Смартфоны Vertex K201 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

1
9
10
2
11
3
12
4
13
5
14
6
15
7
8
16
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ
Телефон құрылымы
15
14 13
12
3
6
9
4
7
8
11
5
10
1
2
1. Динамик
2. Дисплей
3. Сол жақ софт клавиша
4. Оң жақ софт клавиша
5. Орталық клавиша
6. Шақыру клавишасы
7. Сөйлесуді аяқтау клавишасы
8. Пернетақта
9. SOS түймешігі
10. Дыбыссыз режимді белсендіру клавишасы
11. Кішкене шамды қосу/өшіру клавишасы
12. Құлақшындарға арналған 3.5 мм жалғағыш
13. Micro USB жалғағыш
14. USB-жалғағыш (ішкі құрылғыларды зарядтауға
арналған)
15. Кішкене шам
ЖҰМЫСТЫҢ БАСТАЛУЫ
SIM-картаны және жад картасын орнатыңыз
•
Телефонды өшіріңіз. Жиынтыққа кіретін бұрағыш
көмегімен артқы қақпақтағы 4 бұранданы бұрап алыңыз.
Батареяның қақпағын ашыңыз, батаеряны алыңыз және
SIM-карталарға арналған слотқа SIM-картаны салыңыз,
ал жад картасын (жиынтыққа кірмейді) – жад картасына
арналған слотқа салыңыз. Слотқа жад картасын салу үшін
шамадан тыс күш түсірместен металл қорғанышты жоғары
тартыңыз. Жад картасын салыңыз және қорғанышты
төмен басыңыз. Батареяны салыңыз, ол орнына түскенше
итеріп қақпағын жабыңыз және бұрандаларды бұрап
бекітіңіз. 3,5 мм тығыз резеңке тығынмен бірге жабылды
қосқыштарды және USB қосқышын бақылау үшін көз
жеткізіңіз. Әйтпесе, телефон толығымен су мен шаңнан
қорғалған болады емес!
Зарядка аккумулятора
Подключите разъем зарядного устройства к телефону и
зарядное устройство к электророзетке.
•
Не прилагайте чрезмерных усилий при подключении
разъема зарядного устройства к телефону. Электроразет-
ка должна находиться вблизи телефона и быть легко до-
ступной (пользоваться удлинителями не рекомендуется).
•
Перед первым использованием телефона зарядите
аккумулятор полностью.
•
Когда зарядка будет завершена, отображение анимации
на экране прекратиться.
Аккумуляторды зарядтау
Зарядтау құрылғысының жалғағышын телефонға және
зарядтау құрылғысын электр розеткасына қосыңыз.
•
Зарядтау құрылғысының жалғағышын телефонға қосу
кезінде шамадан тыс күш жұмсамаңыз. Электр розеткасы
телефонға жақын жерде болуы керек және оңай
қолжетімді болуы керек (ұзартқыштарды пайдалану ұсы-
нылмайды). Телефонды бірінші пайдаланар алдында ак-
кумуляторды толықтай зарядтаңыз. Зарядтау аяқталған
кезде экрандағы анимация суреті тоқтайды.
Басқа құрылғыларды телефоннан зарядтау
Аталған модель басқа құрылғыларлы зарядтау үшін power
bank* (*сыртқы аккумулятор) ретінде пайдаланылуы
мүмкін. Сыртқы аккумулятор ретінде телефон функциясын
активтендіру үшін «Органайзер» - «Ішкі аккумулятор»
- «Активтендірілген» кіріңіз. 1. USB кабель жалғағышын
ұялы телефонның USB жалғағышына қосыңыз. 2.
Зарядтау керек болатын құрылғыны зарядтауға арналған
жалғағышқа микро- USB кабель жалғағышын қосыңыз.
Включение/Выключение телефона
клавишасын басыңыз және ұстап тұрыңыз.
