Vertex Impress Easy - Инструкция по эксплуатации - Страница 2

Смартфоны Vertex Impress Easy - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.

Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.

"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.
Страница:
/ 2
Загружаем инструкцию
background image

1

9

10

2

11

3

12

4

13

5

14

6

15

7

8

16

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ

Телефон құрылымы

2

4

5

7

6

8

1

9

3

10

1. 

Құлаққап ағытпасы

2. 

Динамик 

3. 

Фронтальды камера 

4. 

Қосу/сөнд. пернесі

5. 

Дауысты реттеу пернесі

6. 

Дисплей

7. 

Меню пернесі

8. 

«Артқа» пернесі

9. 

«Үйге» пернесі 

10. 

USB ағытпасы

Жұмыстың басталуы

Аккумуляторды қуаттау

Смартфонды алғаш рет қосар алдында және құрылғы ұзақ 

уақыт сақталғаннан кейін жеткізу жиынтығына кіретін 

желілік қуат адаптерінің көмегімен батареяны толық 

қуаттап алыңыз.

1.Смартфонды USB-кабельдің көмегімен желілік адаптерге 

қосыңыз. 

2.Қуат адаптерін желілік розеткаға қосыңыз – аккумулятор 

қуаттала бастайды.

SIM-карталарды орнату және орнынан алу

Смартфонды қолданбас бұрын оған SIM-картаны орна

-

туыңыз қажет.

SIM-карталарды орнату 

Смартфонды сөндіріңіз және егер ол қуатталып жатса, 

қуатынан ажыратыңыз. Одан кейін аккумулятор бөлігінің 

қақпағын ашыңыз (артқы жағында төменгі оң жақ 

бұрышында қақпақты ашуға мүмкіндік беретін ойықша 

бар). SIM-картаны суретте ұстағыштың қасында көрсетіл

-

гендей  SIM-карталарды ұстағыштардың біріне саласыз. 

Қажет болса екінші SIM-картаны да орнатасыз. Одан кейін 

аккумулятор бөлігінің қақпағын орнына қойып, оны сырт 

еткенше басасыз.

SIM-карталарды орнынан алу

SIM-картаны алып тастау үшін карта ұстағыштан толық 

шыққанша жай ғана тартасыз.

МАҢЫЗДЫ:

• 

SIM1 слоты WCDMA және GSM қолдайды. 

• 

SIM2 слоты WCDMA және GSM қолдайды.

MicroSD жады картасын пайдалану (жиынтыққа 

кірмейді)

MicroSD орнату

Смартфонды сөндіріңіз және егер ол қуатталып жатса, 

қуатынан ажыратыңыз. Одан кейін аккумулятор бөлігінің 

қақпағын ашыңыз. Аккумулятордың астында жады картасына 

арналған слот орналасқан. Бекітетін жақтауды ашыңыз (әуелі 

оны төмен жылжытыңыз, одан кейін жоғарғы шетін өзіңізге 

тартыңыз). Жады картасын слотқа, тетін төменге қаратып 

орнатыңыз. Одан кейін жақтауды орнына қойып, картаны 

бекітіңіз (жақтауды картаның үстіне қойып, оны картаны 

бойлай жоғары қарай тартыңыз)

МicroSD алып тастау

Деректерді жоғалтып алмау үшін жады картасын алып тастар 

алдында смартфонды сөндіріңіз. Сөндірген соң батарея 

тұрған бөліктің қақпағын аалып, картаны бекіткішті ашыңыз 

және жады картасын слоттан шығарыңыз.

Негізгі операциялар

Телефонды қосу / Телефонды сөндіру

Смартфонды қосу үшін қосу/сөнд. пернесін басып, бірнеше 

секунд ұстап тұрыңыз. Экранда сурет пайда болады, одан 

кейін негізгі интерфейс шығады. Экран бұғаттауын шешу 
үшін белгісін 

 белгісіне 

 дейін оңға жылжытыңыз. 

Экран бұғаттауын шешудің жеке күйіне келтіру әдісі үшін 

«Қосымшалар» > «Параметрлер» > «Қорғау» > «Экранды 

бұғаттау» дегенді таңдаңыз. Смартфонды сөндіру үшін қосу/ 

сөнд. пернесін басып, ұстап тұрыңыз, одан кейін Сөндіру 

және ОК басыңыз.

