Стиральная машина Samsung WW12K8412OX - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

Іске кірісу алдында
Казақ
26
Іске кірісу алдында
Кір жуу туралы кеңес
ҚАДАМ: 1 Сұрыптау
Кірді төмендегі белгілері бойынша сұрыптаңыз:
• Затбелгі: Кірді мақта мата, аралас мата,
синтетика, жібек мата, жүн мата және жасанды
талшық түрлеріне бөліп сұрыптаңыз.
• түс: Ақ киімдерді түрлі түсті киімдерден бөліңіз.
• Көлемі: Барабанға әр түрлі киімдерді
араластырып салғанда жуу нәтижесі
жақсарады.
• Нәзіктік: Нәзік матадан жасалған заттарды,
таза, жаңа жүн мата, перде және жібек матаға
арналған баппен жуу циклымен жеке жуыңыз.
Жуылатын киімдердің затбелгілерін қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Киімдердің затбелгілерін міндетті түрде қарап, жуу
алдында тиісінше сұрыптаңыз.
ҚАДАМ: 2 Қалталарды босату
Киімдердің барлығының қалталарын босатыңыз.
• Киімдегі тиын, түйреуіш және қапсырма тәрізді
темір заттар басқа киімдерге, сонымен қатар
барабанға зақым келтіруі мүмкін.
Түймелері және жиектемелері бар киімдердің
астарын сыртына аударыңыз.
• Шалбар немесе күртешелердің тартпаларын
салмай жуса, барабанға зақым келуі мүмкін.
Тартпаларды салып, баумен бекіту керек.
• Ұзын бауы бар киімдер басқа киімдерге
байланып қалуы мүмкін. Киімнің бауларын
жумай тұрып міндетті түрде байлаңыз.
ҚАДАМ: 3 Кір жууға арналған торды
пайдалану
• Төс тартқыштарды (машинамен жууға
болатын) кір жуатын торға салу керек. Төс
тартқыштың темір бөліктері тесіп, басқа
кірлерді бүлдіруі мүмкін.
• Нәски, қолғап, шұлық және бет орамал
тәрізді кішкене, жеңіл заттар есіктің арасына
қыстырылып қалуы мүмкін. Оларды кір жууға
арналған торға салыңыз.
• Кір жууға арналған торды кір салмай жумаңыз.
Себебі машина қалыптан тыс дірілдеп,
орнынан жылжып, адам жарақат алуы мүмкін.
Untitled-7 26
2016-02-04 3:37:23