Қызметтік ақпарат индикаторы (белгілер)
Телефон жұмысы режимдерінің индикациясы, қосылған
функциялары және қосымшалары үшін дисплейдің жоғарғы
бөлігінде белгілер түріндегі ақпарат шығады.
Сигнал деңгейі. Операторлар желілерінің
қабылдайтын GSM сигналдары деңгейінің
индикациясы.
SMS.
Оқылмаған SMS хабарламалардың болуы.
Жіберілген шақырулар. Жіберілген шақырулар-
дың болуының индикациясы.
«Жиналыс» профилі қосылған.
Гарнитура. Гарнитура (құлақшындар) қосылған.
Оятқыш қосылған.
Bluetooth қосылған.
Аккумулятор. Аккумулятор батареясының
заряды деңгейінің индикациясы.
Негізгі функциялар
Телефонмен жұмысты бастар алдында сол жақтағы
софт-клавишаға, содан кейін * басу арқылы оны блоктан
шығарыңыз.
Нөмірді енгізу және шақыруды жүзеге асыру
Қажетті нөмірді теріңіз. Абонетті шақыру үшін Шақыру
клавишасын басыңыз және аталған шақыруға арналған
SIM-картаны таңдайсыз (SIM1 немесе SIM2). Сіз Мәзір –
Орнату- Шақырулар – 2 актив. SIM - Күту режимі бөлімінде
SIM-карталардың біреуін өшіріп тастай аласыз.
Телефон кітабы
Телефон кітабындағы абонентті шақыру үшін Контактыларға
кіріңіз немесе софт оң жақ клавишасын басыңыз. Айналдыру
қиығын пайдаланыңыз немесе қажетті контактыны іздеу
үшін пернетақтадан абонент атының бірінші әріптерін
енгізіңіз. Контактылар бөлімінде Сіз сонымен қатар контак-
тылармен әр түрлі операцияларды жасай аласыз: хабарлама
жіберу, контактыны алып тастау, қара тізімге енгізу, контакт
үшін жылдам теруді ұсыну және т.с.с.
Шұғыл шақыру
Шұғыл шақыруды SIM-карта болған кезде де, болмаған
кезде де жасауға болады. Шұғыл шақыру үшін 112 (шұғыл
қызметтердің бірыңғай нөмірі) және Шақыру клавишасын
басыңыз. Оператор өзі тоқтатқанша сөйлесуді өз бетіңіз-
ше үзбеңіз.
SOS түймешігі
Сіздің телефоныңыз * клавишасымен (құрылғы
сызбасындағы №9) активтелетін SOS функциясымен
жабдықталған. SOS функциясы пайдаланушыға сигналдық
сиренаны қосуға және SOS-контактылар ішіндегі абонент-
терді шақыру арқылы хабарландыруға және хабарлама
жіберуге мүмкіндік береді.
SOS түймешігінің баптауы
Сигналдық сиренаны активтендіру үшін * клавишасын
басып, 3-5 секунд аралығында ұстап тұрса жеткілікті.
Сиренаны ғана емес, шұғыл шақыруды активтендіру үшін
және белгіленген нөмірлерге хабарлама жіберу үшін *
клавишасын қысқа екі рет басу керек. Бастапқы қалпы
бойынша бір ғана шұғыл нөмірі – 112 ғана белгіленген.
Сіз бірінші нөмірді қайта жаза аласыз, сонымен бірге
Мәзір – Орнатулар - SOS баптауы - SOS контактылар
бөлімінде шұғыл шақырулар үшін басқа нөмірлерді де
белгілей аласыз. Бастапқы қалпы бойынша * клавишасын
қысқа екі рет басқан кезде телефон ең алдымен өзіңізбен
белгіленген нөмір бойынша тауып сөйлесуге тырысады,
жауап болмаған жағдайда осы нөмірге хабарлама жібе-
реді. Егер тізімдегі бірінші нөмір бойынша тауып сөйлесу
іске аспаған болса, телефон егер бар болған болса
тізімдегі келесі нөмірлер бойынша звондауды бастайды.
