Роботы-пылесосы Scarlett SC-VC80RW01 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

IM022
27 SC-VC80RW01
ШАҢ ЖИНАУҒА АРНАЛҒАН КОНТЕЙНЕРДІ ТАЗАЛАУ
Қақпақты ашу тұтқасынан тарта отырып, шаңсорғыштың қақпасын ашыңыз.
Шаңсорғыштан сауытты алып шығыңыз.
Қақпақтағы ойықтан ұстап, қақпақты өзіңізге қарай тарта отырып сауыттың қақпағын ашыңыз.
Сүзгіні алып шығыңыз.
Шаң жинауға арналған сауыттан қоқысты шығарыңыз.
Шаң жинауға арналған сауытты шүмектен аққан суға жуыңыз. Сауытты кір жуғыш машинада,
ыдыс жуғыш машинада немесе соларға ұқсас құрылғыларда жууға болмайды
Сүзгіні жұмсақ тіс шөткесінің көмегімен мезгіл-мезгіл тазалап тұрыңыз.
Кепкеннен кейін сүзгіні қайтадан орнатыңыз да, шаң жинауға арналған сауыттың қақпағын
жабыңыз.
ЕСКЕРТУ
Шаңсорғыш үнемі пайдаланылған жағдайда ауа соратын саңылаудың айналасында шаң мен кір
жиналуы мүмкін. Жұмысы барынша нәтижелі болып, ауа біркелкі сорылуын қамтамасыз ету үшін
сол саңылауды мезгіл-мезгіл тазалап отырыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Тазалағаннан кейін әр кез сауытты міндетті түрде тазартыңыз.
Сүзгі орнатылмаған болса, сондай-ақ сүзгі бүлінген немесе ластанған болса, аспапты ешқашан
да қолдануға болмайды. Ондай жағдайда пайдалансаңыз, қозғалтқышқа шаң түседі де,
құрылғының бұзылуына әкеледі
Егер сауыт "MAX" белгісіне дейін толы болса, аспапты пайдалануға болмайды. Сауыт толып
кеткен кезде, лас ауа шаңсорғыштың сүзгісін бітеп, соның нәтижесінде қозғалтқыш асқын қызып
кетеді де, істен шығады.
Аспапты құрылыс қоқысын (цемент, әк, сылақ, металл жоңқа және т.с.с.) жинау үшін пайдалануға
болмайды.Ондай ұсақ заттар қозғалтқыштың бұзылуына әкеледі
Шаңсорғыштың бөлшектерін ыдыс жуғыш немесе кір жуғыш машинада жууға болмайды
БАТАРЕЯНЫ ТАСТАУ
Батареяны қоқысқа тастардан бұрын оны аспаптан шығарып алу керек.
Шашты сирететін пышақты тартып шығару үшін сиреткіш пышақты шығаруға арналған
түймені жылжытыңыз.
САҚТАЛУЫ
«ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ» тарауының барлық талаптарын орындаңыз.
Аспапты құрғақ әрі салқын жерде немесе қорапта сақтаңыз.
АҚАУЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖӨНДЕУДІҢ ЫҚТИМАЛ ТӘСІЛДЕРІ
Егер жоғарыда келтірілген нұсқаулар ақаулықты түзетуге көмектеспесе, қосу түймесін басып
ұстап тұру арқылы робот-шаңсорғышты қайтадан іске қосыңыз.
Характеристики
Остались вопросы?Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)