LG G4 H818 Black - Инструкция по эксплуатации - Страница 20

Смартфоны LG G4 H818 Black - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.

Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.

"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.
Страница:
/ 34
Загружаем инструкцию
background image

2

LG G4 өнім бетіне қош келдіңіз!

Түрлі түсті үлкен және анық дисплейі мен жарығы 
аз ортада да ашық суреттерді жылдам түсіретін 
камерасы бар LG G4 телефонын сатып алғаныңыз 
үшін алғысымызды білдіреміз. 
LG G4 үлгісімен мобильді құрылғының жаңа 
деңгейін қолдану.
Кереметті көру, Кереметті сезу!

Телефонды қосу

Жаңа телефонды көруді бастау алдында оны 
теңшеу керек. 

Қуат/құлыптау пернесі

 бірнеше 

секунд басып тұрыңыз.

Қосымша ақпарат

Пайдаланушы нұсқаулығы мен қосымша ақпаратты 
қарау үшін 

www.lg.com

 торабына кіріңіз.

Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар

Осы қарапайым нұсқауларды оқыңыз. Осы нұсқауларды орындамау қауіпті 
немесе заңсыз болуы мүмкін. 
Қате шыққан кезде, құрылғы құрамындағы бағдарламалық құрал қателер 
журналын жинайды. Бұл құрал сигнал күші, кенеттен үзіліп кеткен кездегі ұялы 
идентификатор орны және жүктелген қосымшалар сияқты қатеге қатысты 
деректерді ғана жинайды. Журнал қатенің себебін анықтауға көмектесу үшін ғана 
пайдаланылады. Бұл журналдар шифрланған және құрылғыңызды жөндеуге 
алып барғаныңызда ғана оларды өкілетті LG қызмет көрсету орталығы аша 
алады.

Радио жиілігі қуатының әсері

Радиотолқын әсері және меншікті сіңіру коэффициенті (МСК) туралы ақпарат. 
Бұл LG-H818P қалта телефон үлгісі радиотолқын әсеріне қатысты қауіпсіздік 
талаптарына сәйкес жасалған. Бұл талаптар жасы мен денсаулық жағдайына 
қарамастан, барлық пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, 
қауіпсіздік шегін қамтитын ғылыми нұсқауларға негізделген.
•  Радиотолқын әсері нұсқаулары үшін меншікті сіңіру коэффициенті (МСК) деп 

аталатын шама бірлігі қолданылады. МСК сынақтары стандартты әдістер 
бойынша барлық пайдаланыстағы жиілік жолақтарындағы ең жоғарғы рұқсат 
етілген қуат деңгейінде телефоннан сигнал жіберу арқылы жүргізіледі.

•  Әртүрлі LG телефон үлгілерінің МСК деңгейлері арасында айырмашылықтар 

болса да, олардың барлығы радиотолқындар әсері бойынша керекті 
нұсқауларға сәйкес келетін етіп жобаланған.

•  Иондамайтын сәулеленуден қорғаудың халықаралық комиссиясы (ИСҚХК) 

ұсынған SAR шектеуінің орташа мәні – 10 г-нан астам ұлпада 2 Вт/кг.

•  Осы телефон үлгісінің сыналған ең жоғары МСК мәні құлақтың жанында — 

0,542 Вт/кг (10 г), ал денеде тасып жүргенде — 0,453 Вт/кг (10 г).

•  Бұл құрылғы қалыпты күйде құлақтың жанында пайдаланғанда немесе киімнен 

кем дегенде 1,5 см қашықтықта орналасқанда ЖҚ әсері бойынша керекті 
нұсқауларға сәйкес келеді. Қапты белдік немесе ұстағыш ретінде денеде 
ілгенде, оның құрамында металл болмау керек және өнімді киімнен кемінде 
1,5 см қашықтықта ұстау керек. Деректер файлдарын немесе хабарларды 
тасымалдау үшін, бұл құрылғы сапалы желі байланысын қажет етеді. 
Кейбір жағдайларда, деректер файлдарын немесе хабарларды тасымалдау 
осындай байланыс қол жетімді болмайынша кешігуі мүмкін. Тасымалдау 
аяқталмайынша, жоғарыда айтылған ара қашықтық туралы нұсқаулықтары 
орындалатынын тексеріңіз.

Өнімге күтім және техникалық қызмет көрсету

 

АБАЙЛАҢЫЗ

Әрдайым осы телефон үлгісі үшін түпнұсқалы LG батареяларын, 
зарядтағышын және қосымша құралдарын пайдаланыңыз. Басқа 
түрлерін пайдалану телефон мақұлдауын немесе кепілдігін жарамсыз 
етуі және қауіпті болуы мүмкін.

•  Бұл құрылғыны бөлшектеуге болмайды. Жөндеу жұмысы қажет болғанда, 

құрылғыны білікті техникалық маманға апарыңыз.

•  Кепілдікке жататын жөндеулерге LG компаниясының ұйғаруымен бөлшектерді 

немесе панельдерді жаңасымен не жөнделгенімен ауыстыру жұмыстары 
кіруі мүмкін. Бөлшектердің функциясы ауыстырылатын бөлшекпен бірдей 
болу керек.

•  Теледидар, радио және компьютер сияқты электр жабдықтарынан алшақ 

жерде ұстаңыз.

Полезные видео

Характеристики

Оцените статью
tehnopanorama.ru
Остались вопросы?

Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)

Задать вопрос

Часто задаваемые вопросы
Как посмотреть инструкцию к LG G4 H818 Black?
Необходимо подождать полной загрузки инструкции в сером окне на данной странице
Руководство на русском языке?
Все наши руководства представлены на русском языке или схематично, поэтому вы без труда сможете разобраться с вашей моделью
Как скопировать текст из PDF?
Чтобы скопировать текст со страницы инструкции воспользуйтесь вкладкой "HTML"