SIM-карта екеуі де орнатылған болса, қоңырау және
жіберу хабарлар ғана SIM1 отырып жүзеге асырылатын
болады! SIM1 шот үшін қаражат болмаған жағдайда,
SOS-түймешігін басу тек 112 шақыру бойынша қол жетімді
болады.
Шұғыл хабарлама мәтінін Мәзір – Белгілеулер – SOS
баптауы – SOS SMS – те белгілеуге болады.
Журнал
Шақырулар журналына қолжетімділік үшін күту режимін-
де Шақыру клавишасын басыңыз немесе Мәзір – Қоңы-
рауларды таңдайсыз. Тізім толған кезде жаңа нөмірлер
неғұрлым бұрын сақталғандарымен алмастырылады.
Хабарлама
Жаңа хабарламаны навигациялық клавишасында солға
басу арқылы немесе Мәзір – Хабарлама – Хабарлама
жазу – Жаңа SMS басу арқылы жазуға болады. Сіз
сонымен қатар мәтінді кириллицамен және латиницамен
жаза аласыз. Тілді баптау үшін # клавишасын басыңыз
және «Енгізу тілі» пунктін таңдаңыз. Аралық 0 түймеші-
гімен, тыныс белгілері - * түймешігімен қойылады.
Қатты сөйлегіш
Қатты сөйлегішті қосу/өшіру Орталық клавишаны асу
арқылы жүзеге асырылады.
Қоңырауға әуенді белгілеу
Бас мәзір – Белгілеулер – Профильдер – Опциялар
– Белгілеулер – Әуенді баптау. Бастапқы қалыптағы
әуендер – бұл алдын ала орнатылған әуендер, егер
Сіз қоңырауға өз әуеніңізді қойғыңыз келсе «Файлдан
таңдау» пунктін таңдайсыз және жад картасындағы
файлды таңдайсыз. MP3, AMR, MIDI, WAV форматтары
қолдалады.
Мультимедиа
Телефонға орнатылған камера жарықтандырудың әр
түрлі режимдерінде түсірілім жүргізуге мүмкіндік береді.
Камера линзасы телефонның артқы панелінде орна-
ласқан, дисплей бейне іздегіш ретінде пайдаланылады.
Фото- және бейне түсірілім баптаулары «Опциялар»
мәзірінде қолжетімді. Сіз әсерлерді таңдай аласыз, фото/
бейне режимдеріне ауыса аласыз, кескін көлемі мен
сапасын және басқа да параметрлерді белгілей аласыз.
Галерея
Фотокамерамен жасалған кескіндерді қарауға, болмаса
VERTEX K201
ұялы телефоны
телефон немесе SD-карта жадындағы кескіндерді ашуға
мүмкіндік береді.
Аудиоплеер және Бейнеплеер
Аудиоплеер және Бейнеплеер аудио және бейне файл-
дарды жаңғыртуға мүмкіндік береді. Жад картасындағы
аудиоларды тыңдау үшін Аудиоплеер – Жаңғыру тізімі
– (кез-келген тізімді таңдау арқылы) – Өлеңді қосуды
таңдау керек.
Радио
Мәзір – Мультимедиа – FM-радио. Жаңғырту гарнитурасыз
жүзеге асырылуы мүмкін. Дыбыс қаттылығын реттеу
жоғары/төмен клавишасы арқылы.
Органайзер
Орнатылған «Күнтізбе», «Калькулятор», «Диктофон»
қосымшалары Сізге күнделікті міндеттерді шешуге
көмектеседі.
Bluetooth
Органайзер – Bluetooth. Bluetooth-ға және Bluetooth көру
мүмкіндігіне қанат белгісін қойыңыз. Басқа құрылғыларды
іздеу үшін «Байланысқан құрылғыларды» таңдайсыз. Тізім
ішінен қосылу үшін құрылғыны таңдайсыз және байланысу
басталады.
