Стиральная машина Haier HWD70-1482S - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

Пайдалануға дайындау
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
КІРЖУҒЫШ МАШИНАНЫ АЛҒАШ ҚОСАР АЛДЫНДА
Тасымалдауға арналған болттарды шешу қажет.
Машинаға тым жақын жерде талшықтардың,
шаңның жəне кірдің жиналуына жол бермеу керек.
Қорек бауының штепселі розеткаға жетуі керек.
Штепсельді розеткадан суырарда электр кабелін
емес, штепсельді ұстау қажет.
Машинаны үйдің сумен қамтамасыздандыру
жүйесіне тікелей қосу керек.
Пластмасса жəне резеңке детальдар мерзімінен
бұрын тозбауы үшін, машина мен жылу көздерінің
арасында жеткілікті қашықтықты қамтамасыз етіп,
машинаны күн сəулесі тікелей түспейтіндей етіп
орналастыру қажет.
Қорек кабелі машинаға қыстырылып қалмағанына
не оның астында қалып қоймағанына көз жеткізіңіз,
сондай-ақ, оның зақымдалуына жол бермеңіз.
Түтіктердің жалғанған жерлерінің берік бекітілгеніне
жəне су ағатын жерлердің жоқтығына көз жеткізіңіз.
Керісінше жағдайда су берілуін тоқтатып, оларды
бекіту қажет. Барлық түтіктер дұрыс бекітілмейінше
кіржуғыш машинаны пайдаланбаңыз.
Киімдердің шатасып қалмауы үшін, сыдырма
ілгектерді жауып, бауларды байлау керек. Қажет
болған жағдайда ұсақ заттарды кішігірім тор
сөмкеге не жастыққапқа салып жуыңыз.
Электр қуатын үнемдеу жəне қауіпсіздікті
қамтамасыз ету мақсатында машинаны əр жуудан
соң өшіріп, қорек желісінен ажырату қажет.
Кір салатын люктің төменгі бөлігін сүртіп жүріңіз.
Жағымсыз иістің пайда болуына жол бермес үшін,
машина пайдаланылмайтын кездерде есігін
жартылай ашық қалдыру керек.
Қорек кабелі зақымдалған жағдайда оны өндіруші,
оның қызмет көрсететін агенті немесе басқа білікті
мамандар ауыстырулары керек.
Машинаға ауыр заттарды, жылу көздерін немесе
ылғал заттарды орналастырмаңыз.
Жуу барысында кіржуғыш машина есігін
ұстамаңыз – ол ысиды.
Уақ тесікті резеңкені, кеуекті материалдарды,
душқа арналған бас киімдерді немесе су
өткізбейтін материалдарды ыстық суда жууға
не кептіруге болмайды.
Жуу барысында жуғыш заттар мөлшерлеуішін
ашуға болмайды.
Кіржуғыш машина есігін күшпен ашуға
болмайды. Есік жуу аяқталған соң ашылатын
автоматты блоктау механизмімен
жабдықталған.
Су деңгейі кір салатын люк деңгейінен жоғары
болса, кіржуғыш машина есігін ашуға
болмайды.
Кіржуғыш машинаны пластмасса қақпақпен
жабуға болмайды, себебі бұл жағдайда ылғал
құрылғы ішінде қалып қояды.
Кіржуғыш машинаны кептіру циклі аяқталғанға
дейін тоқтатуға болмайды, рұқсат етілетін
жағдай – барлық заттарды жылдам шығарып,
суыту үшін іліп қою мақсатында тоқтату.
Қол-аяғыңыз су не дымқыл болса, жабдыққа
тиюге не оны қолдануға болмайды, сондай-ақ,
машинаны жалаңаяқ күйде пайдалануға
болмайды.
Тұтанғыш жуғыш зат не құрғақ тазалауға
арналған реагент қолдануға болмайды.
Машинаға тым жақын жерде тұтанғыш
спрейлерді пайдалануға болмайды.
Тұтанғыш газ бар жағдайда қорек бауының
штеплесін қосуға не ажыратуға болмайды.
Машинаға балаларды немесе мүмкіндігі
шектеулі адамдарды жақындатуға болмайды.
Машинаны ғимараттан тыс жерге, ылғал, су ағу
қаупі бар жерге, мысалы, шұңғылшаның астына
не жанына орналастыруға болмайды. Егер
машинаға су тисе, өздігінен кебуіне уақыт
беріңіз.
Машинаны кілемге немесе қабырға мен жиһаз
жанына орналастыруға болмайды.
Детальдары жетпейтін машинаны пайдалануға
болмайды.
Жуылмаған заттарды кіржуғыш-кептіргіш
машинада кептіруге болмайды.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНҒАНДА
29
ҚАЗАҚША
Бұл электр аспапты 8 жасқа толмаған жəне одан асқан балалар; дене, ақыл-ой жəне қозғалыс қабілеттері
шектеулі адамдар; осы қадағалаудағы электр аспаппен жұмысқа дағдыланбаған немесе электр аспаппен
жұмыс істеудің қауіпсіз əрі дұрыс тəсілдері жөнінде нұсқаулықтан өтпеген адамдар қолдана алмайды.
Балаларға электр аспаппен жұмыс істеуге тыйым салынады. Ересектердің қадағалауынсыз балалардың
электр аспапты тазалау жəне қолдануына болмайды.
Характеристики
Остались вопросы?Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)