Ұйқы режиміне өту

Ұйқы режиміне өту үшін қосу/сөнд. пернесін басыңыз Экран 

сөніп қалады да, смартфон қуатты үнемдеу режиміне өтеді. 

Егер құрылғы белгілі бір уақыт аралығында қолданылмаса, 

смартфон автоматты түрде ұйқы режиміне өтеді.

Ұйқы режимінен шығу үшін қосу/сөнд. пернесін басып,  
белгісін 

 белгісіне  

дейін оңға жылжытыңыз. Экранда 

негізгі интерфейс пайда болады.

Сенсорлық экранды пайдалану

Сыйымды экранмен жұмыс істеу саусақтардың көмегімен 

немесе сыйымды экрандарға арналған арнайы стилустың 

көмегімен жүзеге асырылады. Сенсорлық экранды пайда

-

ланған кезде мынадай әрекеттерді орындауға болады:

1. Басу: саусағыңызды экранға бір рет тигізіңіз. Қосым

-

шаларды сіке қосу, мәтінді экран пернетақтасынан енгізу, 

бағдарламалық нүктелерді таңдау үшін пайдаланылады.

 

2. Ұзақ басып тұру: саусақпен элементті басып, бірнеше 

секунд басулы түрде ұстап тұрыңыз. Таңдап алынған 

элемент жазба белгісін жасау, қосымша функцияларды 

шақыру үшін пайдаланылады.

 

3. Айналдыру: саусағыңызды экранға тигізіп, саусағыңыз

-

ды дисплей бетінен ажыратпай, қажетті бағытта қозғаңыз. 

Меню, параметрлер, мәтін немесе сурет бойынша орын 

ауыстыру, сондай-ақ жұмыс үстелі үстімен орын ауыстыру 

үшін пайдаланылады.

 

4. Объектінің орнын ауыстыру: саусақпен экрандағы 

объектіні басыңыз және саусақты дисплей бетінен 

ажыратпай, оның орынн ауыстырыңыз. Жұмыс үстелімен 

объектілердің орнын ауыстыру үшін пайдаланылады. 

5. Карау масштабын кішірейту/үлкейту: бір қолдың 

саусақтарын экран бетіне қойып, оларды үлкейту үшін 

араларын ашыңыз немесе экрандағы элемент масштабын 

кішірейту үшін арасын қосыңыз.

6. Экран бағдарын өзгерту: экран бағдарын автоматты 

түрде кітап түрінен альбомға немесе керісінше өзгертуді 

телефонды бүйіріне қисайту арқылы жүзеге асыруға 

болады.

Смартфонның жұмыс үстелі

Негізгі интерфейс 

Негізгі интерфейс смартфонды қосқаннан кейін пайда 

болады. Мұнда қосымшалар жазба белгілері, күй белгілері 

және басқа да элементтер көрінеді. Сол немесе оң жақтағы 

қосымша экрандарға өту үшін, саусақты экраннан көлде

-

нең жүргізіңіз.

Хабарлама-

лар және 

жай-күй 

белгілерінің 

аумағы

Жай-күй белгілерін және 

хабарламаларды көрсету аумағы. 

Хабарламалар панелін ашады.

Жүйелік 

ақпарат

Белгінің деңгейі, батареяның 

қуатының ағымдық деңгейі және 

ағымдық уақыт туралы ақпараттың 

көрсетілу аумағы. 

Іске қосу 

панелі

Жиі қолданылатын қосымшаларға 

(телефон, байланыстар, 

қосымшалар, SMS/MMS, браузер) 

қолжетімділік үшін қолданылады.

Ескертпелер панелі

Ескертпелер панелік ашыңыз. Ол үшін экранның жоғары 

бөлігіндегі жолды басып, саусақпен жоғары жүріңіз. 

Экранда ескертпе панелі пайда болады. Бұл панельдің 

көмегімен Сіз:

• 

смартфонның басты күйіне келтірулерін жылдам 

басқара, экран жарығынығ деңгейін өзгерте, теле

-

фон қоңырауы режимін басқара, қосу каналдарын 

ажыратып қоса аласыз;

• 

смартфонды күйіне келтіруге жылдам өте аласыз;

• 

ескертпелердің өздерімен қосымша әрекеттер жасай 

аласыз. 

Ескертпелер панелін жабу үшін панельдің төменгі жолын 
қозғалтыңыз немесе 

 пернесін басыңыз.