Телефонды блоктау
Сіз 4 тен 8 ге дейінгі сандар арқылы өз телефоныңызды
блоктай аласыз. Бастапқы қалпы бойынша пароль - 1234.
Парольді өзгерту үшін ескі парольді енгізесіз, содан кейін
екі рет жаңасын енгізесіз. Аса мұқият болыңыз! Парольді
ұмытсаңыз телефон мәзіріне қолжетімділік ала алмайсыз!
Техникалық сипаттамалары
•
Желінің қолдалатын стандарттары: GSM
850/900/1800/1900 МГц
•
Чипсет: Spreadtrum 6531
•
240х320 нүкте ажыратылымы бар 2.4. дюйм QVGA
экран
•
16 Гб дейінгі microSD қолдау
•
Камера 0.3 Мп
•
Орнатылған микрофон және динамик
•
Bluetooth 2.0 қолдау
•
Стереогарнитураға арналған 3.5 мм жалғағыш
•
МicroUSB зарядтау құрылғысының жалғағышы
•
USB сыртқы құрылғыларды зарядтауға арналған жалғағыш
•
Сыйымдылығы 4400 мАч Li-ion аккумулятор
•
Екі SIM-картаны қолдау
•
Өлшемдері: 142.5*27.7*61.4 мм
Аталған модель IP 67 стандартына сәйкес. Сіздің телефо-
ныңызға:
Шаң кірмейді. Шаң батарея дұрыс орнатылған және тығыз
жабылуы резеңке USB қосқышы айыр және 3,5 мм сәйкес
құрылғыға кіру мүмкін емес.
1 м дейінгі суға қысқа мерзімді батқан жағдайда су құрылғы
жұмысын бұзатын көлемде кірмейді. Бату режимінде үнемі
жұмыс жасауға ұйғарылмайды.
Қуат көзі аккумулятор батареясынан жүзеге асырылады.
Температуралардың жұмыс ауқымы: -20С ден +55С дейін.
Қоршаған орта ылғалдылығы 5% дан 95% ға дейін .
Жеткізу жиынтығы
•
Телефон
•
Қуаттау құрылғысы
•
Аккумуляторлы батарея
•
Пайдаланушы нұсқаулығы
•
Кепілдік талон
•
Бұранда
Жинақталымы қосымша хабарлаусыз өзгертілуі мүмкін.
Сақтық шаралары
Ұялы құрылғымен жұмыс істер алдында,
осы ақпаратты оқып шығыңыз, әйтпесе бұл
жарақаттанудың немесе құрылғының жергілікті
заңнамаға сәйкес келмеуінің себебі болуы мүмкін.
Аккумулятор:
Ток өткізетін материалдың ашық сымдарға жанасуы
қысқа тұйықталу туғызып, мүліктің бүлінуіне,
жарақаттануға немесе от тұтануға әкеп соғуы мүмкін.
Электр энергиясының шығу қаупін болдырмау
үшін, қуатталған аккумулятормен, әсіресе, телефон
қалтаңызда, сөмкеңізде немесе басқа жерде металл
заттармен бірге жатқан кезде, онымен жұмыс істеу
кезінде аса сақ болыңыз.
Ұялы құрылғыны судан қорғаңыз:
Ұялы құрылғыны құрғақ жерде сақтаңыз.
Құрылғыны көлік құралын басқарған кезде
пайдалану
Көлік жүргізу кезінде келген жердегі ұялы құрылғыны
пайдалану заңдарын, нормалары мен ережелерін
міндетті түрде сақтаңыз. Өзіңіздің бар назарыңызды
көлік тізгіні мен жолға салыңыз; Егер қоңырау шалу
қажет болса, телефон тұтқасынсыз жұмыс істейтін
сөйлесу құрылғысын немесе құлаққапты пайдаланыңыз.
Құрылғыны ұшақта пайдалану
Ұялы құрылғы күрделі кедергілер туғызуы мүмкін,
сондықтан ұшақ бортына кірерде, өз ұялы құрылғыңызды
сөндіріп қойыңыз.
