Роботы-пылесосы Samsung VR20R7260WC - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

ҚАЗАҚША
07
f
Зарядтау блогын орнатқан кезде, қуат сымын еден
үстінде қараусыз қалдырмаңыз, себебі POWERbot
оған шалынысып қалуы мүмкін.
f
POWERbot шаңсорғышты қара бояумен сырланған
еденде пайдаланбаңыз.
–
Мұндай жағдайда POWERbot шаңсорғыш дұрыс
жұмыс істей алмауы мүмкін.
f
Зарядтау блогының екі жағынан 0,5 м жерге және
алдыңғы жағынан 1 м жерге ешқандай заттар
қоймаңыз.
f
Зарядтау блогының зарядтағыш түйіспесінің
бүлінбегеніне және үстінде ешқандай бөгде
заттардың жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
f
Зарядтау блогын қара түсті едені бар жерге
орнатпаңыз.
–
Егер зарядтау блогының айналасындағы еден қара
болса, зарядтау баяулайды.
f
Тазалар алдында POWERbot's шаңсорғыштың
қозғалуына бөгет болуы мүмкін кедергілерді
(балалардың үйдегі әткеншегі немесе шанасы
сияқты) алып тастаңыз.
f
POWERbot шаңсорғышының бұрылу радиусынан
тарырақ жерлерде (0,5 м немесе одан кем)
POWERbot шаңсорғышын пайдаланбаңыз.
f
Үйіңіздің барлық жерлерін тазалау үшін барлық
бөлмелерді ашып қойыңыз да, сыртқы есік,
веранда. жуынатын бөлме мен басқыш сияқты,
POWERbot бүлінуі мүмкін жерлерге қауіпсіздік
мақсатында межелік белгілерді жапсырыңыз.
f
POWERbot кептеліп қалуы мүмкін өте аласа
жерлерге POWERbot шаңсорғышының кіріп кетуіне
жол бермеу үшін межелік белгілерді жапсырыңыз.
f
Шөтке және шөткенің қақпағын дұрыс орнатпаса,
еденде сызат пайда болуы не құрылғы дұрыс
жұмыс істемеуі мүмкін.
f
POWERbot іске қосу алдында, POWERbot ешбір
кедергісіз жұмыс істеуі үшін сынып қалуы мүмкін
айна, фарфор тәрізді заттарды алыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ
Қолдану барысында
f
POWERbot шаңсорғышын қалың кілем үстінде
пайдаланса, POWERbot шаңсорғышқа және кілемге
нұқсан келуі мүмкін.
–
POWERbot шаңсорғыш қалыңдығы 1 см-ден артық
кілемнен өте алмайды.
f
POWERbot шаңсорғышты үстелдің үстінде немесе
басқа биік жерде қолданбаңыз.
–
Егер ол құлап кетсе, бұзылып қалуы мүмкін.
f
POWERbot шаңсорғыш орындыққа, үстелдің
аяқтарына соғылып қалуы мүмкін, сондықтан тез
әрі тиімді тазалау үшін оларды әрі қойыңыз.
f
POWERbot шаңсорғыш робот жұмыс істеп тұрғанда,
оны көтеруге немесе басқа жерге апаруға болмайды.
f
POWERbot шаңсорғышты басқа жерге апарған кезде,
оның қозғалтқыш доңғалақтарынан ұстамаңыз.
f
POWERbot шаңсорғышы мен камераның үстіне
ешбір зат қоймаңыз, себебі дұрыс жұмыс
істемеуіне себеп болуы мүмкін.
f
POWERbot шаңсорғышты пайдалану кезінде
кез келген үлкен қағаздарды немесе пластик
қапшықтарды дереу алып тастаңыз, себебі олар
ұңғыны бітеп тастауы мүмкін.
f
Қызыл нұсқағышты адамдарға немесе
жануарларға тура бағыттамаңыз.
f
POWERBOT шаңсорғышы жұмыс істеп тұрған
аймақта жатуға болмайды.
–
Шөткеге шашыңыз қыстырылып қалып, жарақат
алуыңыз мүмкін.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ
Тазалау және күтіп
ұстау
f
Төмендегі талаптарды орындап, POWERbot
шаңсорғыштың бұзылуына жол бермеңіз.
–
POWERbot шаңсорғышқа тура су шашып тазалауға
немесе оны тазалау үшін бензол, сұйылтқыш, ацетон
немесе спиртті пайдалануға болмайды.
f
POWERbot шаңсорғышын бөлшектемеңіз немесе
жөндемеңіз. Мұны тек білікті техник маман іске
асыруға тиіс.
f
Кедергі датчигін, еңісті сезгіш датчик пен
камераны әрқашан таза ұстаңыз.
–
Егер бөгде заттар жиналса, сенсорлар дұрыс жұмыс
істемеуі мүмкін.
3_VR7200_KK_DJ68-00827K-00_CIS.indd 7
2019-05-02 오후 4:04:40