Қосымша күйіне келтірулер мен операциялар

Негізгі және қосымша экрандарға қосымшалар мен виждет

-

тер жазба белгілерін қосу. 

 белгісін басып, «Қосымшаларға» өтіңіз. Бұл менюде 

екі қосымша бетке: «Қосымшалар» және «Виджеттер» 

дегенге кіруге болады. Сіз негізгі немесе қосымша экранға 

орналастырғыңыз келетін элементті таңдап алыңыз. 

Негізгі экрандар панелі пайда болғанша, оны басып, ұстап 

тұрыңыз. Элементті экрандардың біріне орналастырған 

соң, жібере салыңыз.

Жұмыс үстеліндегі элементтерді жою

 

Жойғыңыз келген элементті таңдап алып, ұстап тұрыңыз.  
Экранның жоғары бөлігінде 

жою белгісі пайда болады. 

Оны элементтің үстіне қойып, жібере салыңыз.

Түсқағаздарды орнату

Негізгі экрандағы кез келген нүктені саусақпен басып, 

ұстап тұрыңыз. Экранда «Түсқағаздарды орнату» 

менюі пайда болады. «Галерея», «Жанды түсқағаздар», 

«Түсқағаздар» деген суреттер көзін таңдап, ұнаған суретті 

орнатыңыз.

Күйіне келтіруді өзгерту

«Қосымшалар» белгісін басып, қосымшалар тізіміне өтіңіз. 

«Параметрлер» дегенді таңдаңыз. Экранда смартфонның 

барлық күйіне келтірулерін басқаруға мүмкіндік беретін 

Ұялы телефон VERTEX 

Impress Easy

меню пайда болады. Талап етілген тармақты таңдап алып, 

қажетті күйіне келтіруді жүзеге асырыңыз.

Интернет желісіне қосылу

Ұялы оператор желісіне қосылу (3G)

Құрылғы қоса салынған 3G-модеммен жабдықталған. 

Ұялы Интернетке қосылу үшін SIM-карта пайдаланылады. 

SIM-картаны құрылғыға орнатыңыз. 3G ұялы желісіне 

алғаш рет қосылған кезде смартфон автоматты түрде опе

-

ратордан Интернетке кіру нүктесін күйіне келтіруді алады. 

Интернетке кіру үшін Сізге деректерді беруге арналған 

қосылысты таңдап алу қажет. Ол үшін «Параметрлер» > 

«SIM-карталарды басқару» > «Деректерді беруге арналған 

қосылыс» дегендерге өтіңіз және  Интернетке кіру үшін 

қолданылатын  SIM-картаны таңдап алыңыз. Сондай-ақ Сіз 

деректер беруді жылдам қосу және ажырату үшін ескерт

-

пелер панелін пайдалана аласыз.

Wi-Fi күйіне келтіру және қосылу

Жаңа қосылысты күйіне келтіру үшін қосымшалар тізімін 

ашып, «Параметрлер» дегенді таңдаңыз. Күйіне келтіру 

менюінен «Сымсыз құралдар мен желілер» > «Wi-Fi» тар

-

мағын таңдап алыңыз. Егер Wi-Fi модулі сөндірулі тұрса, 

сол тармақты таңдап, оны қосыңыз. Құрылғы экраннан 

табылған қолжетімді сымсыз желілер тізімін көрсетеді. Сіз 

қосылғыңыз келетін желіні таңдап алыңыз, содан кейін 

қажетті ақпаратты (логин/кілтсөз) енгізіңіз және «Қосылу» 

белгісін басыңыз. Құрылғы Сіз енгізген параметрлерді 

пайдаланып, таңдап алынған желімен қосылуға тырысады. 

Сондай-ақ Сіз  Wi-Fi модулін жылдам қосу және ажырату 

үшін ескертпелер панелін пайдалана аласыз.

ЕСКЕРТУ. Wi-Fi ашық желісіне қол жеткізу үшін деректерді 

енгізу қажет емес. Қорғалған желілерге қосылу үшін логин 

және/немесе кілтсөз енгізу қажет, оны сол желінің провай

-

дерінен анықтап алған жөн. 

Компьютермен жұмыс істеу

Құрылғыны смартфонның сыртындағы microUSB ағытпасын 

пайдалана отырып, USB-кабельдің көмегімен компьютерге 

қосуға болады. Қосылған соң ескертпелер панелін ашыңыз. 