Құрылғыны жарылыс жұмыстары жүргізілетін
жерде пайдалану
Тиісті шектеулер, нормалар мен ережелерді міндетті
түрде сақтаңыз және ұялы құрылғыны жарылыс
жұмыстары жүргізілетін жерлерде пайдаланбаңыз.
«Электронды құрылғыларды сөндіріңіз» деген ескертпе
жазуы бар жерлерде өз ұялы құрылғыңызды сөндіріп
қойыңыз.
Құрылғыны ықтимал жарылғыш қауіпті
атмосферасы бар жерлерде пайдалану
Өз ұялы құрылғыңызды ЖЖС және отын және химиялық
заттар құйылған контейнерлерге жақын орналасқан
жерлерде пайдаланбаңыз. «Электронды құрылғыларды
сөндіріңіз» деген ескертпе жазуы бар жерлерде өз ұялы
құрылғыңызды сөндіріп қойыңыз.
Құрылғыны медициналық құралдарға жақын жерде
пайдалану
Медициналық мекемелердің жанында орнатылған
арнайы белгілер жазылған барлық жерлерде өз ұялы
құрылғыңызды сөндіріп қойыңыз. Ұялы құрылғылар
кардиостимуляторлардың, есту аппараттарының және
кейбір басқа да медициналық трансплантациялық
жабдықтардың жұмысына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Өз ұялы құрылғыңызды кардиостимулятордың жанына
қоймаңыз және төс қалтаға салып жүрмеңіз.
Аксессуарлар және аккумулятор
Өндірушімен рұқсат етілген аксессуарларды,
аккумуляторлар мен қуаттау құрылғыларын пайдаланыңыз.
Өндірушімен рұқсат етілмеген аккумуляторларды
пайдалану жарақаттанудың себебі болуы мүмкін.
Шұғыл қоңыраулар
Телефонды қызмет көрсету аймағында қосыңыз, шұғыл
қоңырау телефон нөмірін теріп, одан кейін қоңырау
жолдау пернесін басыңыз.
Егер телефоныңызды жоғалтып алсаңыз
Егер сіз телефоныңызды жоғалтып алсаңыз, қаржылай
залалды болдырмау үшін, байланыс операторына немесе
агенттікке сіздің SIM-картаңызды жауып тастау өтінішімен
барыңыз.
Сіз байланыс операторына немесе агенттікке SIM-картаны
жауып тастау өтінішімен барған кезде, аккумуляторды
алған кезде телефонның сыртқы жағында орналасқан
затбелгісінен табуға болатын сіздің телефоныңыздың IMEI
(International Mobile Equipment Identifier — ұялы байланыс
аппаратурасының халықаралық сәйкестендіргіші) нөмірін
білуіңіз қажет. Бұл нөмірді болашақта пайдалану үшін
көшіріп алуыңызды өтінеміз.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін алдын алу шараларын
қабылдауға болады, мысалы, басқа адамдардың
рұқсатсыз сіздің SIM-картаңызбен жұмыс істеуіне жол
бермеу үшін SIM-картаңызға PIN-код орнатуға болады.
Балалардан қорғау
Ықтимал жарақаттануды болдырмау үшін балаларды
телефонға, аккумуляторға және қуаттау құрылғысына
жақындатпаңыз.
Пайдалану және күтім жасау
Осы ұялы құрылғыға тиісінше күтім жасалуын қамтамасыз
ету үшін, оны мыналардың әсерінен қорғаңыз:
Кез келген сұйықтықтан: Құрылғыны судың,
жаңбырдың, ылғалдың, тердің және басқа да
сұйықтықтардың әсерінен қорғаңыз.
Қатты ыстық пен суықтан: Құрылғыны -10/14 төмен
немесе 45/113 жоғары температураныңәсерінен қорғаңыз.
СВЧ-сәулеленуден: Телефонды қысқа толқынды
пеште кептіруге тырыспаңыз.
