС1, ВВС2, Channel 4, бірақ ITV
немесе Channel 5 емес, бұған көбінесе антеннаның жұмыс ауқымының тарлығы себеп болады. Сондықтан оны кеңге
ауқымға өзгерту қажет.
Сымдар мен кабелдер ақауы
Теледидарды тексеріңіз. Артқы жағындағы сымдары - қорек, антенна, жерсеріктік телевидение қабылдағышы, бейне-
немесе DVD-ойнатқыш/рекордер дұрыс жалғанған ба? SCART-кабелдер жалғамасы уақыт өтісімен жиі босап қалуы мүмкін,
бұл аудиосигналмен де, бейнесигналмен де проблема туғызуы мүмкін. Не сол, не оң аудиоарна болмауы мүмкін, ал түстер
– бұлыңғыр немесе анық емес болуы ықтимал. SCART штекерлерін тірелгенше салыңыз, бұл проблеманы шешуі тиіс.
HDMI
штекерлерін тірелгенше салу қажет; түйісу соңғы миллиметрінде орын алады. Әдетте, HDMI штекерінің қара пластик
бөлігі теледидар немесе құрамбөлік корпусына тигенше жақын орналасуы тиіс.
HDMI кабелдерін қосқан кезде, егер қосу теледидар немесе басқа құрамбөлік жұмыс істеп тұрған уақытта орындалатын
болса, проблема туындауы мүмкін. Қосқан кезде әрдайым теледидарды да, қосылатын жабдықты да өшіріп отырыңыз.
Штекерлер мен жалғағыштарды тексерген соң теледидарды және оған қосылған кез-келген жабдықты өшіріңіз, кейін оларды
қайтадан қосыңыз.
Мен компьютерді теледидарға қостым . Дыбысы жоқ.
Егер сіз ПК/ноутбукті теледидарға VGA кабелін (15 түйіспелі Sub D) пайдаланып қосқанда аудио-сигнал болмаса;
теледидарға ПК/ноутбуктен жеке аудио-кабель қосу қажет болады.
Табиғи емес түстер мен дене түстес реңктер
Табиғи емес дене түстес реңктер мен басқа түстер тіпті теледидарыңыз анықтылығы жоғары жаңа болғанның өзінде де
қиындық тудыруы мүмкін. Бұл дүкенде көрсету үшін оңтайландырылған теледидардағы кескін баптаулары салдарынан
орын алуы мүмкін. Бұны кескін мәзірінде кескін режимін табиғиға өзгертіп түзетуге болады. Дәлдігі жоғары болуы үшін кескін
мәзірінде түстерді, контрасты мен жарықтықты қолмен баптап көріңіз.
Ақ бұлдыр кескіндер
Заттар мен адамдар айналасындағы ақ бұлдыр кескіндер әдетте теледидар жарықтығы өте жоғарыға орнатылғанда яки
теледидарыңыз кескін ашықтығын жақсарту үшін қандай да бір технологияны пайдаланатын жағдайда пайда болады.
Кескіндер мәзіріне өтіңіз де ашықтықты ақ бұлдыр кескіндер жоғалып кеткенше баптаңыз. Егер кескін ашықтығын жақсарту
қосулы болса, оны сервистік мәзір арқылы өшіріп көріңіз.
Үзік бейне
Кейде бейнекескін үзік болуы мүмкін. Бұл жағдайда бейнесигнал қуатының жеткілікті ме екенін тексеру қажет. Егер сигнал
қуаты жеткілікті болса, кабелдік телевидение операторы тарапынан проблеманың жоқтығын тексеріңіз. Егер сигнал қуаты
төмен болса, оны күшейткіш көмегімен арттырып көріңіз.
Кескін өлшемі экранға сәйкес келмейді
Теледидарға ПК/ ноутбукті қосқан кезде кескін өлшемі экраннан кіші болуы мүмкін. Өзіңіздің компьютеріңіздің немесе
ноутбугіңіздің баптауларын тексеріңіз (W indows > Бастау > Басқару панелі > Безендіру және дербестендіру > Экран
ажыратымдылығын баптау), кейін көбірек келетін ажыратымдылықты таңдаңыз. Теледидарда: Теледидар мәзірі > Кескін >
Баптаулар дегенді таңдаңыз. Кейін жақсырақ кескін нұсқасын таңдау үшін АВТО, ZOOM1 немесе ZOOM2 дегендерді байқап
көріңіз.
USB-
қосылу
USB-
қосылу *.jpg (сурет) және *.mpЗ (музыка) пішіміндегі файлдарға жұмыс істейді. Теледидардың Apple iPhone
смартфондарын, сондай-ақ теледидардың USB-жалғағышына қосылған Apple iPod ойнатқыштарын танымайтынын ескеруді
сұраймыз. Теледидар басқа пішімдегі файлдарды оқи алады, алайда ондай файлдар алуан түрлі болуына байланысты
оларды ойнату мүмкіндігіне кепілдік берілмейді













