Роботы-пылесосы Hyundai H-VCRS03 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

24.
Аспапты паузаға қойып, жұмысты қайта жалғастыру үшін осы режимді пайдаланыңыз.
Бағыттау батырмасы
Бұл батырмалар шаңсорғыш қозғалысын қолмен басқаруға мүмкіндік береді. Ол үшін
нұсқардың тиісті бағытын таңдаңыз.
Жинауды бастауды теңшеу режимі
«Кестені қосу» батырмасын басыңыз, жинауды бастау уақытын орнату үшін кесте
парағын енгізіңіз.
Қажетті уақытты таңдаңыз және оны сақтаңыз.
Жоғарғы оң жақ бұрышта «Сақтау» батырмасын басыңыз.
Кестені жою үшін, "√" батырмасын басыңыз.
Жұмысы
Жұмысты бастау үшін аспаптағы
іске қосу батырмасын басыңыз, аспап автоматты
түрде іске қосылады және күту режиміне көшеді. Егер батырманы 3 секундтан артық
басып тұрсаңыз, аспап жұмысты автоматты режимде бастайды.
Егер аспап күту режимінде 5 минуттан артық тұрса, ол автоматты түрде сөнеді.
Аспапты мәжбүрлеп іске қосу үшін іске қосу батырмасын тағы бір рет басыңыз.
Аспапты зарядталуға базаға жіберу үшін аспаптағы
базаға оралу батырмасын
басыңыз.
Белгілі бір аймақты жинауға арналған магнит шектегіш
Шаңсорғыш жиналуы қажет емес аймаққа кірмес үшін магнит шектегішті бөлменің
табалдырығына немесе жинауды керек етпейтін учаскенің алдына қоюға болады.
Тазалау және күтіп ұстау
ЕСКЕРТУ! Аспапты күтіп ұстау бойынша кез келген жұмысты тек ол өшірулі және электр
желісінен ажыратулы тұрғанда ғана іске асыруға болады!
Қажет болған жағдайда корпусын дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
Тек шаң жинауға арналған сауытты ғана суға жууға болады. Аспаптың өзін, сүзгілерді,
суға немесе кез келген басқа сұйықтыққа матыруға болмайды. Шаң жинауға арналған
сауытты орнына қоюярдан бұрын аспаптың барлық бөліктерінің құрғақ екеніне көз
жеткізіңіз.
Шаңсорғыштың ешқандай бөлшектері мен керек-жарақтары кір жуғыш немесе ыдыс
жуғыш машинада жууға жарамайды!
Аспапты тазалаған кезде жеміргіш немесе түрпілі құралдарды пайдалануға болмайды.
Олар оның беткі қабатын бүлдіруі мүмкін.