Шаң мен ластанудан. Телефонды шаңның, кірдің,
құмның, тамақ өнімдерінің немесе басқа да бөгде
заттардың әсерінен қорғаңыз.
Сұйық тазартқыш құралдардан: Телефонды
тазалау үшін тек жұмсақ құрғақ матаны пайдаланыңыз.
Спирттті немесе басқа да сұйық тазарту құралдарын
пайдаланбаңыз.
Механикалық әсерден: Телефонды құлатып алмаңыз.
Назар аударыңыз!
Өндіруші алдын ала хабарлаусыз телефонның
жинақталымына, техникалық және бағдарламалық
қамтымынаөзгерістер енгізуге құқылы.
Бұл нұсқаулықты сақтамау телефонның істен шығуына
және оның әрі қарай кепілдік қызмет көрсетуден алып
тасталуына әкеп соғуы мүмкін.
SIM карталардың бірінен/біріне шығыс/кіріс қоңырау
келіп түскен кезде, екінші SIM карта оператор желісінен
ажыратылады. Бұл ретте екінші SIM картаға кіріс
қоңырауларды қабылдау мүмкіндігі болмайды.
Кіріс қоңыраулар туралы ақпараттың жоғалуын
болдырмау мақсатында, оператордың «Сізге қоңырау
шалды» немесе басқа да ұқсас қызметтерін белсендіру
қажет.
Пайдаланушы нұсқаулығының кеңейтілген нұсқасы
www.vertex-mobile.ru сайтында орналастырылған.
VERTEX авторластырылған сервистік орталықтардың
толық тізімін сондай-ақ www.vertex-mobile.ru сайтынан
қарауға болады.
Кепілдік ақпарат
Кепілдік телефонды сатып алған кезден бастап күшіне
енеді. Аталған жинақталымды ауыстырған жағдайда
оларға жаңа кепілдік мерзім белгіленбейді.
Кепілдік мерзімдер:
•
Негізгі бұйым – 12 (он екі) ай.
•
Батарея және қуаттау құрылғысы – 6 (алты) ай.
•
Басқа аксессуарлар – 3 (үш) ай.
1. Бұл кепілдік өндірушінің кінәсінен болған ақаулар мен
бұзылуларға ғана қолданылады.
2. Өндіруші негізгі бұйымға пайдалану ережелері
сақталған жағдайда бұйым дайындалған күннен
бастап – 2 (Екі) жыл қызмет ету мерзімін белгілейді.
Бұйымның қызмет ету мерзімі аяқталғанда өндіруші
алдын алу жұмыстарын жүргізу және бұйымның одан
әрі қауіпсіз пайдаалнылуы жөнінде кеңестер алу үшін
Авторластырылған Сервистік Орталыққа (АСО) жүгінуге
кеңес береді.
3. Егер ақаулық клиент құрылғыны пайдалану ережелерін
бұзу нәтижесінде туындаса (мысалы, механикалық
бұзылулар немесе ылғал тию нәтижесінде), кепілдік
қызмет ету құқығынан айрылады.
4. Сатып алынған тауарда жетіспеушіліктерді байқаған
жағдайда тұтынушы талап ету тізімі мен тәртібі
«тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» РФ Заңында
белгіленген талаптар қоюға құқылы.
5. Құрылғыны пайдаланар алдында қоса берілген
пайдалану нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз және оны
қатаң сақтаңыз.
6. Кепілдік талон бұйымның моделі, сериялық нөмірі,
сатылған күні, дұрыс әрі нақты көрсетілсе және сатушы
фирманы нақты мөрлері, сатушының қолдары болған
жағдайда ғана жарамды. Бұйым моделі мен сериялық
нөмірі кепілдік талонда көрсетілген моделі мен нөміірне
сәйкес келуі тиіс.
Маңызды ақпарат
•
Осы құжатта аталатын тауар белгілері, компаниялардың,
өнімдер мен сервистердің атаулары тек олардың
иелеріне ғана тиесілі.