Ашылған терезеден қосылу тәсілдерінің бірін, мысалы, 

«USB-қосылу орнатылды» дегенді таңдап, «USB-жинақтаушы

-

ны қосу» дегенді басыңыз. ДКомпьютердегі алмалы-салмалы 

дискілердің сәйкестендірілуін күтіңіз. Енді Сіз файлдарды 

смартфоннан компьютерге және керісмінше көшіре аласыз. 

Жұмысты аяқтаған соң «Құрылғылар мен дискілерді қауіпсіз 

шығарып алу» деген пернені пайдаланып, құрылғыны 

компьютерден ажыратыңыз.

Техникалық сипаттамалары

• 

Қолданылатын желі стандарттары: GSM 900/1800 

МГц; WCDMA 900/2100 МГц

• 

Екi ядролы процессор MTK6572 жиілігі 1,3 ГГц 

• 

Операциялық жүйе Android 4.4.2™ Kit Kat

• 

Сенсорлы IPS экран 4 дюйм QHD 480x800 нүкте 

шешімімен, multi-touch қолдауы

• 

Оперативтік жады (ОЗУ) – 215 Мб,

• 

ішкі жады (ПЗУ) – 4 Гб 

• 

MicroSD 64 Гб дейін қолдау

• 

2 камера: 2 МП негізгі камера және 0,3 МП фронталь

-

ды камера

• 

Қоса салынған микрофон және динамик

• 

Қолдау

 GPRS, 3G (HSPA, HSPA+), Wi-Fi b/g/n, Bluetooth 

4.0 EDR, GPS, A-GPS, G –sensor қолдауы

• 

Құлаққап ағытпасы 3.5 мм, microUSB ағытпасы

• 

Li-Ion аккумулятор сыйымдылығы 1600 мАч

• 

Екі SIM-карта қолдану

• 

Мөлшері: 124x63.2x10.5 мм. 

• 

Салмағы 120 г.

Аккумуляторлы батареядан қуатталады.

Жұмыс температуралар диапазоны:  -20 С-дан +55 дейін. 

Қоршаған ортаның ылғалдылығы 5%-дан 95% дейін.

Жеткізу жиынтығы

• 

Смартфон

• 

Қуаттау құрылғысы

• 

USB кабель

• 

Аккумуляторлы батарея 

• 

Стереоқұлаққап

• 

Пайдаланушы нұсқаулығы

• 

Кепілдік талон

Жинақталымы қосымша хабраламасыз өзгертілуі мүмкін.

Сақтық шаралары

  Ұялы құрылғымен жұмыс істер алдында, 

осы ақпаратты оқып шығыңыз, әйтпесе бұл 

жарақаттанудың немесе құрылғының жергілікті 

заңнамаға сәйкес келмеуінің себебі болуы 

мүмкін.

Аккумулятор: 

Ток өткізетін материалдың ашық сымдарға жанасуы 

қысқа тұйықталу туғызып, мүліктің бүлінуіне, жарақат

-

тануға немесе от тұтануға әкеп соғуы мүмкін. Электр 

энергиясының шығу қаупін болдырмау үшін, қуатталған 

аккумулятормен, әсіресе, телефон қалтаңызда, сөмкеңіз

-

де немесе басқа жерде металл заттармен бірге жатқан 

кезде, онымен жұмыс істеу кезінде аса сақ болыңыз. 

Ұялы құрылғыны судан қорғаңыз:

Ұялы құрылғыны құрғақ жерде сақтаңыз.

Құрылғыны көлік құралын басқарған кезде 

пайдалану

Көлік жүргізу кезінде келген жердегі ұялы құрылғыны 

пайдалану заңдарын, нормалары мен ережелерін мін

-

детті түрде сақтаңыз. Өзіңіздің бар назарыңызды көлік 

тізгіні мен жолға салыңыз; Егер қоңырау шалу қажет 

болса, телефон тұтқасынсыз жұмыс істейтін сөйлесу 

құрылғысын немесе құлаққапты пайдаланыңыз.

Құрылғыны ұшақта пайдалану

Ұялы құрылғы күрделі кедергілер туғызуы мүмкін, сон

-

дықтан ұшақ бортына кірерде, өз ұялы құрылғыңызды 

сөндіріп қойыңыз.