•
Біз өз бұйымдарымыз бен қызметтерімізді жетілдіруге
бар күшімізді саламыз және осы бұйымның сипаттамасы
мен оның бағдарламалық қамтымын, сондай-ақ
пайдаланушы нұсқаулығын қайта қарауға және оларға
бұл туралы хабарлаусыз өзгерістер енгізуге құқылымыз.
•
Бұл пайдалану нұсқаулығы осы телефонның қасиеттерін
растау үшін емес, оның мүмкіндіктерін жақсырақ
пайдалану үшін арналған. Осы нұсқаулықта көрсетілген
барлық суреттер тек анықтамалар үшін арналған.
Телефонның және пернелердің сыртқы келбеті, сондай-
ақ осы нұсқаулықта келтірілген ақпараттың ішіндегілері
сіздің телефондағы ақпараттан шамалы өзгешелеу болуы
мүмкін не. Оларды тікелей өз телефоныңыздан анықтап
алуға болады. Осы нұсқаулықта қарастырылатын
кейбір қасиеттер желіге немесе жазылымға байланысты
болады. Өз қызмет көрсетушіңізге жүгінуіңізді өтінеміз.
•
Құжат алдын ала хабарлаусыз өзгертілуі мүмкін
шығарылған кездегі ағымдағы ақпараттан тұрады.
Құжатты дайындау кезінде ақпараттың шынайылығын
қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерімізді салдық,
алайда осы құжатта келтірілген барлық пайымдаулар,
мәліметтер мен ұсыныстар айқын көрсетілген немесе
тұспалданған (шынайылықтың немесе дұрыстығының)
кепілдігі болып табылады.
•
Нұсқаулықтағы сипаттамасы мен құрылғының шын
мәніндегі функцияларында бағдарламалық қамтым
нұсқасына қарай біршама айырмашылықтар байқалуы
мүмкін.
•
Құрылғы тараптық тұлғалармен құрылғыда пайдалану
үшін ұсынылатын қосымшалар мен бағдарламалық
қамтымды («Тараптық тұлғалардың қосымшалары») қоса
алғандағы деректерді қамтуы мүмкін. Бұл құрылғыдағы
үшінші тараптардың барлық қосымшалары қандай да
бір кепілдемелік, тура немесе жанама, оның ішінде,
белгілі бір пайдалану үшін, авторлық құқықтарды бұзбай
басқа деректер мен қосымшалармен үйлесімді тауар
кепілдігінсіз, «қалай берілсе солай» ұсынылады.
•
Өндіруші компания зияткерлік меншік құқықтарын
сақтауды есеп ала отырып ұялы құрылғылар
өндірушісіне жүктелетін барлық міндеттемелерді
орындады. Өндіруші компания осы құрылғыда
қосымшалары пайдаланылатын үшінші тұлғалардың
банкроттығы немесе ауқатсыздығы үшін жауап бермейді.
•
Өндіруші компания тараптық тұлғалардың
қосымшаларын пайдалану немесе пайдалануға тырысу
нәтижесінде туындайтын шағымдар, талап арыздар
немесе қандай да бір өзге іс-әрекеттер үшін жауап
бермейді. Сонымен қатар, қазіргі кезде өндіруші
компаниямен тегін ұсынылатын тараптық тұлғалардың
қосымшалары болашақта ақылы хабарландыруларды
таллап етуі мүмкін; өндіруші компания алдағы
уақытта сатыпалушыларға келтірілуі мүмкін қосымша
шығындарға қатысты жауапкершіліктен бас тартады.
•
Қосымшалардың болуы құрылғы пайдаланылатын елге
байланысты өзгертілуі мүмкін. Ешбір жағдайда өндіруші
компания аталған құрылғының қолжетімді қосымшалары
мен бағдарламалық қамтымы, бір немесе бірнеше
қосымшаның болмауы және аталған қосымшаларды
жоюдан кейін туындауы мүмкін қандай да бір салдары
үшін сатып алушының алдында жауап бермейді.