Құрылғыны жарылыс жұмыстары жүргізілетін 

жерде пайдалану

Тиісті шектеулер, нормалар мен ережелерді міндетті түр

-

де сақтаңыз және ұялы құрылғыны жарылыс жұмыстары 

жүргізілетін жерлерде пайдаланбаңыз. «Электронды 

құрылғыларды сөндіріңіз» деген ескертпе жазуы бар 

жерлерде өз ұялы құрылғыңызды сөндіріп қойыңыз.

Құрылғыны ықтимал жарылғыш қауіпті атмосфе-

расы бар жерлерде пайдалану

Өз ұялы құрылғыңызды ЖЖС және отын және химиялық 

заттар құйылған контейнерлерге жақын орналасқан 

жерлерде пайдаланбаңыз. «Электронды құрылғыларды 

сөндіріңіз» деген ескертпе жазуы бар жерлерде өз ұялы 

құрылғыңызды сөндіріп қойыңыз.

Құрылғыны медициналық құралдарға жақын 

жерде пайдалану

Медициналық мекемелердің жанында орнатылған 

арнайы белгілер жазылған барлық жерлерде өз ұялы 

құрылғыңызды сөндіріп қойыңыз. Ұялы құрылғылар 

кардиостимуляторлардың, есту аппараттарының және 

кейбір басқа да медициналық трансплантациялық жаб

-

дықтардың жұмысына кері әсерін тигізуі мүмкін. Өз ұялы 

құрылғыңызды кардиостимулятордың жанына қоймаңыз 

және төс қалтаға салып жүрмеңіз.

Аксессуарлар және аккумулятор

Өндірушімен рұқсат етілген аксессуарларды, аккуму

-

ляторлар мен қуаттау құрылғыларын пайдаланыңыз. 

Өндірушімен рұқсат етілмеген аккумуляторларды пайда

-

лану  жарақаттанудың себебі болуы мүмкін.

Шұғыл қоңыраулар

Телефонды қызмет көрсету аймағында қосыңыз, шұғыл 

қоңырау телефон нөмірін теріп, одан кейін қоңырау 

жолдау пернесін басыңыз.

Егер телефоныңызды жоғалтып алсаңыз

Егер сіз телефоныңызды жоғалтып алсаңыз, қаржылай 

залалды болдырмау үшін, байланыс операторына 

немесе агенттікке сіздің SIM-картаңызды жауып тастау 

өтінішімен барыңыз.

Сіз байланыс операторына немесе агенттікке SIM-карта

-

ны жауып тастау өтінішімен барған кезде, аккумулятор

-

ды алған кезде телефонның сыртқы жағында орналасқан 

затбелгісінен табуға болатын сіздің телефоныңыздың 

IMEI (International Mobile Equipment Identifier — ұялы 

байланыс аппаратурасының халықаралық сәйкестен

-

діргіші) нөмірін білуіңіз қажет. Бұл нөмірді болашақта 

пайдалану үшін көшіріп алуыңызды өтінеміз.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін алдын алу шараларын 

қабылдауға болады, мысалы, басқа адамдардың рұқсат

-

сыз сіздің  SIM-картаңызбен жұмыс істеуіне жол бермеу 

үшін SIM-картаңызға PIN-код орнатуға болады.

Балалардан қорғау 

Ықтимал жарақаттануды болдырмау үшін балаларды 

телефонға, аккумуляторға және қуаттау құрылғысына 

жақындатпаңыз.

Пайдалану және күтім жасау

Осы ұялы құрылғыға тиісінше күтім жасалуын қамтама

-

сыз ету үшін, оны мыналардың әсерінен қорғаңыз:

Кез келген сұйықтықтан: Құрылғыны судың, жаңбы

-

рдың, ылғалдың, тердің және басқа да сұйықтықтардың 

әсерінен қорғаңыз.

 

Қатты ыстық пен суықтан: Құрылғыны -10/14 

төмен немесе 45/113 жоғары температураныңәсерінен 

қорғаңыз.

СВЧ-сәулеленуден: Телефонды қысқа толқынды 

пеште кептіруге тырыспаңыз.

Шаң мен ластанудан. Телефонды шаңның, кірдің, құм

-

ның, тамақ өнімдерінің немесе басқа да бөгде заттардың  

әсерінен қорғаңыз.

 Сұйық тазартқыш құралдардан: Телефонды тазалау 

үшін тек жұмсақ құрғақ матаны пайдаланыңыз. Спирттті 

немесе басқа да сұйық тазарту құралдарын пайдалан

-

баңыз.

 Механикалық әсерден: Телефонды құлатып алмаңыз.

Назар аударыңыз!

Өндіруші алдын ала хабарлаусыз телефонның жинақталы

-

мына, техникалық және бағдарламалық қамтымынаөзгері

-

стер енгізуге құқылы.

Бұл нұсқаулықты сақтамау телефонның істен шығуына және 

оның әрі қарай кепілдік қызмет көрсетуден алып тасталуына 

әкеп соғуы мүмкін.

SIM карталардың бірінен/біріне шығыс/кіріс қоңырау келіп 

түскен кезде, екінші SIM карта оператор желісінен ажыра

-

тылады. Бұл ретте екінші SIM картаға кіріс қоңырауларды 

қабылдау мүмкіндігі болмайды.

Кіріс қоңыраулар туралы ақпараттың жоғалуын болдырмау 

мақсатында, оператордың «Сізге қоңырау шалды» немесе 

басқа да ұқсас қызметтерін белсендіру қажет.

Пайдаланушы нұсқаулығының кеңейтілген нұсқасы www. 

vertex-mobile.ru сайтында орналастырылған.

 

VERTEX авторластырылған сервистік орталықтардың толық 

тізімін сондай-ақ www.vertex-mobile.ru сайтынан қарауға 

болады.

Кепілдік ақпарат

Кепілдік телефонды сатып алған кезден бастап күшіне 

енеді. Аталған жинақталымды ауыстырған жағдайда оларға 

жаңа кепілдік мерзім белгіленбейді.

Кепілдік мерзімдер:

• 

Негізгі бұйым – 12 (он екі) ай.

• 

Батарея және қуаттау құрылғысы – 6 (алты) ай. 

• 

Басқа аксессуарлар – 3 (үш) ай.

1. Бұл кепілдік өндірушінің кінәсінен болған ақаулар мен 

бұзылуларға ғана қолданылады.

2. Өндіруші негізгі бұйымға пайдалану ережелері 

сақталған жағдайда бұйым дайындалған күннен бастап 

– 2 (Екі) жыл қызмет ету мерзімін белгілейді. Бұйымның 

қызмет ету мерзімі аяқталғанда өндіруші алдын алу 

жұмыстарын жүргізу және бұйымның одан әрі қауіпсіз 

пайдаалнылуы жөнінде кеңестер алу үшін Авторла

-

стырылған Сервистік Орталыққа (АСО) жүгінуге кеңес 

береді.

3. Егер ақаулық клиент құрылғыны пайдалану ереже

-

лерін бұзу нәтижесінде туындаса (мысалы, механикалық 

бұзылулар немесе ылғал тию нәтижесінде), кепілдік 

қызмет ету құқығынан айрылады.

4. Сатып алынған тауарда жетіспеушіліктерді байқаған 

жағдайда тұтынушы талап ету тізімі мен тәртібі «тұты

-

нушылардың құқығын қорғау туралы» РФ Заңында 

белгіленген талаптар қоюға құқылы.

5. Құрылғыны пайдаланар алдында қоса берілген 

пайдалану нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз және оны 

қатаң сақтаңыз.

6. Кепілдік талон бұйымның моделі, сериялық нөмірі, 

сатылған күні, дұрыс әрі нақты көрсетілсе және сатушы 

фирманы нақты мөрлері, сатушының қолдары болған 

жағдайда ғана жарамды. Бұйым моделі мен сериялық 

нөмірі кепілдік талонда көрсетілген моделі мен нөміірне 

сәйкес келуі тиіс.

Маңызды ақпарат

• 

Wi-Fi логотипі Wi-Fi Alliance сертификатталған белгісі 

болып табылады. 

• 

Осы құжатта аталатын басқа тауар белгілері, компа

-

ниялардың, өнімдер мен сервистердің атаулары тек 

олардың иелеріне ғана тиесілі.

• 

Біз өз бұйымдарымыз бен қызметтерімізді жетіл

-

діруге бар күшімізді саламыз және осы бұйымның 

сипаттамасы мен оның бағдарламалық қамтымын, 

сондай-ақ пайдаланушы нұсқаулығын қайта қарауға 

және оларға бұл туралы хабарлаусыз өзгерістер 

енгізуге құқылымыз.

• 

Бұл пайдалану нұсқаулығы осы телефонның қаси

-

еттерін растау үшін емес, оның мүмкіндіктерін жақ

-

сырақ пайдалану үшін арналған. Осы нұсқаулықта 

көрсетілген барлық суреттер  тек анықтамалар үшін 

арналған. Телефонның және пернелердің сыртқы 

келбеті, сондай-ақ осы нұсқаулықта келтірілген 

ақпараттың ішіндегілері сіздің телефондағы ақпа

-

раттан шамалы өзгешелеу болуы мүмкін не. Оларды 

тікелей өз телефоныңыздан анықтап алуға болады. 

Осы нұсқаулықта қарастырылатын кейбір қасиеттер 

желіге немесе жазылымға байланысты болады. Өз 

қызмет көрсетушіңізге жүгінуіңізді өтінеміз.

• 

Құжат алдын ала хабарлаусыз өзгертілуі мүмкін 

шығарылған кездегі ағымдағы ақпараттан тұрады. 

Құжатты дайындау кезінде ақпараттың шынай

-

ылығын қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерімізді 

салдық, алайда осы құжатта келтірілген барлық 

пайымдаулар, мәліметтер мен ұсыныстар айқын 

көрсетілген немесе тұспалданған (шынайылықтың 

немесе дұрыстығының) кепілдігі болып табылады.

• 

Нұсқаулықтағы сипаттамасы мен құрылғының 

шын мәніндегі функцияларында бағдарламалық 

қамтым нұсқасына қарай біршама айырмашылықтар 

байқалуы мүмкін.

• 

Құрылғы тараптық тұлғалармен құрылғыда 

пайдалану үшін ұсынылатын қосымшалар мен 

бағдарламалық қамтымды («Тараптық тұлғалардың 

қосымшалары») қоса алғандағы деректерді қамтуы 

мүмкін. Бұл құрылғыдағы үшінші тараптардың бар

-

лық қосымшалары қандай да бір кепілдемелік, тура 

немесе жанама, оның ішінде, белгілі бір пайдалану 

үшін, авторлық құқықтарды бұзбай басқа деректер 

мен қосымшалармен үйлесімді тауар кепілдігінсіз, 

«қалай берілсе солай» ұсынылады.

• 

Өндіруші компания зияткерлік меншік құқықта

-

рын сақтауды есеп ала отырып ұялы құрылғылар 

өндірушісіне жүктелетін барлық міндеттемелерді 

орындады. Өндіруші компания осы құрылғыда 

қосымшалары пайдаланылатын үшінші тұлғалардың 

банкроттығы немесе ауқатсыздығы үшін жауап 

бермейді.

• 

Өндіруші компания тараптық тұлғалардың қосым

-

шаларын пайдалану немесе пайдалануға тырысу 

нәтижесінде туындайтын шағымдар, талап арыздар 

немесе қандай да бір өзге іс-әрекеттер үшін жауап 

бермейді. Сонымен қатар, қазіргі кезде өндіруші ком

-

паниямен тегін ұсынылатын тараптық тұлғалардың 

қосымшалары болашақта ақылы хабарландырулар

-

ды таллап етуі мүмкін; өндіруші компания алдағы 

уақытта сатыпалушыларға келтірілуі мүмкін қосымша 

шығындарға қатысты жауапкершіліктен бас тартады.

• 

Қосымшалардың болуы құрылғы пайдаланылатын 

елге байланысты өзгертілуі мүмкін. Ешбір жағдайда 

өндіруші компания аталған құрылғының қолжетімді 

қосымшалары мен бағдарламалық қамтымы, бір 

немесе бірнеше қосымшаның болмауы және аталған 

қосымшаларды жоюдан кейін туындауы мүмкін қан

-

дай да бір салдары  үшін сатып алушының алдында 

жауап бермейді.

Полезные видео

Характеристики

Оцените статью
tehnopanorama.ru
Остались вопросы?

Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)

Задать вопрос

Часто задаваемые вопросы
Как посмотреть инструкцию к Vertex Impress Easy?
Необходимо подождать полной загрузки инструкции в сером окне на данной странице
Руководство на русском языке?
Все наши руководства представлены на русском языке или схематично, поэтому вы без труда сможете разобраться с вашей моделью
Как скопировать текст из PDF?
Чтобы скопировать текст со страницы инструкции воспользуйтесь вкладкой "HTML"